Міндеті: • Қоршаған орта объектілеріне микробилогиялық зерттеу жүргізу • Микробиологияқ көрсеткіштер нормативін жасау • Сыртқы орта объектілерін сауықтандыру шараларын жасау және олардың орындалуына бақылау жүргізу.
Санитариялық-микробиологиялық зерттеулерді жүргізудің принциптері мен әдістері.
Үлгілер әрбір зерттелетін объект үшін регламенттелген барлық шарттарды сақтай отырып алынады. Зерттеулер жылдам орындалады; материалды тоңазытқышта 6-8 сағаттан артық емес сақтауға рұқсат етіледі. Объективті нәтижелерді алу үшін объектінің әртүрлі бөліктерінен бірнеше үлгілер алынады, сонымен қатар сынамаларды қайталап алу және талдау жүргізіледі. Санитарлық микробиология әдістеріМикроскопиялық бактериологиялық. Биологиялық (негізінен токсиндерді анықтау үшін) Микологиялық Вирусологиялық. Санитарлық-микробиологиялық зерттеулер жүргізу мыналарға бағытталған: Зерттелетін объектінің жалпы микробтық санын (ТМК) анықтау; Зерттелетін объектідегі санитарлық индикативті микроорганизмдерді (СПМ) анықтау және титрлеу; Зерттелетін объектілерде патогенді микроорганизмдерді анықтау. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдер, олардың сипаттамасы. Санитарлық-көрсеткіштік микроорганизмдерге қойылатын негізгі талаптар.
Инфекциялық аурулар қоздырғыштарының таратушысы адамдар мен жануарлар болып табылады. Олардан қоршаған ортаға микроорганизмдер ауа-тамшысы және нәжісі арқылы көп мөлшерде бөлінеді. Қоршаған орта нысандарында қауіпті микроорганизмдердің барын немесе жоқ екендігін санитарлық-микробиологиялық зерттеу жүргізу арқылы айқындау қажет. Қоршаған орта объектілерінен инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тікелей анықтауға арналған көптеген әдістер (тікелей, жеделдетілген және сандық) әзірленген.