11
САРАСӨЗ
(Әдебиеттану, сын әлемі)
Құлбек еРгӨбек
АЛМАТЫ
«ҚАЗАҚСТАН»
2013
3
УДК 821.512.122.0
ББК 83.(5 Қаз)
Е 65
еРгӨбек Құлбек
е 65 САРАСӨЗ: (Әдебиеттану, сын әлемі). Құлбек Ергөбек.
– Алматы: ЖШС “Қазақ стан” баспа үйі”, 2013. – 572 бет.
ISBN 9965-10-109-4
Қазақ әдебиеттану ғылымы мен сыны кешеден тартып бүгінге
қалыптасу, өсу, өркендеу жолдарынан өтіп жетті. Ол жолда өркенді
өріс те, кері тартқан кеміс-кемшілік те жеткілікті. Сол жолда өткір
жанрдың өрісін кеңейтіп, өркенін өсіріп кемелдендіріп сынғұмыр-
ға айналған тұлғалар қаншама?!
Оқырман жұртшылыққа кеңінен танымал сыншы, ғалым Құл-
бек Ергөбектің «Сарасөз» аталатын кезекті сын кітабы қазақ әде би
сыны, оның жетістік-кемшілігін әділ саралауға, тұлғаларын дара-
лауға арналған жанрлық тақырыптық тұтас дүние. Бірінші бөлім –
«Сын ғұмыр» – әдебиеттанушы, сыншы ғалымдар портреті, «Сын-
тұғыр» – әдебиеттану, сын жанры проблемалары!
Сыншыл сырлы стиль, сындарлы ойдан бас құраған кітап
оқырман көңілінен шығары шүбәсіз.
УДК 821.512.122.0
ББК 83.(5 Қаз)
ISBN
9965-10-109-4
© Ергөбек Қ., 2013
© “Қазақстан” 2013
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
СырлаСу
Сын – әдебиет жанры. Бұл, әрине аксиома.
Сын – мәдениетті жанр. Сын әманда білімге сүйенеді. Тәр
биеге қоса алған білім кісіні мәдениетті етпей тұрмайды. Әде
биеттегі кемшілік, белгілі дәрежеде, мәдениетсіздік. Сыншы әдеби
шығарманы сынағанда одан әдебиет әдебі мен жанр мәдениетін
талап етеді. Жәй талап етпейді. Талантына талантын, біліміне
білімін қарсы қойып сырласады. Сондықтан да сын жанрына
қойылар талап әдебиеттің өзге жанрына қарағанда алабөтен.
Әлде бір әдеби тенденция турасында айтып отырып, өзің мәсе
ленің қойылысына деңгейлесе алмасаң – мәдениетсіздіктің көкесі
сол. «Өзің диуанасың, кімге пір боласың?» Сондықтан, кім жай
ында, не жайында сөз сабақтасаң да алдымен сенің аузыңнан
шығар сөз білім сөзі болуға, мәдениетке шақырған мәдениетті
сөз болуға тиіс.
Сын – әдебиеттегі қанаттас, қаламдас, әріптестеріңе жол
көрсететін жетекші жанр. Жетекші болу қайдан оңай болсын?!
Жазушының алдына түсіп сөйлеу де сенен, жазушымен сырласып
сұхбаттасу да сенен. Соның баршасы сыншы тұлғасы арқылы
ай тылады, сыншы тұлғасы арқылы жасалады. Демек, әдебиет
сыншысы, белгілі дәрежеде, қоғам алдында отыруға тиісті тұл
ға. Өйткені, белгілі бір кезеңдегі әдебиэстетикалық талғам қа
лып тастырушы тұлға – әдебиет сыншысы. Орыстың соңғы ұлы
философы, 1937 жылы «жеке адамға табыну» зарарынан Қазақ
станға айдалып келіп, небір азапты қазақ жерінде көрген Алексей
Феодорович Лосев: «Мне кажется, что, если филолог не имеет
никакого мировозрения и никакого миросозерцательного вывода
не делает, это плохой филолог». // А.Ф.Лосев «Страсть к диа
лектике» М; Сов. Пис. 1990. С.22)дейді. Сыншыны тұлғаға ай
налдыратын да, оны өзі өмір сүрген қоғам алдына шығаратын
да – өзіндік дербес пікірі. Озық пікір, ойлы сөз қайдан туады? Ол
– дүниетанымнан. Қазақ әдебиетінің досы, ақын Н.С.Тихоновтың
«Дүниетаным – шығармашылық қожасы» – дейтіні де содан.
Дүниетаным байлығы – ақынға да керек, жазушыға да керек.
4
5
Әмсе, әдебиет сыншысына керегірек. Дүниетанымы кең адам ғана
Абай айтқан «кемел», «толық» адамға айналмақ. Дүниетанымы
кең адам ғана ақынмен ақынша, жазушымен жазушыдай сырласа
алады, терезесі тең отырып сөйлесе алады. Осының баршасы
нан әдебиет сыншысы болып қалыптасудың қаншалық қиындығы
аңғарылса керек. Сыншы болып қалыптаса тұрып, тұлғаға айнал
маса – тағы да «дүние бос».
Сыншы құралы – сөз. Сыншы сөзі жәй сөз емес, көркем әде
биетті қоғамдық құбылыстармен байланыстыра қарап саралай
тын сөз. Сыншы сөзі – сарапшы сөз! Қолдарыңыздағы еңбектің
«Сарасөз» аталу сыры да осында!
Сын жайлы сөз – парасат жайлы сөз. Өйткені ұлы ақын
А.С.Пушкин: «Критика – наука открывать красаты и недостат
ки в произведениях исскуства и литературы» – деген ғой. Сын –
сұлулық жайлы ғылым. Сын – сөз өнері! Ал сын жайлы сын ше? Ол
тіпті де қиын болар. Өйткені бізде ақынжазушылар айтылған
сынды қабылдай бермейтіні секілді, үлкенкіші сыншыларымыз да
өздері жайында айтылған пікірге құлақ аса қоймайды. Қанаттас
өзге жанрлар жайында толғайтын, белгілі шығармалардың же
тістіккемшілігін талдайтын сын аратұра өз бойына да қарап,
методологиясын жетілдіріп отыруы керекақ. Ұлы сыншы В.Г.Бе
линский «Дух анализа и исследования – дух нашего времени. Те
перь все подлежит к критике, даже сама критика» – деген екен
уақытында. Қазір осы пікір қайта түлегендей халдеміз. Ұлт әде
биеті шеңберінде ғана емес, әлем әдебиеті деңгейінде айтылуға,
мойындалуға тиісті бір шындық бар. Ол – белгілі теоретик, эстет
Б.Бурсов пікірімен айтсақ: «Критика перестала рассуждать о са
мой себе, рассуждая о литературе» – деген шындық. Демек, әдеби
сын процесін қиын да болса арнайы қарастырып, ойды ортаға са
лып, дүниеден өткен сыншы мұрасын жинақтап, жанрдың көзі
тірі жауынгерлерінің қаламын өткірлеп отыруымыз керек.
