Сапасын дамыту жолдары


«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы «ҚР ББЖКБАРИ



Pdf көрінісі
бет21/33
Дата29.12.2016
өлшемі9,25 Mb.
#697
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33

                           «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы «ҚР ББЖКБАРИ 
                            Екінші (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған. 
«Алматы облысының білім басқармасы»мемлекеттік  
мекемесінің Қарасай ауданының 
 «Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын 
 Әл-Фараби атындағы арнаулы гимназиясы» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
 
 
Жаңа технология- іс жүзінде 
 
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз Жолдауында педагогтардың білімін жетілдіруде оқыту 
үдерісіне жаңа әдістемелер мен технологияларды пайдаланудың аса зор қажеттігін баса атап өтті.Осыған 
орай республикамызда ұстаздардың біліктілігін арттыруда Кембридж бағдарламасы жүзеге асуда.  
Кембридж бағдарламасы бойынша, білім беру адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану. 
Білім беру үдерісі білім алушының жүріс-тұрысын,ойлау үдерісін есте сақтау және қабылдауын 
тәжірибеде зерттеген.Білім алу өте күрделі және жеке үдеріс.Бұл жолда адам көп еңбектеніп маңдай 
терін төксе ғана, қандай да бір жетістікке жетеді. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне 
тікелей байланысты. 
Білім саласындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. 
Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға 
тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі 
жаңашылдықты талап етеді. 
Кембридж бағдарламасының негізгі міндеті – ұстаздардың білім біліктілігін арттыру педагогикалық 
тәжірбиесімен ұстаздар арасында өзара бөлісу.Мұғалімнің күнделікті өткізетін сабағы ,қазіргі заман 
талабына сай, әр қилы өзгеріске ұшырап отыруы тиіс.Сабақтың қызықты әрі тартымды өтуі ұстаздың 
шеберлігіне байланысты, егерде мұғалім оқушының қызығушылығын арттыра алмаса, берген білім еш 
нәтиже бермейді. 
Жаңа технологияның басты мақсаты оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасын туғызу, баланы 
оқыта отырып үйрету ойындарын пайдалану оның еркіндігін,белсенділігін дамыту,өз бетінше жұмыс 
жасауға бірін- бірі тыңдауға,топпен жұмыс жасауға,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. 
Мен, өз іс тәжірибемде оқушыларды ұйымдастыруда сыныпта психологиялық атмосфераны 
қалыптастыру бағытында ,түрлі тренингтер өткізуден бастаймын.Сабаққа қатысты түрлі топтастыру 
жүргіземін.Өзімнің іс-тәжірибемде өзгерістер енгізу арқылы өзімді де,оқушыларымды да өзгерте 
алдым.Ең алдымен оқушылармен шаттық шеңбер құру арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтып жақсы 
көңіл-күй сыйлайды, сабақ басталар алдында «алтын ережемізді» еске түсіріп оны сақтауға, бір-бірімізге 
уәде береміз. 
Топтық жұмыс, біріншіден, оқушыларға бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін тудырса, екіншіден, өзгенің 
пікірін тыңдауға,ұйымшылдыққа тәрбиелейді, бірін-бірі оқытуға, бірінен-бірі үйренуге,уақытты 
үнемдеуге жағдай жасайды. 
Біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқытуды» басты назарға аламыз.Бұл әдіс, мұғалім мен оқушы 
арасында, оқушы мен оқушының арасында, өзіндік ой-пікірді жүйелеу ,ойын толық айту амалы 
қарастырылады.Бұл модульді барлық сабақтарымда қолданамын,себебі оқушы мен мұғалім арасында 
диалог жиі болады.Бастауыш сынып оқушылары сабақта тез шаршайды ,сондықтан «мені түсін», 
«жұбыңды тап», «қайталай ғой», «Брейн-ринг», «тірек белгілер» сияқты, оқыта үйрету ойындарын жиі 
қолданамын.Ойын арқылы оқушылар арасында диалог болады.  
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бұл әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын жеткізе алмайтын, 
талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық 
байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын.Сабақ барысында оқушылардың сыни 
тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіру үшін,ой-өрісін дамытуға арналған деңгейлік тапсырмалар беру, 
тіл байлығын жетілдіру, өз ойын мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыландыру. 
Бұрын мұғалім қалай сабақ беріп жүрді. 
1. Тақырып түсіндіреді. 
2. Қазақ тілі бойынша ережелерді түсіндіру. 
3. Тақырып идеясын анықтайды, талдайды. 
4.Дәптерге жаттығу жазу тапсырылады.  

