Сапа пирамидасы


Лекция 12-13. Бақылау карталары



бет13/23
Дата23.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#24206
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Сапа жүйесінен дәрістер

Лекция 12-13. Бақылау карталары

Сапаны бақылаудың стаистикалық әдістеріндегі негізгі құрал бақылау карталары болып табылады. Бақылау карталарының идеясы американдық Уолтер Л. Шухартқа тиесілі деп саналады. Ол 1924 жылы айтылып, 1931 жылы толықтай сипатталды. Басында бақылау карталары өнімнің талап етілген қасиеттерін өлшеу нәтижелерін тіркеу үшін қолданылған болатын. Көрсеткіштің шектен тыс шығуы өндірісті тоқтату және мамандардың, өндіріс басшыларының біліктіліктеріне сәйкес процессті жетілдіру керектігін көрсететін.

Бұл кімнің қашан және қандай жабдықтарда жарамсыз бұйым шығарғаны туралы ақпарат беретін.

Алайда, мұндай жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы шешім жарамсыз бұйым шыққаннан кейін ғана қабылданатын. Сондықтан, ретроспективті зерттеу туралы ғана емес, шешім қабылдау кезінде керекті ақпаратты жинақтайтын процедура табу керек болды. Бұл ұсынысты 1954 жылы американдық статистик И. Пейдж жариялаған болатын. Шешім қабылдау кезінде қолданылатын карталар кумулятивті деп аталады.

Бақылау картасы (3.5 сурет) процесс жағдайын айқындайтын орталық сызықтан, екі бақылаушы шектен (орталық сызықтың асты мен үстінде) және көрсеткіштер мәнінен (сапа көрсеткіші) тұрады. Белгілі уақытта дайындалған өнімдердің n таңдап, бақыланатын параметрді өлшейді.

Өлшеу нәтижелерін бақылау картасына енгізеді және ол бойынша процесске жөндеу жұмыстарын енгізу немесе процессті жөндеу жұмыстарынсыз жалғастыру туралы шешім қабылданады.

Технологиялық процесстің бұзылу қаупінің дабылы болып:


  1. нүктенің бақылау шегінен шығуы (нүкте 6); (процесс бақылаудан шықты);

  2. реттік нүктелер тобының бір бақылау шектің маңында шектен шықпай орналасуы, (11, 12, 13, 14), мұндай жағдай жабдықтың реттелу деңгейінің бұзылғанын хабарлайды;

  3. нүктелердің орталық сызыққа қатысты қатты шашырауы (15, 16, 17, 18, 19, 20), бұл жағдай технологиялық процесс дәлдігінің төмендеуін хабарлайды.

Өндірістік процесстің бұзылуын хабарлайтын дабыл кезінде бұзылу себептері анықталып жойылуы керек.

Осылайша, бақылау карталары ақаулардың кездейсоқ емес, керісінше, нақты себептерін анықтауда қолданылады.

Белгілі себептің астарында ақауға әкеп соғатын жағдайлардың болуын ескеру қажет. Мұндай жағдайлардан аулақ болу керек.

Кездейсоқ себептерден туындайтын біртексіздік керек жағдай, технологиялық операция стандартты әдістер мен шикізатты қолданумен жүргізілсе де, ол әрбір процессте кездеседі. Біртексіздіктің кездейсоқ себептерін техникалық немесе экономикалық тұрғыда болсын мүмкін емес.



3.5. сурет Бақылау картасы

Сапаны сипаттайтын көрсеткіштер нәтижелеріне әсер ететін белгілі бір факторды анықтау кезінде , көбінесе, Исикава сұлбасы қолданылады.

Бұл сұлба 1953 жылы инженерлердің әртүрлі пікірлерінің анализі кезінде Токио университетінің профессоры Каору Исикавамен ұсынылған болатын. Исикава сұлбасын себеп-салдар диаграммасы, «балық қаңқасы», және т.б. деп те атайды. Ол факторлық көрсеткіштер мен нәтижені сипаттайтын сапа көрсеткіштерінен тұрады. (3.6 сурет).