Кітап бар саналы ғұмырын әдебиеттану, сынға арнаған сын
ғұмырлар туралы. Тағы да сөз аяңдап тұлға мәселесіне келеді.
Сын да қаншама адам, нешеме маман еңбектенеді бар ғұмырын
сарп етіп. Баршасы бірдей соның тұлғаға айнала бермейді. Жанр
жәйін күйттей жүріп, көген арасында босқа өмір өткізушілер
де мегенде кім дей аламыз оларды?! Өкінішті. Алайда, ақиқатты
айтпасаң – сөздің атасы өледі. Жанр тұлғасын талант атап,
ар дақтауға, тұлғаға айнала алмаған адамға аяушылықпен ғана
қа рай аламыз. «Сарасөздің» бір тарауы («Сынғұмырлар») түге
лімен қазақ әдеби сынының тұлғаларына арналады.
Сонымен, сын – әдебиеттің жайкүйін күйттеп, оның кем
шілігіне жанымен күйіп, жетістігін жан жүрегімен сүйіп еңбек
тенетін саралаушы жанр екен. Жанр талабын жіті игеріп, та
биғатына шым бойлап енген білімпаз сын өнер көсегесін көгертері
мәлім болды. Ондай сыншы көркем әдебиет бағы. Орайында бір
сұрақ көкейге оралады. Көркем әдебиеттің жыртысын жырту
шы сыншы өз жанрын қалай етпек? М.Әуезов айтқан: «Сын шын
болсын, шын сын болсын!» – сыншы принципі, толайым ұстанымы!
Әдеби сын да көркем әдебиет қатарлы жанр. Олай болса оның да
пайда болу, күнеске тартқан өрістеу, көлеңкедей қалбалақтаған
еңіс тартқан сәттері болады. Қазақ әдеби сынының тарихын
ұстазымыз профессор Тұрсынбек Кәкішұлы өзінің «Сын та
рихы» аталатын байсалды зерттеу еңбегінде (кейін оқулыққа
айналды) генезисінен тартып бүгінгі күнге дейін саралай алып
шықты. Баянды дүние. Соңынан шәкірттер еріп, сын жанрының
жайкүйін әр алуан аспектіде зерттеп келеді.(Д.Ысқақ). Тіпті,
соның нәтижесінде ұлағатты ұстазымыздың ғылыми мектебі
қалыптасты десек жарасады. Олай болса, қайырлы дүниені
алға сала айтарымыз, сын да – дербес жанр ретінде сыншы на
зарынан тыс қалмауға тиісті. Саралау сөздің өзін де саралап
отыру – өсер сынға өріс береді. «Сарасөздің» келесі тарауының
(«Сынтұғырлар») түгелімен сын жанрының табиғатына, өріс
өркеніне, кем соққан кемшілігіне арналады.
Өз басым сын жанрына талаптана жүріп түйгенімді, ал
дымдағы аға буын рухында тәрбиелене жүріп алғанымды алғау
сыз айтқым келді. Асықты көзді жұмып жасық деуге, келеңсізді
көзді жұмып көсем деуге әзелден жоқпын. Жанр адалдығына
сүйеніп «Сарасөз» атап еңбек жазып, оны оқырманға ұсындық.
Мақсат – өткір жанрдың өрісін анықтау, ымырасыз жанрдың
жаңа уақытқа сай қай арнада дамуы керектігі жайында ойласу.
Ешкім де аспаннан аяғы салбырап түскен жоқ. Бала бол
дық. Кітапқа қызықтық. Кітапқұмар қоғамда туыппыз. Қа зақ,
түрік халықтары, орыс, әлем әдебиетін бар жанрында оқып,
таныстық. Б.Кенжебайұлы, С.Қирабайұлы, Т.Кәкішұлы, Ә.Кекіл
байұлы, Робер Андре, Жан Фавье, В.В.Розанов, С.Бушмин,
Н.А.Бердяев, А.Ф.Лосев сияқты әдебиетші ғалым, сыншыларды
ұстаз тұттық. Бірінен аз, келесісінен көп үйрендік. Үйрене алсақ
ол да өнер. Жаңалық басы – дәстүрге адалдық. Дәстүрге алалық
жасаған жеріміз жоқ. Тек адалдық танытумен келемін.
6
7
І. СыНҒҰМыр
ҚАЙЫРЫМСЫЗ УАҚЫТТЫҢ ҚАЙСАР ұлАНЫ
1. ұлы ұстаз, ғалым бейсембай кенжебайұлы
және басқалар
Біреуге қарғыс таңба басылғанда,
Біреудің даңқы кетер ғасырларға
Сағди
Бәрі де кездейсоқ басталды.
Неге екені, орта мектепті бітірген соң ҚазМУ-дің филосо-
фия факультетіне түсіп оқуға аңсарым ауды. Бірсыпыра уақыт
философиялық оқулықтармен әуестеніп жүрдім. Бірақ, есітіп
білуімше, философия факультетіне астананың жоғары астау-
дан жем жеген дөкейлерінің ғана баласы түсетін көрінеді. Әрі
сабақ бірыңғай орыс тілінде жүрмек. Шарасыздан аталмыш оқу
орнының филология – тіл және әдебиет факультетіне түстім.
Мақсаттың басқа мамандыққа бұрылып кетпей, ұлт тілі мен
әдебиетіне ойысқанына бүгін бір түйір де өкінбен.
Университет қабырғасында біздің курс (1970 жылғы сту-
денттер) бірінші лекцияны профессор Бейсембай Кенже бай-
ұлынан тыңдады. Ол сәтте менің бүкіл тағдырым диірмен та-
сын бастырсаң жығылмастай қажырлы, қайратты шашын жұқа
қырықтырған ақсары адаммен сабақтасарын сірә да біле қой ған
жоқпын. Алайда ақсақалдың алғашқы сөзі әлі көкейімде. Бір
сәт те де есімнен шығып көрген емес.
