Қызылорда қаласы №217 Б.Шалғынбаев
атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Бихожаева Камила Ұзақбайқызы
«Ұстаз – әр бір оқушыға ақыл-кеңес айтатын, бақыт жолын
көрсететін, жақсылыққа жол сілтеуші, жанашыр адамның бірі.»
Бастауыш сыныпта оқытудың жаңа педпгогикалық тәсілдерін тиімді қолдау.
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың білім дағдыларын
қалыптастыру. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар
барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген
күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді: Ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
Адамзат ұрпағымен мың жасайды дегендей ұрпақ тәрбиесі қай кезде де халықтық мәселе болған.
Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін халық
педагогикасының негізгі мақсатын шығармашылықпен оқу - тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір
ұстаздың міндеті болып табылады. Сондықтан, ұстаз - мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет
жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа технология негіздері болып
табылады.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі
ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер
қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа
типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-
жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа
технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп,
қолданылуда.
В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың
жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту
технологиясы) «педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен
әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті» – деп түсінік берді.
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол
дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті
187
байланысқан
әдіс-тәсілдер.
Ендеше
педагогикалық
технология
–
оқу-тәрбие
үрдісінің
шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі,
технология – ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың
жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен шығармашылық, педагогикалық
әрекетін ұйымдастыруда қазіргі педагогикалық технологияларды меңгерудің маңызы зор. Оқытудың
жаңа технологиясы дегенде, ең алдымен, педагогикалық технология деген ұғымды түсіну керек. Оқыту,
білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Осыған
байланысты ғылым мен тәжірибеде педагогикалық үрдістің сапасын көтерудің бай тәжірибесі
жинақталған. Технология сөзі / techne - өнер, шығармашылық, logos - ілім /
Педагогикалық технология терминінің анықтамаларын көптеген авторлар өз түсінігі мен өз санасында
қалыптасқан көзқарастарын қалыптастырған:
- «Технология» - қалыпты өзгерту, өңдеу әдістері, өнері, шеберлігі, іскерлігі жөніндегі ғылым
жиынтығы. (В. М. Шепель)
- «Педагогикалық технология» - оқыту, тәрбиелеу құралдары түрлерін, әдістері, тәсілдерін үйлестіретін,
әрі анықтайтын арнайы жинақ, психологиялық – педагогикалық ұстанымдар жиынтығы; (Б. Т. Лихачев)
- «Педагогикалық технология» - жоспарланған оқыту нәтижелеріне жету процесін сипаттау болып
табылады. (И. П. Волков)
- Педагогикалық технологиялардың даму сатыларын жан - жақты қарастырып зерттеген ресейлік
ғалымдар – Ф. А. Фрадкин, Е. Ю. Рогачева, Л. И. Богомолова,
С. И. Мезенцева, Г. Н. Осухова, Л. А. Кирсанова және де т. б. Педагогикалық технология -
педагогикалық мақсатқа жету үшін пайдаланатын барлық дара инструменталдық
және методологиялық құралдардың қолдану ретімен жиынтық жүйесін білдіреді.
Педагогикалық технологияның тиімділігі:
1. Оқушы өздігінен жұмыс істеуге мүмкіндік алады, соған дағдыланады;
2. Оқушының жеке қабілеті анықталады;
3. Іштей бір - бірінен қалмауға тырысып, талпынады;
4. Тапсырмалық күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау, орындау қабілеті артады.
5. өзін - өзі тексеруге дағдыланады.
6. Мұғалім жекелеген оқушыларға көмектесуге мүмкіндік алады.
7. Орындау қабілетіне қарай бағаланады.
Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің баспалдағы. Мұғалімнің негізгі ұстанған мақсаты - білімнің
жаңа үлгісін жасап, белгілі бір көлемдегі білім мен білік дағдыларын меңгерту, оқу мен тәрбие үрдісін
ұйымдастырудың сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды сабаққа тиімді
пайдалана білуі, бір сөзбен айтқанда - оқу үрдісін дамыту. Бұған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың
Қазақстан халқына жолдауында айтылған «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа
тірелетіні анық» деген пікірі нақты дәлел. Бүгінгі білім беру ісінің мақсаты – тек білім, білік дағдыларын
меңгерту ғана емес, өзін - өзі дамытуға ұмтылатын, ақылды, алғыр, ой - өрісі кең, ақпарат көздерін өз
бетімен қолдана алатын, қабілетті де талантты, жастарды тәрбиелеу. Үнемі дамып, өзгеріп отыратын
баланың ішкі болмысы мен табиғатын қалыптастыруда мұғалімнің ықпалы ерекше.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа
оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің
басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының,
тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп,
ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды»
Жаңа технология түрлерін информатика пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының
шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының
қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
188
Жаңа технологияны жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында
отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат - мүддесіне
байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім
белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін
бағалауы ерекше орын алады.
Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялар айтарлықтай ықпал жасайтыны
сөзсіз және бұл қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Сондықтан да болар
қазіргі кезде біздің ұстаздар да осы жаңа технологиялар элементтерін өздерінің тәжірибелерінде
пайдаланып жүр. Қысқаша осы технологияларға шолу жасайық
Жаңа педагогикалық технология мақсаты – оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың
өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері
өте көп
Информатиканы оқытуда жаңа технология түрлерінің міндеті және қолдану мақсаттары төмендегідей
ұсынылады:
Жалпы
алғанда,
жаңа
технологиялардың
40
-
астам
түрлері
бар.
Модульдік
оқыту
технологиясы
Модуль – белгілі бір жүйенің өзіндік бөлшегі (С. И. Ожегов). Модульдік оқыту технологиясының
ерекшелігі – тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және
танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, тұлғаның қажеттілігін қанағыттандыруға белсенді сөздік қорын
дамытуға бағытталуы. Бұл технология тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым
мәліметтеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту
ерекшеліктеріне негізделген.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын
түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі
қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту – мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді
туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың
ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Информатиканы оқытуда тәжірибені шыңдай түсуде көп
жеңілдік ашқан технологиялардың бірі – осы технология. Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай
ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
-топтық жұмыс;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Топтық жұмыс кезінде сызба-кесте көрнекілік.
Түсіндіре баяндау арқылы тірек желілерін келешекті оза оқыту. Бұл технологияда С.Н.Лысенкова
бойынша материалды меңгеру үш кезеңнен тұрады:- алдынала даярлық;- жаңа ұғымдарды дәлелдеу,
оларды жинақтау, қолдану;- оқу іс-әрекеті және ойлау сақтауға мүмкіндік береді.
189
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін
қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты,
топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-
психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын
меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға
мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі
деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту технологиясы.Жекелеп оқыту – оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен
үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың
басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай
бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Оқытудың ұжымдық әдісі (ОҰӘ). ОҰӘ - оқу процесінде адамдарды өзара және жұптық еңбек
әрекеттерін орындауы.
ОҰӘ принциптері:- жоғары жетістікке талпыну;
- алынған мәліметті бір-біріне лезде кідіріссіз жеткізу;
- оқушылар арасындағы өзара көмек және ынтымақтастық;
- әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмалардың әр түрлілігі;
Топтық технология Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі.
Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет
етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиялары. 1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі
мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия,
дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту
бағытындағы оқыту әдісі.
. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу
қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру – қызмет
ойыны, еркін шығармашылық пікірталасы.
Оқытудың негізгі әдісі – одақтасудың сөзбен қарым-қатынасы, кезексөз. Нәтижесін бағалау - өзіндік
бағалау деңгейінде әркімнің қалыпты өсуін сезінуді қамтамасыз ету.
Сонымен жалпылап айтқанда оқу үрдісінде оқушының тұлғасының дамуына, ықпал жасайтын жаңа
технология түріндегі сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:
Жаңа технологияны қолдануда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай,
үлкен ізденіспен, шығармашылыққа жетелеуге де болады. Нәтижесінде оқушы:
Компьютерде еркін жұмыс жасайды;
Оқыту процесінде жаңа технологияларды қолдана отырып білімін шыңдайды;
Жаңа оқыту үрдісін қалыптастырады;
Өздігінен ізденімпаздық қабілеті артады;
Ақпараттық сауаттылығы мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен
жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұпарды есекке айналдырып
құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек. Оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге
болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2. Сабақты түрлендіріп өткізу;
3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
190
Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де заңы” дегеніндей,
оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты
еңбек етуді міндеттейді. Әрине, артқарылған істерұстаздар тарапынан аз емес. Дегенмен, әлі де болса
бізді ойландыратын, толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру,
оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс қабілеттерін
қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған,
зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз дұрыс.Біз ұстаздар
қауымы тек бала оқытып қана қоймаймыз, болашақ ел тұтқасын ұстаз елжанды азаматтар тәрбиелейміз.