3.6. сурет Себеп-салдар диаграммасының құрылысы

Диаграммаларды құрастыру келесі этаптардан тұрады:


  1. Бұйымның немесе процесстің сапасын сипаттайтын нәтижелі көрсеткішті таңдау;

  2. Сапа көрсеткіштеріне әсер ететін негізгі себептерді таңдау. Оларды үшбұрыштардың ішіне орналастыру қажет. ("үлкен сүйектер");

  3. Негізгілерге әсер ететін екінші ретті себептерді таңдау ("ортаңғы сүйектер");

  4. Екінші ретті себептерге әсер ететін үшінші ретті себептерді таңдау ("ұсақ сүйектер");

  5. Мағынасына қарай ең басты факторларды ранжирлеу.

Себеп-салдар диаграммасы әмбебап қолданысқа ие. Осылайша, олар еңбек өнімділігіне әсер ететін басты факторларды табуда қолданылады.

Себептердің азғантай санынан туындаған ақауларға көп мән беріле қоймайды. Осылайша, көптеген ақаулардың алдын алуға болады.

Бұл мәселені Парето диаграммасының көмегімен шешуге болады. Парето диаграммасының екі түрі ажыратылады:

1. Қызмет нәтижесі бойынша. Олар қызметтің кажетсіз нәтижесін және ақаулардың басты себептерін анықтауда қолданылады;

2. Себептері (фактор) бойынша. Олар өндіріс барысында пайда болатын ақаулар себебін анықтайды.

Нәтижелердің әртүрлі классификацияларын пайдалана отырып бірнеше Парето диаграммасын құруға кеңес беріледі. Диаграмманың ең жақсы түрі болып ақауларды тудыратын факторлардың көп түрін анықтайтын диаграмма болып табылады. Бұл Парето диаграммасының мақсаты болып табылады.

Парето диаграммасын құрастыру мынадай кезеңдерден тұрады:

1. Диаграмма түрін таңдау (қызмет нәтижесі бойынша немесе себептер (факторлар) бойынша.

2. Нәтижелердің классификациясы (себептердің). Әрине, кез-келген классификация шартты элементтен тұрады, бірақ бақыланатын өлшемдердің көбі «әртүрлі» жолына түспеуі қажет.

3. Әдіс пен мәліметтерді жинау периодын анықтау.

4. Жинақталатын ақпарат түрлерін тіркеу үшін бақылау парағын құрастыру. Онда мәліметтерді графикалық тіркеу үшін орын қалдыру қажет.

5. Мағынасына сәйкес әр тексерілетін көосеткіштері нәтижесінде алынған мәліметтерді ранжирлеу. Санның үлкендігіне қарамастан «әртүрлі» тобын соңғы жолда орналастыру.



6. Тізбекті диаграмма құрастыру (3.7 сурет).



3.7 сурет. Ақау түрлері мен ақаулы бұйымдар арасындағы байланыс.

Парето диаграммасы мен себеп-салдар диаграммасын байланыстыра құрастыру бірталай қызығушылық тудырады.

Өнім сапасына әсер ететін негізгі факторды анықтау тұтынушылық сапаны сипаттайтын өндірістік сапа көрсеткішін табуға мүмкіндік береді.

Бұл үшін регриссионды анализ қолданысы мүмкін.

Мысалы, аяқ-киімді киюдің әдейілеп жасалған зерттеу нәтижесі бойынша аяқ-киім сапасы (у) екі өзгеретін көрсеткіштен тұратыны: өкшенің жасалған материал тығыздығы г/см3 (х1) мен өкше және аяқ-киімнің жоғарғы бөлігінің қосылған жерінің мықытылығына кг/см2 (х2) байланысты екені анықталды. Бұл факторлардың 84,6% вариациясы нәтижелік сипатының вариациясын түсіндіреді, (жөндеудің көпшілік коэффициенті R = 0,92), ал регрессия теңдеуі мынадай түрде болады:

у = 6,0 + 4,0 * х1 + 12 * х2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет