Санитарлық-гигиеналық зертхананың жұмысын реттейтін негізгі талаптар келесі ережелер болып табылады
Зертхана бақылаудағы өңір халқының санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді практикалық шешу қажеттілігіне негізделген зерттеулер тізбесін орындауға аккредиттелуі тиіс.
Зертханада оның аккредиттеу саласымен анықталған зертханалық зерттеулер жүргізуді ұйымдастырудың мамандандырылған көпфункционалды жүйесі болуы тиіс.
Зертханада жүргізілетін зерттеулердің сапасын оларды орындаудың барлық кезеңдері мен деңгейлерінде қамтамасыз етудің біріздендірілген жүйесі қабылдануға тиіс.