Қызылорда қаласы №217
Б.Шалғынбаев атындағы орта мектебінің
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
география пәнінің мұғалімі
Агинов Умиржан Жакенұлы
География сабағында СТО технологиясы стратегияларын.қолданудың тиімділігі.
."Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін,
ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов
ХХІ ғасыр әлемдік ғаламда білім күресі деп қарастыратын болсақ, сол күрестің басында ұлт болашағын
бастайтын ұстаз екені даусыз. Осы тұрғыдан алып қарасақ мемлекет білім саласын басты назарда
ұстауының өзі біз үшін үлкен қүрмет. Ұстаздардың біліктілігін көтеру мақсатында оқытылып жатқан
кембридждік бағдарлама біздің тәжірибеміздің аясын кеңейтіп,тәжірибе алмасуда жарқын жол көрсетіп
отыр. Өзім осы бағдарлама курсын оқымасам да мектебіміздегі І,ІІ деңгейлі ұстаздар өткізген коучинг
сабақтар арқылы тәжірибесімен танысу барысында көп мағлұмат алдым. Осы тәжірибені өзімнің
сабақтарымда қолдануды мақсат етіп жан-жақты ізденудемін.Мұндағы менің басты мақсатым өзім сабақ
беретін оқушының алған білімін өмірде қолдану, ал менің білім көшінен тыс қалмау болмақ. Сонымен
қатар білім мен тәрбиені ұштастыра отырып осы салада жаңаша көзқарас қалыптастыру.
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге
бағыт алуда. Бұл оқу - тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым - қатынас пайда
болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс -
әрекетінің ғылыми - педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл - ой
мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты
міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай
білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын
жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны
ендіруді міндеттейді.[1]
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс
тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар жаңа технологиялар және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында
пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Бұл тығырықтан шығудың бірден - бір жолы оқу - тәрбие процесінде жаңа технолгиялардың әдіс -
тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып,
191
өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Жаңа технологиялық процестің негізі –
жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Жаңашылдық білім деңгейінің
көтерілуіне жағдай туғызады.
Осыған байланысты білім беру сапасы бойынша басты назар адамның алған білімін қолдануына қажетті
және үздіксіз оқуға мүмкіндік беретін біліктер мен дағдыларды қамтитын сапалы білім беру жүйесін
құруға бағытталуы қажет.
Біз ұстаздар қауымы қандай болмасын жаңалыққа құлақ түре жүретініміз айқын. Жаңа технологияларды
сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде
көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірі « сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын
басшылыққа аламын.
География пәнін оқушыларға оқытып үйретуде мұғалім үнемі өзінің ой - өрісін кеңейтуге, біліміне білім
қосуға тиіс және оқытудың жаңа технологияларын меңгеруі қажет.
Педагог – ғалымдар қазіргі кезде қолданып жүрген білім беру технологиясы терминін әр қырынан ашып
көрсетуде. Түсіндірме сөздікте «Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі
амалдардың жиынтығы» делінген.[3]
Б. Лихачев педагогикалық технология оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздейтін педагогикалық ықпал
десе, В. И. Беспалько «Оқу үрдісін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» деген анықтама береді.
М. Кларин «Педагогикалық технология – белгілі мақсатқа қол жеткізу жолында қолданылатын барлық
қисынды ілім, амалдар мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті» деп
жазады.[4]
Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын қалыптастыру мәселесінде белгілі
ғалым Сократтың оқыту үрдісіне көңіл бөлемін. Оқу сапасын арттыру үшін күнделікті сабақта жаңа
технологияларды пайдаланамын.
Осы негізде география пәнін оқытуда «сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолдану тиімді
деп санаймын. Бұл – американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау
дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс – әрекетіне сын тұрғысынан қарауын
жетілдіру деген сөз.
«Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану өз сабақтарымда тиімділігі сол,
оқушылар бұдан өздерін бақылап, талдау жасап үйренеді. Білімді Өз еңбектері арқылы ой елегінен
өткізе отырып,
алады.
Бұл техногияны пайдаланудың тиімді тұстары мыналар:
1. Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
2. Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
4. Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
5. Оқытушының уақытын үнемдейді
6. Қосымша мәліметтер береді.
7. Оқушыларға сенімділік білдіріледі;
8. Талантты, қабілетті балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға
ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.
9. Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді.
СТО технологиясын пайдаланудың мұғалімге де берері мол:
1. Барлық баланы оқыту;
2. Оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектесу;
3. Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқару;
4. Оқушының жеке қабілетін айқындау, іздену;
5. Оқушы үнемі үй тапсырмасын оқып, орындауға дағдыланады.
6. Оқушыда жылдам ойлап шешу әрекетін қалыптастырады.
7. Сұрақтарға қысқа, нақты жауап беруге машықтанады.
8. Сынып оқушыларының білім сапасын неғұрлым тез айқындауға мүмкіндік береді.
9. Оқушының қай тақырыпты меңгере алмағанын анықтауға болады.
Мысалы, 8 – сынып «Табиғат зоналары»
1. Қызығушылығын ояту:
Білім турнирі /сұрақ - жауап/
1. Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зонасы?/ орманды дала /
2. Дала зонасының топырағы?/ қара және қызыл қоңыр/
192
3. Егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылатын табиғат зонасы? /шөлейт/
4. Үстірт, Бетпақдала, Сырдария өзендерінің оңтүстік жағалауында орналасқан сазды зона?/шөл/
2. «Кім тез» ойыны Сөзжұмбақ шешу.
3. А/ Географиялық диктант
1. Өзендері түгелдей дерлік......... суымен толығады...........,............,............. өзендерінің суы халықтың
тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.
2. Қазақстандағы............... дала топырағының............................. жазығындағы............... дала топырағынан
айырмасы -........................ сортаң болып келеді.
3. Дала зонасының өзендерінің деңгейі................
Зонаны..............,............,..............,...............,..................,................,..................,............... және бірнеше шағын
өзендер кесіп өтеді.
4. Шөлейтте......... және............... шаруашылығы басым дамыған. Ойдым - ойдым суармалы
жерлерде..................,.................... өсіріледі.
Әрбір сабақтың қалай өткенін мұғалім кері байланыс арқылы білуге болады.
6. Кері байланыс
1. Мен бүгін не істей алдым
2. Маған қ и ы н болды
3. Мені таң қалдырды
4. Қызықты болды
5. Мен енді істей аламын
Көптеген сыныптарда тақырыптар мазмұнына сәйкес білім бекіту мақсатында мынадай кестені
толтыруға болады:
Не білеміз? Не білгім келеді? Не білдім?
Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны сол баланың өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса,
енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Сын тұрғысынан ойлау – өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан - жақты пікірлесу, талдау жасап отыру,
яғни оқушы санасын сол тақырыпқа байланысты ояту, ой шақыру, ойын жеткізу оны дәлелдей алу.
Сонымен қатар қасындағы оқушының пікірін тыңдау, сол пікірлерді салыстыру.
Бұл технологияның негізгі ұстанымдар: әлсін – әлі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, тіректерді
пайдалану, келіспеушіліктің болмауы, оқушының жетісіктерінің жариялығы, қателерді түзеуге
мүмкіншілік жасау, барлық балалар дарынды, табысқа жетуге жағдай жасау, оқытумен тәрбиенің бірлігі.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту күрделі процесс болып келеді. Сыни ойлау ақпарат алудан басталып,
қаралатын мәселеге байланысты шешім қабылдаудан аяқталады. Сыни ойлау кез – келген жас
аралықтарына тән. Сыни ойлау күрделі үрдіс болғандықтан, оқушыға сыни ойлау ортасын жасау қажет.
Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сыни
тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы: Нақты мақсат қоюға дағдыланады. Өзіне деген сенімі
артады. Оқу процесіне белсенді қатысады. Жолдастарының пікірін сыйлайды. Өзін толғандыратын,
проблемалық сұрақтар қоя біледі. Сараптауға, бағалауға дағдыланады. Пәнге деген қызығушылығы
артады.
Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады.
Қызығушылығын ояту
Мағынаны тану
Ой толғаныс
Оқушының дербес ойлауын дамыту үшін география сабағындағы бұл технологияның тиімділігі бұрынғы
білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін
таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы
шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек. «Қызығушылығын ояту» кезеңінде алдыңғы
өткен тақырыпты тексеру мақсатында тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап,
жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға
болады. Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не
үйретемін?», және «Оқушы үйреніп шығады? деген сұрақтарды есінен шығармауы керек. «Мағынаны
тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап оны «Куббизм» стратегиясы
арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындаған сұрақтарға оқушылар өз
ойларын білдіріп жауап береді. Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой толғаныс. Мұнда «Венн»
диаграммасын қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығымен мен айырмашылығын көрсетуге болады.
Осы кезеңде пікір - сайыс немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат оқушылардың
193
өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың 5 - 6
сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Білім беру мазмұнын жаңарту, оқыту әдістерін жетілдіру оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым -
қатынасын жоғары деңгейде ұйымдастыру секілді міндеттердің қай - қайсысы да әрекетсіз іске аспайды.
Оқу - адамның саналы өміріндегі басты әрекет. Оқу әрекеті мұғалімнің басшылығы арқылы оқушының
сана - сезімін дамытуға бағытталады.
“Әрбір бала - болашақ данышпан» деген ойлы қағидаға мән берсек, яғни табиғи таланттарды ашу, жас
талапкерлердің жарқырап көрінуі үшін мұғалімге жүктелер міндет аз емес. Ол міндет - оқушылардың
шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін, ой - өрісін дамыту үшін аянбай еңбек ету,
оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту.
Осы идеяларды дамыту үшін оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қана отырып, жеке
тұлғаның дамуына қолайлы жағдай жасау, негізгі құндылық - оқушы және оның жеке тұлғасы. Жаңа
технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік рухани, азаматтық, басқа да
көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.. Сын тұрғысынан ойлау әдісі оқытуда дамыту технологиясына
жатады. Бұл илюстративті түсіндірмелі, ішнара іздену, пікір сайыс ойын, шығармашылық, өзін өзі
дамыта оқыту әдістерінің бірі.
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра отырып, оқушылардың жеке, топпен
жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктерін
ашуға бағытталған. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Оқушылардың ауызша, жазбаша
тілін, ойлау есте сақтау қабілеттерін, әрбір ақпаратты сонымен бірге өзінің және басқаның
шығармашылығына сынай қарауы шығармашылық қабілетін дамытады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту арқылы:
– Әр оқушы сабаққа толық қатыстырылып, деңгейін анықтай алады;
– Жеке тұлғаның танымдық белсенділігін арттырады;
– Қызығушылығын оятады;
– Сұрақ қойып, өз ойын еркін айтуға;
– Мазмұнын толық түсінуге жағдай туғызады.
– Әр сабақтарымда осы сын тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту технологиясының элементтерін тиімді
қолданамын. Оқытудың әр түрлі технологиясын қолдану арқылы жеке тұлғаның қоршаған ортаға,
дүниеге өз көзқарасын қалыптастыруға жол ашады. Жеке тұлғаның қиялын дамыту барысында оларды
бақылуға, зерттеуге, ойлауға, сөйлеуге, ойын толық жеткізуге үйретемін.
Білім сапасын арттырудағы жаңа технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым
жасауға болады:
- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа технология түрлері сан алуан, оларды
таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;
- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке
жетуге болады;
- жаңа оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық - техникалық
базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі
жасайды.
Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден - бір шарты - оқу орындарындағы білім
беру процесіне жаңа технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми - техникалық
прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі
пайдалана білу – әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында
жаңаша басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет.
Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты маман
болу мүмкін емес.
Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін – зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани қасиеттерінің
қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу – тәрбие сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Ш ығармашылық жұмысымда аяқтай отырып тәуелсіз еліміздің ұрпақтарын ұлттық
құндылықтарымызды сіңірте отырып
білім нәрімен сусындатуда ұсаздар қауымына,әріптестеріме тек қана шығармашылық жетістіктер
тілеймін.
194
Джакабаева Лиза Омаровна
Достарыңызбен бөлісу: |