195 
 
5. Мазмұнын айтып береді. 
Топпен жұмыс бойынша өткізілген сабақтар үрдісіндегі өзгерістерді байқадым.Оқушыларымның іс-
әрекеті 
1. Топқа бөліп, ой қозғайды. 
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды. 
3. Тасырмаларды анықтау ұсынылады, зерттеледі. 
4. Шыңға жету мақсатында көптеген тапсырмаларды орындайды. 
5. Ойларын жазуды ұсынады. 
6. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді. 
7. Тұжырымдама жасайды. 
Бағалаудың мақсаты ,әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін қалай өткізу керек 
екендігі туралы түсінігіне негізделеді.Бағалаудың басты мақсаты оқытудың қиындықтарын анықтау, 
тестілер өткізу,өзіндік түзету өткізуге болады.Оқушының білімі және дағдыларын бағалау арқылы 
мұғалімдер олардың болашақта мінез-құлқы мен дамуын болжайды.Оқыту үшін бағалау дегеніміз ,бұл 
білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті 
деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін қолданылатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру 
үдерісі.Бағалаудың нақты түрлері жоқ,сондықтан қалай түрлендіремін десе де, ол – мұғалімнің өз 
шеберлігі.Алғашқы сабақтарда мен оқушыларды бір-бірін «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалауын 
ұсындым.Сигнал таяқшалары арқылы әр топ бірін-бірі бағалауды,бағалау парақтары,бағалау 
критерийлері арқылы бағалауды үйренді.Менің мақсатым өзгені бағалау арқылы немесе өзгенің 
жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып оны келесі сабақта болдырмаудың жолын іздейді.Бұл бағалау 
мұғалімге де өте жеңіл және тиімді. 
Ақпараттық коммуникациялық технология оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың 
қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды 
құрал болып табылады. Ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланатын білікті мұғалім: 
оқушылардың білімдерді меңгеруінің,олардың ақыл-ой қасиеттерін,оқуға деген жағымды қатынасын 
дамытады.Оқушыға бүкіл өміріне жеткілікті білім береді;білімді арттырады. 
Дарынды балаларда болатын ерекшеліктер:пәнге деген қызығушылық өте жоғары деңгейде,құбылыстар 
мен пәндер арасындағы байланысты қабылдай алу және сәйкес тұжырымдар жасайды.Олар сабаққа 
ерекше көңіл күймен келеді.Дарынды оқушы ойын ашық тереңнен жеткізе алса, енді біреулері сурет 
салудан көрінеді. 
Білім беру мен басқару және көшбасшылық Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да 
қабілетті. Білім алуды үйрету, өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісіндегі мұндай 
ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады.Оқушылардың жас 
ерекшеліктеріне сәйкес білім беру Бұл әдістің ерекшелігі-мұғалім бағыт беруші,ол оқушылардың өз 
бетімен тақырыпты меңгеруіне жағдай жасайды.Ал оқушылар ізденуші,зерттеуші ретінде ақпарат 
мағынасын өз бетінше жете түсіне алады, өткен тақырыппен салыстыра отырып, қорытынды жасай 
алады. Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап,өзіндік пікір 
айтуға,саналы шешім қабылдауға бағытталады.Мұғалім-бағыт бағдар беруші, оқушы- ізденуші. 
Осы 7-модульді өз сабақтарыма енгіздім сондағы менің байқағаным топпен жұмыс жасау үрдісі, сын 
тұрғысынан ойлау,бағалауды,оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығаруды 
үйренді. Тақырыптың түсініксіз жерлерін айқындады. Топтастарының сұрақтарына жауап берді. 
Қорытынды шығарады, өз пікірлерін дәлелдейді.Өзара құрмет сезімін тудырды. Басқаның пікірін 
тыңдауға сыйлауға, сөзін бөлмеуге үйренді. 
Өз сабағымда белгіленген мақсатқа жету үшін, күнделікті үлкен жұмыстар 
атқарудамын,оқушыларыммен өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асуда  
Сабақтың соңында тақырыпқа байланысты өз ойларын білдіруді, көкейлеріне не түйді соны қағаз бетіне 
түсіруді үйренді және дағдыға айналды. Ізденудің нәтижесінде бүгінгі заман талабына сай сауатты, 
білімді де, білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке 
бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – мұғалім. Мектеп жұмысы мен 
оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – ұстаз болғандықтан, ал сол ұстаз заман  талабына сай 
болуы үшін - әрқашан ізденуді, білімдерін жетілдіруді, жан-жақты, білікті болуды талап етеді.Ол үшін 
ең бастысы мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек  деп ойлаймын.  
 