Түкірініп сөйлер пұшық қара, сүзіле қарайтын көзілдірікті
декан 1970 жылы филология факультетіне оқуға түскен сту-
денттердің тізімін оқып шықты да:
– Алғашқы лекцияны қазақтың үлкен ғалымы, профессор
Бейсембай Кенжебаевтан тыңдайсыздар – деді.
Ақсары адам ақырын әңгіме сабақтады. Алдымен оқуға
түс кенімізбен құттықтады. Амандық-саулығымызды сонша лық
жылы сұрап шықты.
– Әрине, оқуға түсу оңай емес. Біріңді ағаларың, біріңді
көкелерің демеген шығар. Ең болмаса сол кісілерді ұятқа
қалдырмай жақсы оқыңдар, оқудың қадірін біліңдер, сендер
онның бірі болып түстіңдер ғой – деді.
Декан әрі сасқалақтады, әрі ашуланды.
– Бейсеке, айттық қой, биыл былық-шылық араласқан жоқ
деп. Сізге не болған, Сізге не болған? – дей берді.
– Е, онда тіпті жақсы. Мен сүйеумен түскендер болса
дандайсымасын деп айтып жатқаным ғой – деп ақсары ақсақал
дәрісін әрі қарай жалғай берді.
Профессор не айтар екен деп аузына аңтарыла қарап қа-
лыппыз. Бірақ, профессор әдебиет туралы айтпады. Профессор
деген басқа болады екен-ау. Оқуға қалай түскенімізді айтты
ма-ау, халық туралы айтты ма-ау? Ә, ә халық туралы айтты. –
Қазақ ұлы халық. Сендер ұлы халықтың перзентісіңдер. Кейде
бізді «Кіші халық» деп жататыны бар. Тарихта «Кіші халық»
деген болмайды. Халық кіші болса тарихқа қалай кіреді? Та-
рихқа кірді екен... Ол кіші халық емес. Халық саны аз болып,
атақты адамдар аз шығып ұлтты кішірейтіп кететіні болады.
Даңқты адамдар аз шықса халық даңқы да бәсеңситіні болады.
Ең жаманы – жойылып кеткен... Тағдыр сақтасын бізді одан.
Біз де саны аздау ұлтпыз. Әуел бастан аз болмаған қазақ. Аз
болу себебі бар. Бірақ, оған қарап қазақ өспейтін халықтан екен
деп қалып жүрмеңдер. Қазақ өспейтін халықтан емес. Өсетін
халықтан. Бірақ, ана тілін қадірлеп өссе дейміз дә. Әйтпесе
өседі ғой, өседі. Ол үшін халыққа сүйіспеншілік керек. Халықты
өсіретін – Сендер! Өздерің өсіңдер. Ұлтты өсіретін ұлан болып
өсіңдер!
Профессор көңілінде өмірі өтірік айтып көрмеген періште,
айтса сөзінен қайтып көрмеген қайсар адамның кескіні жатты.
Біз – сарыуыз балапандар – сол жолы декан сөзін іштей
қолдап, міз бақпай отырған едік. Бір курстағы елу баланың
бә рінің бірдей өз күшімен түскеніне имандай сенген бейілде
отырдық. Сол аудиторияда отырған елу баланың бірінің қалмай,
бәрінің жетекпен түскенін бес жылдан кейін бір-ақ білдік
қой...
Қарт профессор бір сағат шамасы қазақ халқының тарихы,
тілі, әдебиеті жайында бірсыпыра әңгіме айтты. Әңгімені баяу
айтатын тым сабырлы кісі көрінді.
Оқу басталып кетті. Қазіргі студенттерге қарағанда ол кезде
сабақтың қадірі бар еді. Бейсембай Кенжебайұлы, Темірғали
Нұртазин, Мәлік Ғабдуллин, Зейнолла Қабдолов, Тұрсынбек
Кәкішев, Рымғали Нұрғалиев, Сұлтанғали Садырбаев т.б ұс-
таздарды тыңдау қызықты. Жастар да ынталы, жастар үшін
ұстаздар да ынталы көрінетін.
8
9
Студенттердің ғылыми қоғамы мәжілісін өткізу – дәстүр.
Жоғары курстың қыз-жігіттері белгілі бір тақырыпта баяндама
жасайды. Төменгі курстың студенттері тыңдайды. Алдағы
апа ларымыздың бірі осындай мәжілістің отырысында “І.Жан-
сүгіров – әдебиет сыншысы” деген тақырыпта баяндама жа-
сап тұр. Сөзге кенде кісі көрінбейді. Көсіліп сөйлеп тұр. Бір
орайда “Абайдан кейінгі әдебиет сыншысы деп Жансүгіровті
танимын” – деп салды. Шамасы, осы сөз маған ерсі көрінді.
Ішке түйіп қойдым. Екінші қыз бала «Ғаббас Тоғжанов – әдебиет
сыншысы» – деген тақырыпта баяндама жасады. Ұмытпасам,
аты-жөні – Жұпар Қожақова! Жап-жақсы баяндама. Ғаббас
Тоғжанов бұрын-соңды естімеген есім. Ақыр-соңы «Абайдан
кейінгі әдебиет сыншысы – Ғаббас Тоғжанов деп білемін» –
деген түйінге келді. Апыр-ай сыншы болса Абайдан кейінгі
орынды иемдену міндет пе екен? Екеуі бірдей бір түйінге
келгені несі екен? Неше түрлі сұрақ қаумалады.
Талқылау басталып кетті. Бірінші курстың “боқмұрыны”
орнымнан тұрып “пікірімді” айттым. “Жансүгіров алдымен –
ақын, сыншылығы – сосын. Оның өзін Абайдан кейінгі орынға
апарып отырғыза салған қалай болады?” «Ғаббас Тоғжанов –
бұрын естімеген адамымыз. Жақсы сыншы көрінеді. Бірақ, ол
да Абайдан кейінгі орыннан үміткер...»– деген ыңғайда шықты
сөзім. Әркім-әркім сөйлеп, пікір айтып жатты. Студенттердің
баяндамаларын тыңдап кірпі шаш ақсары қария – “Қазақ
әдебиеті” кафедрасының меңгерушісі отыр.
