Сапа пирамидасы


Дәріс 14. Сапаны басқаруға стандарттаудың мәні



бет14/23
Дата23.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#24206
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Сапа жүйесінен дәрістер

Дәріс 14. Сапаны басқаруға стандарттаудың мәні

Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде сапаны басқару стандарттауға негізделеді. Стандарттау басқарудың нормативті әдісі болып табылады. Оның объектіге әсері нормативті құжат түрінде рәсімделген және заңды күшке ие болатын нормалар мен ережелерді бекіту жолымен жүзеге асырылады.

Стандарт – бұл өнім сапасына негізгі талаптарды орнататын нормативті-техникалық құжат.

Сапаны басқаруда техникалық шарттардың да маңызы зор.

Техникалық шарттар – бұл мемлекеттік стандарттармен қоса , олар жоқ кезде өнімнің сапалық көрсеткіштеріне еркін талаптар, сонымен қатар осы құжатқа теңесетірілетін техникалық нұсқау, рецептура, эталон үлгілерін орнататын нормативті-техникалық құжат. Техникалық шарттарда қарастырылатын талаптар мемлекеттік талаптардан төмен болмауы керек.

Өнім сапасын басқару жүйесі кешенді стандарттауға негізделеді.

Стандарттар өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерінде сапаны жақсартудың жоспарлары мен әдістерін анықтайды, өнім сапасын бағалау мен бақылаудың құралдары мен әдістеріне талаптар орнатады. Өнім сапасын басқару мемлекеттік, халықаралық, салалық және кәсіпорын стандарттарына негізделеді.

Мемлекеттік стандарттау қоғам мен нақты тұтынушылар мүдделерін қорғау құралы болып табылады және басқарудың барлық деңгейіне таралады.

ИСО 9000 сериясы тұтынушыға белсенді түрде өнім сапасына әсер етуіне мүмкіндік береді; сапалы өнім шығару процесінде тұтынушының белсенді рөлін болжайтын заңнамалық негізін қамтамасыз етеді.

Біздің елде Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі қалыптасқан, қазіргі кезде оған 29 стандарт кіреді:

ҚР СТ 1.0-2006. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Негізгі ережелер. 

ҚР СТ 1.1-2013. Стандарттау және әр түрлі өндіріс салалары. Терминдер мен анықтамалар.

ҚР СТ 1.2-2013. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Ұлттық және алдан-ала ұлттық стандарттарды әзірлеу тәртібі.

ҚР СТ 1.5-2013. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттарды құрастыру, рәсімдеу және мазмұндауға қойылатын жалпы талаптар.

ҚР СТ1.12-2000. Нормативті текстті құжаттар.Құрастыру, әзірлеу және рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттары:



  1. Өнім, қызмет көрсету сапасына, адам денсаулығының қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау талаптары және техника қауіпсіздігі мен өндірістік санитарияға қойылатын міндетті стандарттар;

  2. Өнімнің өзара байланысы мен алмастыру талаптары;

  3. Өнім сапасы, қызмет көрсету, адам өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау мен өнімдер арасындағы байланыс пен алмастыру талаптарын бақылау;

  4. Өнімнің тұтынушылық және эксплуатациялық қасиеттеріне, қорап, маркирлеу, тасымалдау, сақтау және утилизациялаудың негізгі талаптары;

Кез келген кәсіпорын үшін бакітілген стандарттарды сақтау және сапа жүйесін керекті деңгейде ұстау өте маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет