7. Адам ағзасының биоорталарындағы ксенобиотиктерді сапалық және сандық анықтау.
8. Қоршаған ортаның ластануы кезінде халықтың денсаулығына қауіп-қатерді бағалау және әлеуметтік-гигиеналық мониторинг саласындағы жұмыстарды зертханалық қамтамасыз ету.
9. Санитариялық-эпидемиологиялық сипаттағы салдары бар төтенше жағдайларда кешенді зерттеулерді орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.
Зертхана өз қызметінде оның қызмет саласына сәйкес келетін әдістер мен рәсімдерді пайдалануы тиіс. Оларға сынамалардың үлгілерін іріктеу, олармен жұмыс істеу, тасымалдау, сақтау, оларды зерттеуге дайындау, зерттеулерді орындау, зерттеу қателіктерін бағалау, зерттеу нәтижелерін талдаудың статистикалық әдістері жатады. Зертхананың нақты жағдайларында зерттеу әдістерін пайдаланудың жарамдылығын бағалауға оларды мақсатты қолдану мүмкіндігін көрсететін бақылау зерттеулерін орындау негізінде қол жеткізіледі. Мұндай эксперименттік зерттеулердің нәтижелері ресми түрде тіркелуі керек.