Пікір сарқыла келе, ол орнынан көтерілді. Студенттерді
талаптандыратын, қанаттандыратын бірсыпыра ақыл-кеңес
айта келіп, кафедра меңгерушісі Бейсембай Кенжебайұлы
менің атымды атап, пікірімді ілтипатқа алды. Мәжіліс бітті.
Жөн-жөнімізге тарап жөнедік. Дырдай профессор, кафедра
меңгерушісі атымды атаған менің бөркім қазандай...
Бірсыпыра уақыт өткен. Жазға салым. Көп нәрсе орнына
түскен. Көп жай ұмытқа айналған. Аудиторияға екінші курс
студенті, әнші Құныпия Алпысбаев танаурап кіріп келеді. Келді
де мені шап беріп білегімнен ұстай алды:
– Сені профессор Бейсембай Кенжебайұлы шақырады.
– Кім?
– Профессор Бейсембай Кенжебайұлы. Кафедрасында күтіп
отыр.
– Енді түсіндің бе? – дегендей Құныпия нығырлай қай та-
лады.
Мен демімді ала алмай, ауа жетпей құлап қала жаздадым.
Шынын айтқанда, бірдеңе бүлдіріп қойған екенмін деп зәрем
зәр түбіне кетті. Бүлдірмей жүрмейтін жастық шақ қой ол!
Ілгері басқан аяғым кейін кетіп ілбіп басып Құныпияның
ізімен келіп “Қазақ әдебиеті” кафедрасына кірдім.
Төрде тұйғындай болып кафедра меңгерушісі отыр. Жып-
жинақы. Үсті-басында қылау жоқ. Қасында машинка басып
Күлән есімді әдеміше келген апай. Түр-түсі қашып кеткен мені
көріп профессор: – Ә, кел, балақай, кел – деп өзіне мейірлене
шақырды. Жүзі жылы, үні жұмсақ.
Іштей “Уһ” – деп демалдым. Профессор қасына отыр ғыз-
ды.
– Не жазасың, қарағым? Өлең бе, әңгіме ме, сын ба?
– Жо-жо-жоқ. Ештеңе де жазбаймын. Мен ыршып түстім.
(Әрине мектеп қабырғасында жүріп “Балдырғанға” әлдеқалай
шатпақ жіберіп, жаттанды жауаптар алғанымды жасырып қал-
дым. Қ.е.)
– Тіпті ештеңе жазбайсың ба?
– Тіпті ештеңе!
Қан сорпам шығып терледім-ау...
– Онда былай келісейік! Профессор байыппен әңгіме қоз-
ғады. – Сен мақала жазып көр. Жазғаныңды маған ұялмай көр-
сетіп отыр. Әнеугі сөзіңе қарағанда мен сені бірдеме жазатын
болар деп едім. Жарайды. Әлі жазасың. Ұялма. Келістік пе?
– Келістік? – Үнім әлсіз шықты. Бірдеме жазып кафедра
меңгерушісіне көрсету... Атай көрмеңіз... Өңім түгілі түсіме
кірмеген жай. Бар ынта-шыным – үлкен кісінің алдынан сы-
тылып шығып кету.
Ұзамай жазғы демалыс басталды. Курстың бір шоғыры Ал-
маты облысының “Талдыбұлақ” деген ауылына фольклор лық
экспедицияға бардық. Халық арасынан ауыз әдебиеті нұс қа-
ларын жинадық. Профессор Бейсембай Кенжебайұлының айт-
қан сөздері есімнен шықпайды. Неге екенін, тапсырмадай әсер
ететінді шығарды. Қолым қалт еткенде бірдеңе оқып, бірдеңе
жазатын әдет таптым. Онымды байқап қалған қу қыздар мен
құрдас жігіттер “Профессор!”– деп қағытады. Қыл-қысқасы сол
бір айда жазушы Оразбек Сәрсенбаевтың “Таңбалы тас”, Тұт-
қабай Иманбековтің “Үш айдың үш күні” повестеріне өзімше
сын мақала жазыппын. (Әлі күнге ол шатпақтар архивімде
жатыр. Қ.Е.) Ешқайда ұсынылмаған рецензияларымды кейде
қолыма алып оқи қалсам екі бетімнен дуылдап от шығады.
10
11
Жазуын жазғаныммен демалыс аяқталып, оқуға қайта кел -
генде профессор алдына барған жоқпын. Көшеде, дәлізде кез-
десе қалса көп студенттің бірі райында сәлем беріп өте шы-
ғамын. Кейде қарт профессордың ту сыртымнан сүзіліп қарап
қалатынын аңғарамын. Екінші курсты да тәмамдауға таяп ке-
леміз.
“Қазақ әдебиеті” кафедрасының хатшысы Күлән Омарова
апай мені іздеп аудиторияға кіріп келді.
– Ергөбеков кім, балалар?
– Мен.
– Сені Кенжебайұлы шақырып жатыр.
Салып ұрып “Қазақ әдебиеті” кафедрасына кіріп келдім.
– Ия, балақай сабақ қалай?
– Жақсы...
– Жазғы демалыс айларында қайда боласың?
– Ауылда боламын. Дем аламын. (Не жазып жүрсің деп
сұрамағанына шүкір)
– Немене, шешеңнің емшегін емесің бе?
– Жоқ, енді былай...
– Алматыға ілім жинау үшін келдіңдер ме, болмаса демалу
үшін бе, ә осы?
– Енді...
– Енді былай ет! – Ол сәл үзіліс жасады. Сөйтті де «Сен
мені шығарып салшы» – деді.
Калинин (Қазіргі Қабанбай көшесі) көшесін бойлай жүріп
келеміз. «Арабша оқи аласың ба?» «Оқи аламын». Бұрын да
сұраған. Қайталау. Тағы не сұрады? «Әкең бар ма?», «Шешең
ше?», «Отбасылық жағдайың нашар екен ғой», «Сабақ үлгерімің
қалай?»
Біз баяу аяңдап Төлебаев көшесі қиылысына келіп жетіп-
піз. Міне, аулаға кірдік. Үш қабатты сұр үй. Қоштасуға ыңғай-
ландым. Жоқ. Жіберер болмады. Бірінші қабаттағы пәтердің
түймесін басты. Қараторы апай есік ашты. Кірдік. Аяқ тастап
төрге оздық. Қысылып отырмын. Кең зал. Қалада көріп жүрген
үйлерімнен мынау үйдің еңсесі де биік, аумағы да кең. Әнуарбек
Дүйсембиевтің үйі кең көрінуші еді. О, мына пәтердің қасында.
Өз ойыммен өзім әлек. Апай шақырып, ас үйге өттік. Жұқа
тарелка сорпа іштік, котлет жедік. Апайдың аршып берген бір-
бір алмасын бажардық. «Енді дем алыңдар» – деді апай. Ағай
нұсқаған «кушеткаға» кілем үстіне қисая кеттім. Апайдың
дауысымен ояндық. Шәй іштік. Алма қабығы ішіне салынып
пісірілген «бәрамыш» па, әйтеуір бір тіл үйірер тәтті дәм
жедік.
Ағай екеуміз Төлебаев көшесімен жоғары өрлеп келеміз.
Абай көшесіне жеттік. Міне, Пушкин (Бүгінгі Ұлттық кітап ха-
на) кітапханасы. «Сирек қолжазбалар мен кітаптар бөліміне»
өттік. Алдымыздан ақсары жас келіншек еркелей қарсы алды.
Бұрыннан таныс, тіпті жақын кісілер секілді. Амандық-саулық
сұрасты. Әке-шеше амандығы айтылды.
– Сәуле қызым, мына баланы танып ал. Тыңдайтын бала.
Әзірге «Ай-қапты» аш, «Ауыл» газетін бер. Арабша таниды.
Біртіндеп талабына қарай сирек кітаптар, жорналдарға апа-
рарсың...
Ақсары келіншек маған жалт қарады. Сәлден соң Бейсекеңе
қарап басын иді. Сәл-пәл ғана.
– Өзі келеді – деді Бейсекең.
Аяңдап қайттық. Жол-жөнекей маған тапсырма беріп ке-
леді.
«Үш ай жаз Орталық кітапханада отырып, жиырманшы (ол
кісі солай айтатын. Қ.е.) жылдары Қостанай губерниясының
ті лі болған “Ауыл” газетінің тігіндісін ақтар. Әсіресе зер сала-
тының Мұқаметжан Сералиннің мақалалары болсын. Тарық -
саң – тамақ біздің үйден, қиналсаң – қаражат менен. Тартынба
келіп тұр. Күзге дейін бір ғылыми мақала жазып әкелесің.
Түсінікті ме?»
– Түсінікті.
Түсінген ештеңем жоқ. Ғалым қатулылау көрінді. Жұмсақ
мінез жайына қалған. Шамасы, менің ештеңе жазып апарып
көрсетпегенім ұнамаған ол кісіге. Сөзі бұйрықтылау. Дегенде
қарсы келмей, бір жөні болар дегендей жолайырықта хоштасып
жөніме кеттім.
Үш ай жаз күнім “сирек қорлар бө лімінде” өтті. Сонда ба-
рып білдім. Бөлім меңгерушісі – Сәу ле Ақынжанова – тарихшы
Мұсатай Ақынжановтың қызы. Бей секең мен Мұсатай қария
құрдас. Содан да Бейсекең Сәуле апайды «қызым» дейді екен.
Сәуле апай да Бейсекеңді әкесіндей көреді.
Бұл – менің қазына есігін тұңғыш ашуым еді. Бейсекең
тапсырмасы бойынша Сәуле апай жан-жағына сақтана қарап
қойып «жабық» жорналдар, кейбір кітаптарды көрсетіп еді
сол жолы. Және Бейсекеңнің айтуымен барып, Сәуле апай
мейірмандығымен кітапхананың «алтын қорын» ашқан жалғыз
мен болмаспын.
12
13
Екі ай архив шаңын жұтқан мен үшінші айға шыдамай
ауылға тартып отырдым. Ауылға келген соң, “Ауыл” беттерінен
көшірме жасаған көк дәптеріме (архивімде сақтаулы. Қ.е.) кө-
бірек үңілетін әдет таптым. Қайта оқығанда байқадым “Ауыл”
газеті тігіндісінде кездескен “М.Сералин”, “М.С.”, “Мұқат”
– деп қол қойылған материалдардың бәрін араб қарпінен қа-
зақшаға аударып көшіре беріппін. Қалған бір айда итшілеп
жүріп “Мұхаметжан Сералин “Ауыл” газетінде” – деп аталатын
мақаласымақ жазып аяқтадым-ау. Журналистика жанрларынан
мүлдем хабарсыз жан, тіл-әдебиет факультетінің оң мен солын
ажыратпаған көгенкөз журналист мұрасын қайбір ақи-тақи
тани қойды дейсің, Б.Кенжебайұлының М.Сералин жайында
жазылған зерттеулеріне сүйене отырып, көшіріп алған мате-
риалдарды мазмұндаумен шектелсем керек...
Күз түсті. Қайта сабақ басталды. Бір шатпақты жазып тас -
тап профессорға көрінуге ұялып қашқақтап жүрмін. Тағы да
Күлән апай келді. Тағы да профессор алдына шәкірт басымды
иіп өрттей қызарып мен отырмын. Қолында қаламы бар про-
фессор шәкірт қолжазбасына үңіліп оқып, жөндеп кеп кетті.
Қансорпам шығып мен отырмын. Ғалым жүзіне үңілемін. Әжім-
әжім кәріс беттің қатпарлары жазылыңқы-ау деп шамалаймын
әйтеуір. Әлден уақытта профессор басын көтерді. «Дұрыс!»–
деді. Деді де телефон трубкасына жармасты.
– Қапанбысың?
– ........
– Саған қазір бір бала барады. Материалын машинкаға тез
бастырып беріп жіберерсің.
Трубканы қондырғысына қойған профессор:
– Сен “Социалистік Қазақстан” газетінің редакциясының
қайда екенін білемісің?
– Жоқ.
– Ол ана жерде. Сол редакцияда Қапан деген жігіт бар. Бар-
саң мына мақалаңды бастырып береді. Бастырып алып, қайта
кел. Мен 327 аудиторияда болармын. Үлгерсең сонда кел!
Сұрай-сұрай “Социалистік Қазақстан” газеті редакциясын
да таптым. Қапан деген жігіт үнсіз ғана қолымдағы қағазды
алды. Бірдеңе сытырлап жатқан бөлмені көрсетіп:
– Анау есікке бір сағаттан кейін келсең, мақала дайын
тұрады.
– Жарайды – деп жайыма кеттім. Бір сағатты зорға өткізіп
әлгі есіктің алдына келіп күтіп тұрдым. Бірсыпыра уақыттан
кейін әдемі ақсары тығыншықтай келіншек сыртқа шығып:
– Бейсембай Кенжебаев жіберген бала сенсің бе? – деді.
– Иә...
– Мә, ендеше!
Қолыма оқушы дәптері мен ақ қағазға басылған материалды
ұстата берді. Ұстата беріп, әлденеге бөгелгендей болды. Әри -
не, мен ол кезде машинкаға мақала бастырғанына ақша тө-
лейтінін тіпті де білмейді екенмін. Кейін қызметтес болғанда
білдім, менің алғашқы мақаламды машинкаға тегін басып
берген кісі – Күлтәй апай екен.
Екі өкпемді қолыма алып кафедраға келдім. Бейсекең са-
бақта екен. Айтқан аудиториясына барып, есіктен сығаладым.
Күтіп отыр ма, қалай әйтеуір жалт қараған оқымысты:
– Кел, кел, кір! – деді. Қымсына ішке ендім. Ендім де бо-
сағада тұра қалдым. Бейсекең қасына шақырды.
– Бастырып берді ме?
– Иә...
– О, жақсы болған.
– Енді былай етейік балалар. Бүгінгі сабақты сендерге мына
екінші курстың студенті Ергөбеков өткізеді.
Денем дір ете түсті. Айналама қарасам үшінші курс сту-
денттері. Ал мен бұлардың қасында кіммін, бәтір-ау? Аудитория
мырс-мырс күлкі.
– Қалайша өтемін, қалайша? – дедім жәрдем күткендей
профессорға жалынышты жалтақтап.
– Не қалайы бар, мақалаңды оқып бер. Содан кейін тал-
қылаймыз. Орыс әдебиетінде үлкен жазушыларының белгісіз
материалдары жоғары бағаланады. Сол секілді бұл Сералиннің
белгісіз қырына арналған. Ал, баста!
Аудиторияны таңданыс биледі. Басымды көтеріп ауди то-
рия ны шола қарап едім шәкірттердің жуан ортасында отырған
Өтеген Оралбаевқа көзім түсіп кеткені. Әдеби бірлестікте өлең
оқып, жастар газетінде өлеңдері жарияланып жүрген жігіттің
мысы тіпті басып кетті. Басым салбырап жерге жетер болды.
– Кәне, Ергөбеков, оқы – деген дауыстан есімді жидым.
Жидым да тасқа басылған мақаланы судыратып оқи жө-
нелдім. Не оқығанымды өзім білсем не дерсіз?! Өз үнімді өзім
естімеймін. Қатесі қаралмаған мақаланы машинкаға қалай ба-
сылса солай оқып шыққан болармын, сірә. Байқасам, мақала
соңында “Бейсембай Кенжебаев. Филология ғылымдарының
14
15
докторы, профессор” – деген жазу тұр. Оқып шықтым мақаланы.
Киімім сығып алардай су болды.
– Болдың ба?
– ....
– О, бәрекелді!
Әрі қарай профессор сөйлеп кетті.
– Сендер ғой, ала жаздай доп қуып, былтыр оқығандарыңды
ұмытып қалып, бос келіп отырсыңдар. Өздеріңнен кіші, екінші
курстың студенті Ергөбеков жаз бойы кітапханада отырып
қызықты материал жинады. Мынадай қызықты мақала жазып
шықты. Бұл мақаланы жариялатамыз енді...
Ақсақал сөзін аяқтай беріп, ақырын аудиторияға көз таста -
ды. Аудитория тым-тырыс. Шыбынның ызыңы естілгендей.
Күле қарап отырған қыз, жігіттердің бәрі жым болған. (Кейін
білдім, мұның бәрі талантты жігіттердің қытығына тию, ықы-
ласын ояту мақсатында жасалған шынайы ағартушы әрекеті
екен ғой. Ал, бірақ маған тап сол сәтте азап болды-ау, азап. Қ.е.)
Әрі профессордың әлгі сөзінен кейін аудиториядан мақалаға
пікір айтар ешкім бола қоймады. Мақтағанды кім жек көрсін.
Жанданайын, жонданайын дедім мерейленіп, жоғарғы курсқа
қыр көрсеткендей жонданайын дедім білем.
Қуану мен қысылу, мерейлену мен ұялудың арасында әрі-
сәрі күй кешіп тұрғанда қоңырау соғылды. Ғалым қолтығым-
нан алып “Қазақ әдебиеті” кафедрасына беттеді... Қысылып ке-
ле мін...
– Ал, енді бұл мақаланың қатесін қарайықшы деп профес-
сор қағазға қайта үңілді. Шамасы менің кейбір сөздерді қате
оқығанымды аңғарған. Оқып отыр, әріп қатесін шығарып отыр.
Соңғы парағына жетті. Шамасы, мақала авторы ретінде тұрған
өзінің аты-жөнін көрді.
– Әй, мынасы несі? – Оқымысты кісі қылмыс істеп қойған -
дай шошып кетіп, жалма-жан өз атын өшіріп, менің аты-жөнім-
ді жазды. Сөйтті де мақаланы столдың оң жағына қойды.
– Күлән, бір-ер сөз айтайын, тасқа баса қойшы – деді. Іле
ақырын сөйлеп мынадай хат жаздырды:
“Смеке!
Сералин жөнінде мақала керек деген едіңіз. Мына бір ма
қала жазылды. Оқып шықтым, жарамды. Журналы ңыз ға ба
сып жіберуіңізді өтінем. Сәлеммен Бейсембай Кенжебаев”.
Хатты қолыма ұстатып тұрып, Қазақстан Республикасы
Ғылым академиясына қалай баратынымды, “Қазақстан Ғылым
академиясы Хабаршысы” журналы редакциясын қалай таба-
тынымды тәптіштеп түсіндірді. Мақаланың ғылыми мәнерде
жазылғанын, сол себепті ғылыми журналға ұсынып отырғанын
айтты.
– Журналдың бас редакторы Ісмет Кеңесбаев деген ака-
демик. Соған бар. Мына хатты қолына бер! Бейсекең сөзін
аяқтады.
Еденін бассаң күмбезі күмбірлейтін қасиетті қара шаңы-
рақтың есігін ашып, сығалап жүріп Ісмет Кеңесбаевтың ка-
бинетіне де өттім. Таудай болып төрде отырған ақ басты, ат
жақты, бір езуі күлкі үйірілгендей сәл тартылыңқы тұратын
ірі кісіні көргенде “е, академик дегеніңіз осындай болады екен
ғой”– деп ойладым.
Обалы не, Ісмекең шәкірт баланы жаман қабылдаған жоқ.
Мән-жайымды сұрап алып:
– Һе, әрбір студентінен ғалым көрген қайран Бейсекең! –
деді. Мақтау сөз екенін, әлде кекетінді даттау сөз екенін әлі
күнге ажырата алмай келемін.
Академик аз-кем ақ қағазға үңіліп қарады да:
– Қарағым, мен тіл жағына қараймын. Әдеби материалдар-
ды әдебиет институтының директоры Әди Шәріпов деген кісі
қарайды. Әйтпесе журналдың жауапты хатшысы Сейіт деген
жігіт бар. Соларға көрсет мақалаңды. Жарай ма, ойнолойын –
деді. Академиктің аузынан “а” дыбысы “о” дыбысына айналып
“ойнолойын” болып шықты...
Академиктің алдын көрген «батырға» бірден жауапты хат-
шы дәрежесіне түсу қолайсыздар көңілі қоңылтақсыды да,
М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ди-
ректоры Әди Шәріповке келіп кірдім. Бадырақ көз ақсары кісі
екен. Әуелінде “бұл не қылып жүрген бала?” дегендей біртүрлі
қарады да:
– Иә, сөйле батыр – деді.
– Сізге Бейсембай Кенжебайұлы, ә, жоқ Ісмет Кеңесбаев
жіберді – дедім. Сөзім адасып басталғанымен нық шықты. Ша-
масы бойым үйренейін деген болуы керек. Сөйттім де хат-
ты мақалаға қосып ұсына бердім. Әдекең хатты оқып шығып
мақалаға асығыстау көз жүгіртіп өтті. Ақыры хаттың төменгі
етегіне: “Сейіт, маған жолығарсың. Әди Шарипов.” – деп
жазды. Енді “Хабаршының” жауапты хатшысына бетке алып
келемін.
16
17
Аузы томпақтау, шашылыңқырап сөйлейтін аққұба жігіт
хат, мақаламен танысып шықты да; журналдың студенттерге
емес ғалымдарға арналғанын, аспиранттардың материалдары-
ның өзін сирек басатынын айтты. Сөйтті де:
– Немене, Бейсекеңнің туысысың ба? – деді.
– Жоқ!
– Ә, жарайды. Қалдырып кете ғой.
Мақаланы қалдырып, хатты кері қайтарып алып (хат
жәдігерлік райында күні бүгін архивімде сақтаулы), “жазған
құлда шаршау жоқ” – деп шығып жүре бердім.
Бейсекеңе келіп бастан кешкен хикаяны қысқа баяндадым.
– Өзім телефон шалармын оларға. Сен алаңдамай сабағың-
ды оқы. Мақаланы жиірек жазуға тырыс! Қысылмай үйге келіп,
жазғандарыңды көрсетіп, ақылдасып тұр!
Ғалым бейілді қоштасты. Әкедей мейірлі жылы сөзге жа-
ным елжіреді. Алға озыңқырап айтар жай – шәкірт мақаласы
“Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының хабаршысы-
на” басылған-басылмағанын бүгінгі күні де білмеймін. Қайтып
бармадым. Хабарын білмедім. Ал Бейсекеңнің шәкіртке қанат
байлаған хаты әлі күнге архивімде сирек кездесетін жәдігерлік
ретінде көздің қарашығындай сақтаулы тұр. Тағдыр дегеніңіз
қызық, алғашқы мақаласын бастыра алмаған шәкірт бала 1990
жылдан бастап әлгі аталмыш “Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының хабаршысы” ғылыми журналының жауапты
хатшысы...
Өзі тартқан ащы тәжірибенің кермек дәмі аузынан кетпей
ме, әйтеуір журналға лауазым иелерінен гөрі жас талапкерлер
материалын жариялауға ықыласы ауып тұрады... Мұны қалай
түсіндіруге болады? Кім білсін!...
Сабақ басталып кетті. Шәкірт бала алаңсыз оқып жүр.
Үзілісте Күлән апай кіріп келді:
– Ергөбеков, сені Бейсекең іздеп жатыр. Үйге келіп кетсін –
дейді.
– Жарайды, апай.
Сабақ аяқталысымен шәкірт бала сол кездегі Төлебаев жә-
не Калинин (Қабанбай) көшелерінің қиылысындағы 154 үйдің
бірінші қабатындағы профессор пәтерін бетке ала тартып ке-
леді. Әрине, бұл баяғы өлердей ұялшақ сарыауыз балапан дерлік
сары бала емес. Атақты ғұлама үйінен, мейілінше бауырмал
қараторы Меңжамал есімді татар шешесінің қолынан өте тәтті,
жұғымды тағам мен сүт қосқан сіңімді шәйды әлденеше рет
татқан, бойы үйрене бастаған, бірақ адыраңдап ұятты аттамаған
ұяңдау бала.
– Ә, келдің бе?
Есікті қарт профессордың өзі ашты. Шәкірт баланы каби-
нетіне оздырды. Айнала сірескен кітап, бай кітапхана. Өзі жазу
столына жайғасты. Қасына шәкірт баланы отырғызды. Хал-жай
сұрады.
– Менің сені шақырған себебім мынадай: әнеугі күнгі мақа-
ланың өзімдегі екінші данасын қазақ радиосына берген едім.
Назарбек деген жігітке. Сол жігіт телефондай: “Сіз бірге қол
қоймасаңыз, аты беймәлім баланың материалын басшылық
өткізбей жатыр”– дейді. “Автормен ақылдасайын”– дедім.
Әрине сенің–ақ атыңмен кете беруі керек еді, еңбекті атақ
істемейді, адам істейді ғой. Қайтесің енді, түсінбейді ғой
бүгінгі басшылар. Әйтпесе қартайған Кенжебаевтан гөрі жаңа
есім ашу, жастарды таныту – мұрат болмас па – деп көсіліп,
әлдекімге ренжи сөйлеп кетті. Ақыры:
– Бірге қол қоюға ризалық бересің бе? – деді.
Терге шыланған шәкірт бала:
– Ағай, Сіздің атыңызбен-ақ кете берсін де... – деп қалды.
– Жо-жоқ. Олай деме қарағым. Қарт адамның жас еңбегіне
емінуінің өзі жарасымсыз. Қайтесің енді? Ғылыми мақала. Се-
ралин туралы дейді. Бірге қол қоюға көн енді. Жарай ма?
– Е, жарамағанда ше?
Ұстаз бен шәкірт шәй ішіп тарқасты. Шәкірт ұстаз өсиеті -
мен ғалым кітапханасынан кітап алып оқып тұруға міндет-
тенді...
Тағы да Күлән апай:
– Қайда жүрсің, сені Бейсембай Кенжебайұлы іздетіп жа-
тыр.
– Не істейін, апай?
– Үйіне бар!
Есікті әдеттегідей ғалымның өзі ашты. Үстінде сұр пеш-
пет, қолында бір жапырақ қағаз. Қағаз жел үрлегендей жеңіл
дірілдейді.
– Жақсы келдің. Екі-үш күннен бері сені іздетіп, зорға тап-
тым ғой. Түнеугі күнгі мақаланы радиодан оқыды. Тыңдаған
жоқсың-ау, ә. Мен де тыңдай алмадым. Жігіттер ескертуді
ұмытып кетіпті. Соған қаламақы қояды ғой. Сенімді тұрағыңды
білмей, қаламақыңды біздің үйге жіберіпті. Жаныңда докумен-
тің бар ма? Бермесе менің паспортымды апарып, көрсетерсің.
18
19
Мә, мына қағазды ал да бас почтаға апарып, ақшаңды ал.
Әйтпесе, кері қайтарып жіберер... Маған сенен гөрі көбірек
қойыпты. Одан да саған көбірек қойсайшы шіркіндер.
Ғалымның соңғы сөзін сыртқа беттеген шәкірт бала ту сыр-
тымен тыңдап үлгерді.
Шәкірт бала Бас почтаға барып 18 сом 60 тиын қаламақы
алды. Ол кезде ақшаның бағасы жоғары, берекесі бар. Әлгінде
қолын қағаз қарығандай болса, енді профессор жебеуімен
жазылған мақала қаламақысын не істерге білмей сасқалақтаулы.
Ол кезде, жетпісінші жылдары Бас почтаның қарсы алдында
“Академкітап” киоскесі тұратын. Үңіліп қарап еді, көзіне ака-
демик Н.И.Конрад кітабы шалынды. “Батыс және Шығыс”
аталады. Бейсекеңнен атын есітіп, кейбір тарихи кітаптар оқып
үлгерген студент айтулы ғалымның әлгі кітабын жалма-жан
сатып алды. Балалығы шығар, алғашқы бетіне: “20.ХІІ.72 ж.
Алматы қаласы. Каз ГУ филфак. ІІІ курс. Ергөбеков Құлбектің
жеке кітапханасы. Гонорар басы арақтан гөрі кітапқа деген
идеямен алынды. Құлбек ибн Сәрсен әл– Отырари” – деп жазды
да тастады. (Бұл кітап та жастық шақ жәдігерлігіндей сақтау-
лы. Қ.Е.). Сол сәтте қарт ғалымның “Алсаң да, ала алмасаң да
телефонмен хабарла. Мен алаңдамайын” – деген тапсырмасы
есіне түсті. Қарт ғалымды қалай қуантсам, әлде осы ақшаны
барынша ұстаз қолына салып, қайтып берсе ғана алуы керек
пе еді? – деп те ойланды алабұртып. Бұрын қаламақы алып
көрді дейсің бе, тәйірі?! Тұңғыш қаламақы. «Қаламақы» деген
қандай ыстық сөз. Бозбала алабұртып барып телефон-автомат
құлағына жармасты. Телефон құлағын ғалымның өзі көтерді.
– Ә, алдың ба, айналайын?
– Алдым ағай.
– Үнемдеп, ұқыптап тамағыңа жұмса, артылса кітап ал.
Шарапқа жұмсай көрме. Артыңнан қаражат жіберер ешкімің
жоқ. Ғалым жанашыр сөзін айтып жатыр.
– Ағай!
– Әу?
– Бұл мақалада менің еңбегім аз ғой...
– Аз деймісің? Алғашқы қаламақыға аздық етпейді. Азсы н-
саң тағы жаз. Аз десең мендегі жартыны ала ғой... Бірақ мақа-
ланы қаламақы үшін ғана, қаламақыны мақсат етіп жазуға бол-
майды. Тарықсаң келіп тұр айналайын. Ал жақсы енді, іш кілік-
ке ұрынып қалмаңдар. Жуу деген болмасын. Қағаз-қаламақыға
көбірек үйірсекте. Сөйт. Сау бол, айналайын. Хабарласып хал
білдіріп жүр.
Шәкірт ауыз ашып үлгермеді. Профессор өсиетін айт-
ты да, телефон құлағын ілді. Енді қолтығына кіта бын қысып,
жатақханаға қарай аяңдап келді. “Аяулы ұстазға мен не айт -
тым? Ұстаз маған не айтты?” – деп ойланды кенет. “Аз деймі-
сің? Алғашқы қаламақыға аздық етпейді. Азсынсаң тағы жаз...”
– деді-ау.
Шәкірт ойы – “мақалаға менің еңбегім сіңген жоқ қой,
мына ақшаны не істеймін?» – дегендік еді. Ал ұстаз болса “Мы-
на қаламақы менің еңбегіме аз” – деп түсінген сынды. Мас-
қара-ай. Шәкірт баланың жүрегі бұлқына соғып-соғып кетті.
Қолтығынан кітабы сусып түсті. “Мынау бір ақшақұмар ит
екен” – дейтін болды-ау ұстаз. Көңілінде кірбің қалмады ма
екен? Енді қайттім?
Жатақханаға жеткенге дейін шәкірт бала басы осы ойдан,
осы сауалдан бір босамады.
Курстастары балаң жігіттің өз арасынан мақала жазып,
тұңғыш рет қаламақы алғанын “жууға” ұйғарды. Кәріс типтес
кішкентай тықыр қара досы өзінен үлкен сары сөмкені сүйретіп
дүкенге кетіп бара жатты...
Егер де дарынды шәкірт көрсе тағатынан айырылатын, та-
лапты жанды мәпелеп баулудан ерінбей-жалықпайтын жібек
жанды, жұпар жүректі ұлы ұстаз Бейсекеңнің қамқорлығын,
шикілі-пісілі бір мақала жазып, ол радиодан оқылса, мұны
әдебиетке жатқызуға болса, онда мен әдебиетке міне осылай
келген едім. Бұл – менің әдебиеттегі тырнақалдым. Алғашқы
адымым.
Достарыңызбен бөлісу: |