4.1.1. Зертхананың әрбір қызметкерінің өзіне бекітілген жұмыс орны болуы тиіс. Жұмыс басталар алдында жеке шкафтарда сақталатын арнайы киімді сыртқы киіммен бөлек кию керек. Қорғаныш костюмінің түрі және оны ауыстыру жиілігі орындалатын жұмыстың сипатына қарай айқындалады.
4.1.2. Жанғыш сұйықтықтарды 100° дейін жылыту су ванналарында жүргізілуі керек. Тез тұтанатын сұйықтығы бар колбаны алдын ала біртіндеп қыздырусыз ыстық суға түсіруге тыйым салынады. Тез тұтанатын сұйықтықтарды 100° жоғары қыздыру майлы ванналарда жүргізіледі, бұл ретте ванналардың температурасы қыздырылатын сұйықтықтың өздігінен тұтану температурасынан аспауы тиіс.