 
 
 

196 
 
                                                               
   
                                                    «С. Керімбеков атындағы орта мектеп мектепке                    
                                                            дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық     
                                                            мемлекеттік мекемесі 
                                                     Педагог – психолог 
 Бекеева Маншук Халбаевна 
              
 
 
 
«Қиын бала» және отбасы,мектеп арасындағы қарым-қатынас 
  
        «Қиын  бала»  атанып  ,  отбасында  да,  мектепте  де  қиындық  тудырып  жүрген  балалар  туралы 
айтылып та, жазылып та жүр. Әйтсе де, бұл мәселе әлі  шешімін тапқан жоқ. Өйткені баланың «қиын» 
аталуы азғана уақыттың нәтижесі емес. 
     Әдетте , бала мектепке дейінгі және оқу кезеңдеріндегі өсу,даму эволюциясынан өтеді. Сол кездерде 
жанұядағы  тәрбиеде  кеткен  кемшіліктер  мен  оқу-тәрбие  жұмысындағы  ақаулар  ұштасып,баланың 
қалыпты  жағдайдан  ауытқуына  себепші  болады.Атап  айтқанда,ересектер  тарапынан  баланың  саналы 
деген  талап-тілек,  мұқтаждықтарын  өнегелі  тұрғыдан  ескермеу,олардың  жас  мөлшері  мен  балалық 
психологиясына көңіл бөлмеу сияқты кемшіліктер байқалмай кетіп жатады. 
     А.С. Макаренко: «Тәрбие –баламен сөйлесумен, оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие-
тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі  -өнеге көрсетуінде»,-
деген ғой.Баланы жас кезінен бастап сыйлап,қадір-қасиетін ,ар-намысын бағалап, дұрыс сөйлеп, дұрыс 
қарым-қатынас 
жасаған 
абзал. 
Баланың  айтайын  деген  өтінішін  ,ақылдасқысы  келген  мәселесін  ата-анасы  тыңдап,  ақыл-кеңес  беруі 
керек. 
Ата-ана  отбасындағы  үлкендерді  сыйлап,  құрметтесе  ,кішілерге  қамқор  болса,  бала  да  сондай  болуға 
ұмтылады.Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол екені белгілі. 
       Әсіресе, отбасында қалыптасқан микроклимат (жанұя мүшелерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, үй 
тіршілігін  әрқайсысының  шама-шарқына  қарай  бөлісіп  атқаруы,адамгершілік  қадір-қасиеті,  қоршаған 
ортаға көзқарасы, 
дүниетанымы  ,олардан  алатын  әсерлері  мен  күнделікті  әдет-дағдылары)  баланың  мінез-құлқының 
жақсы,не жаман болып өсуіне ықпал етеді. Өкінішке орай, жанұя біткеннің бәрі бірдей ойдағыдай емес. 
Дұрыс  жанұя  болса  да,  бала  тәрбиесіне  бақылау  жасай  алмай  қалатындары  да  кездеседі.  Біраз 
жанұяларда  мораль  принциптеріне  сай  келмейтін  жағымсыз  қылықтар  орын  алады.  Ендеше  қиын 
баланың  пайда  болуындағы  объективтік  және  субъективтік  факторлар  ретінде  мынадай  себептерді 
айтқан орынды. 
     Біріншіден, білім мен мәдени өресі төмен ата-аналар баласының ішкі жан-дүниесіне үңілмей, 
педагогикалық заңдылыққа сыймайтын талап-тілек қояды,әрі оны сөзсіз орындауын талап етеді. Бұл 
жердегі қателік балаға қойылған талаптың оның жасына, қабілетіне,іскерлігіне , мүмкіндігіне сай келу-
келмеуін ескермеуде. Соның салдарынан бала жанұя ортасында адамгершілік қадір-қасиеттері мен 
эстетикалық сезім- талғамдары, логикалық ой өрісі жағынан өмір талабына сай өріс ала алмайды. Оған 
дәлел, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы бойынша үнемі ұрыс- жанжал, төбелес, бірін – бірі 
жәбірлеу кездесіп тұратын жанұяларда өскен балалардың 40-43 пайызы, ішімдік орын алған ортада 
өскен балалардың 30 пайызы , жезөкшелік пен моральға қайшы әдеттермен айналысатын ата-ана өсірген 
балалардың 12 пайызы «қиын бала» аталады. Оларға тән қасиеттер – дөрекілік, қатыгездік, ұрлық, 
жалқаулық,қиқарлық,тағы басқа жағымсыз мінездер. 
      М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми еңбегінде «жас бала –жас бір шыбық, жас кезінде қай түрде иіп 
тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ» деп түйін жасайды. 
    Қиын балаларды тәрбиелеудегі ұстанымдар. 
Оқушының жан-жақты тәлім-тәрбие алуға ,олардың ішкі қасиеттерін анықтап, дарынын шыңдап,сол 
арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағына жағдай жасауымыз қажет. 
    Оқу-санқырлы рухани өмірдің тек бір ғана құрамды бөлігі.Егер ұжым ішінде идеялық,азаматтық, 
интеллектуалдық, еңбектік,эстетикалық қарым-қатынастар болған жағдайда оқушылар толық мәнді 
рухани өмір сүре алады. 
Тәрбие күшіне ену дегеніміз- өз жұмысына ,ісіне сену.Себебі,нағыз сенім бар жерде ғана,нағыз 

197 
 
талашылдық ,еңбек тәртібі болады.  
Қазіргі жас ұрпақтардың –болашақтағы еліміздің ертеңі болып табылатын балалардың сана-
сезімін,мінез-құлығын,ақыл-ойын дамыту үшін өзін-өзі басқаруды нығайтып,ұжымдық шығармашылық 
істерге дағдыландырудың  тәлім-тәрбиелік маңызы үлкен. 
        Мектепте оқудан тыс уақытта оқушының таңдауына сәйкес келетін,олардың қабілеті мен ішкі 
қажеттілігін қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді ұйымдастыру көзделеді.Соған сай олардың қабілетін 
ашуға  мүмкіндік туғызатын спорт,дене еңбегі,қолөнер,техникалық шығармашылық,т.б.іс-әракетті 
үйрету үйірмелері  мен секциялар ұйымдастырылады.Әр оқушы кез-келген  
үйірмеге  ,секцияға,клубқа  өз  жүрегінің  қалауымен  қатынасып,  өзінің  жеке  басына  тән  қасиетін,яғни 
өзіндік «менін» басқаларға танытуға мүмкіндік алады. 
 
 
   Әсіресе,ұстазбен 
оқушының  өзара  түсіністігі  ,оқушыға  сенім  көрсету,  іс-әрекетке  ерік 
беру,көтермелеу,адамгершілік қасиеттерін танытуда, өзін-өзі тануға,өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай туғызу 
 
             
 
 
       Белгілі ғалым Л.С. Выготский былай деп жазған: «Қызығушылық-бала қылығын итермелеуші күш. 
Баланың  іс-әрекеті  оның  органикалық  қажеттілігімен  сәйкестілігін  көрсететін  инстинктивті  ұмтылыс. 
Тұлғаны қандай да бір іс-әрекетке шақырғыңыз келсе, ең алдымен оның қызығушылығын тудыру қажет. 
Оның сол іс-әрекетке дайын екеніне және оны орындауға барлық күшін бағыттайтынына көз жеткізуге 
керек.  Сонда  ғана  тұлғаның  іс-әрекетті  өз  бетінше  істей  алады,  ал  мұғалім  тек  қана  оның  іс-әрекетін 
басқарып және бағдарлап отырады». 
Ал, мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім 
беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек. 
      Ал  оқушының  оқуға  қызығушылығын  тудыру  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігі  мен  қабілетіне 
байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-
қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады. 
Мінез-құлқында қиыншылығы бар оқушыларды әдетте екі топқа бөліп қарастырады: 
1. Тән кемтарлығы және жан жарақаты бар оқушылар; 
2.  Отбасында,  мектепте  тәрбиелеуден  шет  қалған,  жеке  басын  қалыптастыруда  сыртқы  кері 
факторлардың,  әлеуметтік  жағдайдың  әсері  болған  және  өтпелі  кезеңнің  күрделілігінен  мінезі  дұрыс 
қалыптаспаған оқушылар. 
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктерін теориялық тұрғыда  
Л.С.  Выготский  еңбектерінде  талқыланды,  сондай-ақ  А.С.  Макаренко  тәжірибелерінен  де  үлкен  орын 
алды. 
Бірқатар  қазақстандық  педагог  зерттеушілер  В.Г.  Баженов,  А.  Жұмабаев,  К.А.  Жүкенова,  А.М. 
Карабаева, И.Ф. Назаров, В.А. Парфенов, В.А. Трифонов, В.П. Шевченко, Л.В. Лысенко, Л.К. Керимов 
және  т.б  еңбектерінде  қиын  балалардың  қиқарлық  сияқты  жағымсыз  қасиеттерінің  қалыптасуына 
әлеуметтік-педагогикалық факторлардың әсер ететіндігін зерттеді. 
      Қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты, балаларды заманымызға сай етіп оқытып-тәрбиелеу 
үшін педагогтарға кәсіби және жеке тұлғасына талаптар қойылады (жоғары білімді, іздемпаз, жаңашыл, 

198 
 
креативті және т.б. Педагогтың жұмысы табысты болуы үшін әрбір баланың психологиясын жақсы білуі 
тиіс.  Егер  де  бала  мұғалімнің  тілін  алмай  жатса,  бұл  қиын  бала  деген  жаңсақ  пікір  қалыптасып, 
психологтың  кабинетіне  баруды  нұсқайды.  Бірақта  бұл  жағдайда  бала  мүлдем  қиын  бала  емес  шығар, 
мәселенің  түп  тамыры  педагогтың  өзінің  жеке  басына  қатысты  болуы  мүмкін,  яғни,  педагогтың 
оқушылардың психологиясы туралы ақпараттардың таяздығынан оқушылармен жұмыс істеуде біршама 
қиындықтарға кезігеді. 
     Сондықтан да, кез келген педагог «Қиын бала кім?», «Қандай балаларды қиын балаларға жатқызуға 
болады?»,  «Қиын  балалармен  атқарылатын  жұмыс  түрлері»  және  жалпы  қиын  балалар  туралы 
ақрпараттарды білуге міндетті 
Ол  үшін  педагог  психологпен  бірлескен  іс-әрекетте  жұмыстар  атқарып,  педагогтың  психологиялық 
білімін  жетілдіруі  тиіс.  Жоғарыда  ғалымдардың  зерттеулерінде  айтылып  кеткендей,  қиын  баланың 
пайда болуын отбасы және мектеп тәрбиесімен байланыстырады. Сондықтан қоғам, мектеп және отбасы 
үйлесіп, бірігіп жұмыс істегенде ғана жұмысымыз тиімді болатынына еш күмәнім жоқ. 
 
 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
 
1 . Фатима Бизақова «Психологиялық түзету – дамыту жұмысы» 2013ж 
2 . Ахметжанова Н. Мінез-құлқы қиын балалар / Н. Ахметжанова //Ұлағат  
№ 1, 2001. 
3. « Практическая психология образования» 2007 
                                                           
 
 
 
 
 
 
 
Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы 
                             «№2орта мектепшағын орталығы бар»ММ 
                Мусанова Жанар Маулетқалиқызы 
  
 
Тәлім сөз  -тәрбие құралы 
 
      Қазақ    халқы    бала  тәрбиесіне  өте  көп  көңіл  бөлген.  Баланың    ана  құрсағына  пайда  болуына,  оның 
өмірге  келуіне,  оның      алғашқы  қадамына,  алғаш  жолға  шығуына  арналған  жеке-жеке  әдет  ғұрпымыз, 
жол-жоралғыларымыз бар. 
    Ұрпақ  қамын  ойлау  –бүкіл  қауымға  ортақ  парыз.  Сондықтан  бала  өсіру,  оны  өнер 
білімге,адамгершілікке тәрбиелеу туралы ақылды адамдар мен ата-баба ғақлиялары бүкіл халыққа ортақ. 
    Рас, ерте кезде ондай   ерекше, педагогикалық  қағидалардың  барлығы бірдей қағаз бетіне жазылып, 
арттық-кемі    өңделіп  кітап  болып  шыға  берген  жоқ.  Бірақ  халқымыздың  ғасырлар  бойына  қорланып, 
қомақтала түскен тәлім-тәрбиелік ойлары болған. 
Кімде болса  өзінен жасы үлкендерге жол бер әдептілік көрсет. 
Кімде болса  өзіңмен  жасы кішіге, күш-қуаты төменге мейірімді бол. 
Кемтарларға жәрдем істе, қарайла. 
Ешкімге зұлымдық жасама. 
Хайуанаттарға соқтықпа, ренжітпе. 
Адамның айыбын шын пейілімен  ғана оңашада  өзіне айтып түсіндір. Мүмкін болғанынша  ол адамды 
сол айыпты істен   құтқарып ал, түзу жолға сал. 
Сен сәбисің. Біреуге үйретем дегеннен гөрі, үйренуге одан бір ғибрат алуға тырыс. 
Көпшілік арасында  басқаға  реніш  туғызатын, соқтықпалы сөз айтпа. Ондай іс өте ұят болады.  
 Асты  керегінде ғана және уақытында ішіп үйрен. 
Көшеде, сыныпта отырып аузыңды  асқа толтырып алу әдепсіздік болады. 

199 
 
Көрінген  нәрсенің  бәріне  қызықпа.  Қандай  кітап    оқысаңда  өзіңе    пайдалы,  тағлым  алатын    жерін 
жадыңа тоқып ал. 
Өзіне қарап кісі алма, сөзіне қарап кісі ал. 
Өзіңе зиян келгелі  тұрса да  шындықтан тайма, оның ақыры қайырлы болады. 
Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе  сен, басқаға телмірме. 
Ғылым үйренуден басқа үшін кісіге жалынба. 
Бір жақсы адамды көрсең,соған ұқсауға тырыс. 
Атадан ұл туса игі, 
Ата жолын қуса игі. 
Өзіне келер ұятың, 
   Өзі  біліп  тұрса  игі,  демекші  Төле  би  атамыз,  әр  бала  өз  істеген  қателігін  түсініп  білуі  керек  деп 
ойлаймын. Ата-баба  үмітіне үкі таға отырып, болашақ ұрпақты халық қазынасымен сусындату арқылы 
балалардың бойына адамгершілік,ұлтжандық сезімді қалыптастырады. 
   Сонымен қатар, қазақ халқы өз ұрпағын биікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең –жыр мен әңгіме, ертегі, 
тақпақ, санамақ т.б. арқылы  тәрбиелік мәні бар  сөздер арқылы тәрбиелеп отырған. 
  «Тыңдаушыдан  кетсе  де,  айтушыдан  кетпесін»,  «Ата  мың  жасамайды,  ұрпақ  мың  жасайды»-  дейді. 
Ендеше,  ұсынған  тәрбие  ізгілікке,  имандылыққа,  адамгершілікке,  адалдыққа,  еңбексүйгіштікке, 
ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу екені сөзсіз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ақтөбе қаласы 
Ақжар бастауыш мектебі  
Муталиева Гүлдана Таупихқызы 
 
 
 
                                           
ПӘНІ 
 Әдебиеттік оқу 
            КЛАСЫ  4 
 Муталиева Гүлдана Таупихқызы. 
ТАҚЫРЫП 
   Қауын мен қарбыз 
МАҚСАТЫ 
 
«Қауын мен Қарбыз» ертегісінің мазмұны туралы түсінік  қалыптастыру,  көкөністердің 
адам ағзасына келтірер пайдасын ұғындыру арқылы негізгі идеяны ашу.өзін де өзгені де 
бағалай алуға үйрету арқылы алған білімдерін өмірде қолдана алатын ұрпақ тәрбиелеу. 
 
КҮТІЛЕТІН 
НӘТИЖЕ 
Ертегінің  мазмұнын  түсінеді,көкөністердің  денсаулыққа  пайдалы  екенін  біледі,өзін  де 
өзгені де бағалай алады,алғанбілімдерін өмірде қолдана алады. 
 
 
САБАҚ 
  КЕЗЕҢ/І 
МҰҒАЛІМ ӘРЕКЕТІ 
ОҚУШЫ ӘРЕКЕТІ 
 
 
БАҒАЛАУ 
РЕСУРС 
ТАР 
 

200 
 
к
ір
іс
п
е 
 
Ынтымақтастықатмосфера
сы "жүректен жүрекке" 
1.Топқа 
бөлу.Көкөністердің 
суреттері  бойынша  топқа 
бөлу. 
 
Миға шабуыл 
2.Жұмбақ шештіру. 
Іші жұмсақ,сырты қатты 
Домаланған ала бас 
Етті-секер,сүті-тәтті 
Дәмді шырын даяр ас 
 
 
Олай 
болса 
бүгінгі 
сабағымыздың  тақырыбы  
не деп ойлайсыңдар?  
 
 
Оқушылар 
бір-біріне 
жүрекшені  беру  арқылы 
жылы лебіздерін білдіреді. 
 
Оқушылар 
көкөністердің 
суретін 
таңдап 
топқа 
бөлінеді. 
1-топ Қарбыз 2-топ Қауын 
3-топ Қызанақ 4-топ сәбіз 
 
 
2.Оқушылар 
жұмбақшы 
шешеді. 
 
 
 
Қарбыз Қауын 
 
 
 
 
Көкөніс 
суреттері 
Қарбыз 
қауын 
қызанақ 
сәбіз 
ц
Ж
аң
а 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет