СарасөЗ (Әдебиеттану, сын әлемі)



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата28.12.2016
өлшемі2,26 Mb.
#667
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41

Жетінші ерлік:  
«Абай» романы жарыққа қалай шыққан?
Әдебиетте кезекті дүние көп, құбылыс сирек. Ұлы жазушы 
Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы қазақ әдебиетіндегі 
қайталанбас құбылыс. Құбылысқа қатысты тарих тәптіштеледі. 
Сөйтіп,  кейінгі  ұрпақ  қызығушылығының  арқасында  кезінде 
кеткен қате-кемшіліктен сабақ түйіледі. Құбылыстан құбылыс 
туып, тарихтан тарих сабақталады сөйтіп. «Егемен Қазақстан» 
газеті  бетінде  «Абай»  (1942  ж)  романының  редакторы,  сыр-
баз  ақын  Қуандық  Шаңғытбаевтың  «Абай»  романы  жарыққа 
қалай шыққан еді?» («Егемен Қазақстан», 21.08.1992 ж) атала-

104
105
тын естелік мақаласы осы жайларды сезіндірді бізге. Естелікке 
та банды  ғалым  Бейсембай  Кенжебаевтың  ұлы  шығарманың 
жарыққа шығуына қалай септескені, уақыт қиындығына қарамай 
қалай  жанаямай  жәрдемдескені  әңгіме  болады.  Естелікке 
жүгінсек  кітап  жарыққа  шыққанда  Бейсекең  көзіне  жас  алып 
тұрып  хабарлапты  Мұхтар  Әуезовке.  Бейсекеңе  қатысымды 
білетін  әдеби  орта,  газет-журнал  редакциясы  Қ.Шаңғытбаев 
мақаласынан соң «архив не дейді, сен не айтасың?» – деп менің 
жүзіме  қарайтын  әдет  тапты,  мақала  жазып  беруімді  өтінді. 
Қиын  кезеңде  ғұмыр  кешкен  әрауқтарды  мазалап,  қатары 
селдіреп қалған қарттарды қажағандай болмайыншы десем де, 
ақиқат айтпасыма қоймады. Ақыры қолға қалам алдырды. Осы-
лайша әзіз адамның келесі рухани ерлік сырын шерткім келді. 
Алайда, әңгімені сәл кеңірек алып әңгімелеу керек.
Замандастары бұл ұлтымның ұлы мұраты деп сөйлеуден бір 
танбай өткен екі ойшыл адамның қарым-қатынасын қызығып 
еске алады, қызық-қызық етіп еске алады. Ол – жазушы Мұхтар 
Әуезов пен ғалым Бейсембай Кенжебаев ара қатынасы, достық, 
сыйластық ғибраттары. 
Асылында,  табиғатта  бір  қызық  құбылыс  бар.  Тарих  ірі 
тұлғалаған  ұлы  адамдардың  қарапайым  жандарға  көлеңкесі 
түсуі, өмірдің әралуан саласы мен қилы-қилы сәтінде себі тиюі 
әрдайым  әңгіме  болады.  Жәй  әңгіме  болса  бір  сәрі-ау,  үлкен 
тұлғаның  қатардағы  қарапайым  адамға  жасаған  жақсылығы, 
атқарған бір азаматтық ісі аңызға айналып, ел аралап, ауыздан 
ауызға тарап андыздап кете барады. Ал, керісінше, қарапайым 
қатардағы  адамның  ұлы  адам  тағдырына  жасаған  ықпалы 
көбіне көлеңкеде қалып қояды. Бәлкім, қатардағы қарапайым 
адам атқарған кісілік, тіпті батпандай жақсылық та бадырайып 
көзге ұрмай, табиғи заңдылық ісі болып қала береді. Біреу біліп, 
біреу біле бермеуі мүмкін оны. Айталық, замандас жазушылар, 
қатарлас күн кешкен қаламгерлер, қаумалай әкеліп тығырыққа 
тіреген  үкімет  басшылары,  Мемлекеттік  қауіпсіздік  комитеті 
бас шұлғи тізе қосып, қиянатқа ден қойған сәттердің өзінде ұлы 
ойшыл  құрықтан  құтылып,  сырықтан  сытылып  шығып  кетіп, 
аман қалып жүрді емес пе?! Тап солай! Ал осындай жан-жақты 
қаумалаған  шеңберден,  айнала  құрылған  тордан  жазушының 
дін-аман құтылуы бірыңғай айла-шарғыға ғана байланысты ма 
еді? Жұртын сүйген жазушыны жұрты да сүймеді, қиын сәтте 
қолұшын бермеді деп айта алмасақ керек. Мұхтар Әуезов мой-
нына құрық мықтап түскелі тұрған ақтық сәттердің өзінде ба-
сын бәйгеге тігіп, өзін күтіп тұрған зәрлі, қатал үкімді, қаншама 
мемлекеттік құпиялығына қарамастан, алдын-ала сездіріп, сы-
тылып қашып кетуге жол ашып, есесіне өзі қатерге ұшыраған 
адамдар сонау да сонау жаралы да қаралы жылдары аз болды 
дейсіз бе? Көп болған деседі Мұқаң үшін басын бәйгеге тіккен 
ондай жандар, ілуде бір аузы-мұрны жоқ дерексіз аңыздар бол-
маса, соның көбі бүгінге нақты, затты жеткен жоқ қой. 
Мұхтар Әуезов және Бейсембай Кенжебайұлы арасындағы 
қылаусыз достық, ағалы-інідей сенісе сыйласу тағлымы осыған 
ұқсас, алайда бұл рабайдан сәл бөлектеу құбылыс.
Замандастары  еске  алуына  ден  қойсаңыз  М.Әуезов  үнемі 
үзеңгілес жүрген бұл ғалымды еркелетіп, құрметтеп «Бешім» 
атап өткен. Ата-анасы азан шақырып қойған «Бейсембайға» көп 
бара  бермеген…  Жайшылықта  бала  өсектесе  көніп  қалатын, 
сыртыңнан  ғайбат  айтты  десе  сеніп  қалатын  балакөңіл  дана 
адам  өзіне  жақын  жүрген,  сөзіне  ден  қойғызып  бауырына 
кіргіштеп жүрген жандардың өзі Бейсекеңді жамандап сендіре 
алмас екен Мұқаңды. Екеуіне бірдей ортақ доссып жүрген бір 
жанның  пендешілігі  ұстап,  араларына  от  тастамақ  болып  екі 
езуі көпіріп екі сағат жамандағанда ұлы адам орнынан көтеріліп 
барып есікте жатқан галошты алып келіп жазу столына қойып:
– Сенің әңгімең тап осылай әсер етті маған – депті түнеріп. 
–  Қылаудай  кінәраты  жоқ  кісіні  былғама!  Басқаға  сенбеспін, 
Бешімге сенемін.
Ұлы  адамның  ұя  сырын  жазушының  жары  Валентина 
Николаевнаның  баласын  емізіп  жүрген  тұстарда  Меңжамал 
анамызға  ренжи  айтқан  екен.  (Меңжамал  анамыз  Валентина 
Николаевнаның  сүтсізденуіне  байланысты  оның  бір  баласын 
емізген.  Қ.е.)  Анамыз  бұл  әңгімені  кейін  бізге  елеусіз  ғана 
әңгімелеген еді кезінде.
Ұзақ жылдар Қазақтың Мемлекеттік университетінде қатар 
жүріп  дәріс  беріп,  шәкірт  тәрбиелегенде  не  жағдай,  қандай 
көңілге кірбің түсірер келеңсіз сәттердің өзінде «Бешім» сөзіне 
тоқтаған,  «Бешім»  сөзіне  жадыраған.  Талай  мәрте  Бейсекең 
Мұқаңды үгіттеп «Қазақ әдебиеті» кафедрасына меңгерушілікке 
көндіре алмаған, Мұқаң үгіттеп, дәлелдеп бұл қызметке ұдайы 
«Бешімін» көндірген, орын ауыстыртпай талай жыл тапжылт-
пай кафедра басқартқан. Өзі Бейсекең қарамағында профессор 
болып қызмет атқарған. Әншейінде таласып, қазақ жағдайында 
мүйіз қағысатын, бет жыртысатын, домалақ арыз айдап бірін-

106
107
бірі домалатуға баратын қызмет, мансап та аша алмаған бұл қос 
арыс арасын. 
Бейсекең тартқан сый – бүркіт жазушы столы үстінде тұр-
ғанын қайтыс болғанда жазу столы үстінде қалғанын Алексей 
Брагин  «Огонек»  журналында  жетпісінші  жылдары  жарияла-
ған  естелік-әңгімесінде  жазды.  Жазушы  өмірінің  мән  берген, 
маңызды бір деталі ретінде жазды, қос арыстың достығына мән 
бере жазды.
Өмірдегі аса бір жауапты мәселелер болмаса, анау-мынауға 
елп  етіп  жеңіл  көтеріле  қоймайтын  жазушы  Әбдіжәміл  Нұр-
пейісов те қос арыстың арасындағы сыйластыққа сүйсіне мән 
беріп: 
– Тегеурінді талант, мол білім иесі, ұлы ұстазымыз Мұқаң 
көңіл күйдің кісісі дә, жанымен беріліп жақсы көрген кісілері-
нің өзін кейде болмашы әрекетіне бола ұнатпай қалуы оп-оңай 
еді. Кейде болмашы нәрсеге баладай бұртиып өкпелеп жүретін 
дана кісі. Сондай адамның Бейсекеңді айнымай жақсы көруі, 
сезім тұрақтылығы мені қайран қалдырады, – дегені бар ауызекі 
әңгімеде.
Сәбит  Мұқанов  әдеби  мұрасы  жөнінде  арнайы  ізденісте 
жүрген кезімде – 1982 жылы Мәскеу барып, қайталанбас, қызық 
әдебиетші Виктор Шкловскийге жолықтым. Қазақ еліне, қазақ 
жеріне  ерекше  құрметпен  қарайтын,  өзі  үй-отанымен  соғыс 
жылдарында Алматыда тұрған әдебиетшінің «Бізді Әуезов та-
ныстырып еді» дей келіп, сұраған адамының бірі де Бейсембай 
Кенжебайұлы.
Тағы да Мұхтар Әуезов, тағы да Бейсембай Кенжебайұлы. 
Замандастарын таңдай қақтырған, кейінгі ұрпақты қызықтыр-
ған бұл қарым-қатынаста қандай қимастық, сезім тұрақтылы-
ғында нендей тұнық сыр бар?
Тағдыры ұлы Абайға тәуелді, сол себеппен де Мұхтар Әуе-
зовпен  сабақтасып  жататын,  ұлы  адаммен  тіршілігінде  қатты 
қадірлесіп,  ішті-тысты  бірдей  сыйласып  жүрген  әдебиетші 
Қайым Мұхаметханов та:
– Бейсекең Мұхтар Әуезов деген істен аянып қалған жері 
жоқ. Мұқаң үшін не көрмекке де бейіл еді. Не хикметті Мұқаң 
үшін көрді де. Академик болуға тиісті адам Мұқаңды табанды 
жақтайтын  «әуезовшілдігі»  үшін  ол  сыйдан  да  қағылды.  Он-
дай атаққа елігетін, ондайға оңай берілетін Бейсекең бе, тәйірі. 
Сөйтіп  жүрген  Бейсекеңді  ұлы  басымен  Әуезов  1959  жылы 
«Әдеби мұра және оны зерттеу» аталатын Қазақ ССР Ғылым 
академиясы ұйымдастырған конференцияда қазақ әдебиеті та-
рихын  түркі  халықтарына  ортақ  көне  дәуірлерден  бастау  ке-
рек деп көтерген бастамасын, аяқтан шалған дұшпандарынан 
ығып, ашық қолдап, қорғай алмағанына таңмын – деп екінші 
бір сырдың ұшығын шығарады.
Көзі  тірісінде  ұлы  адам,  ойшыл  жазушы  Мұхтар  Әуезов 
әрбір  жарық  көрген  жаңа  еңбегін  көл-көсір  тілегін  айтып, 
қолтаңбамен  сыйлайды  екен.  Соның  кейбіріне  көз  жібертіп 
көрейікші. 
«Бейсембайға!
Кітаптың  дүниеге  шығуына  еткен  еңбегің  мен  достық,  
інілік көңіліңді айрықша сүйсініп бағалаған жүрекпен сыйлай­
мын. 
Мұхтар. 31/VІІІ­42.» /М.Әуезов. «Абай», 1942 жыл/.
«Асыл  інім  Бейсембайға,  айнымас  достық  белгісіне.  (Қол 
қойған).  17/ІІІ-48  ж.»  (М.Әуезов.  «Абайң,  екінші  кітап,  1947 
жыл).
«Қадірлі Бейсекеңе, ұдайғы дос көңілден. (Қол қойған). 10/
VІ-56 г.» (М.Әуезов. «Абай жолы», екінші кітап, 1956 жыл).
Иә, бұл жолдарда уақыт өткен сайын бағасы арта беретін, 
сонымен бірге ғалымның да абыройын, адамдық бейнесін ке-
лер ұрпаққа көркейтіп жеткізер қаншама көсем сырлар жатыр 
десеңізші?!  Мұқаң  секілді  кірпияз  кісі  қанаттас  Бейсекеңнің 
ғалымдық болмысы мен адамдық ізгілігін қатар жаратып, жақсы 
көрмесе осыншалық көл-көсір көңілін білдірмесе керек.
Қиылып  қолтаңба  сұрар  кісің  –  Бейсекең  емес.  Демек, 
ғалым кітапханасындағы қолтаңбаның қайсысы да жазушының 
өз көңіл әуені, жүректен шыққан шын қимас сезімі.
Қолтаңбаларға  сыналай  қарап,  сыр  аңдауға  тырысайық. 
«Кітаптың  дүиеге  шығуына  өткен  еңбегің»  –  тікелей  «Абай» 
романының тағдырына қатысты. Шығарма әрі тарт, бері тарт – 
көкпарға айналған кезең, жоғарыдан қаһарлы бұйрық беріліп, 
мансап иелері шарасыз бұғып-бұғып қалған сәттерде Бейсекең 
жасаған бір қайратты еске салғандай. «Асыл інім» – адамдық, 
кісілік  болмысын  ұнату.  «ұдайғы  дос  көңілденң,  «айнымас 
достық белгісіне» – кітаптан қітапқа көшіп, қолтаңбадан қал-
майтын  бұл  сөздерде  де  терең  астар  бар.  Қазақ  жазушылары 
арасындағы қасіретті айтыс-тартыс заманын еске түсіргендей. 
Таразы  басы  ауған  жаққа  қазақ  жазушылары  жапырлай  ауып 
жүретін  аумалы-төкпелі  кезең.  Табандап  тұрып  айтысып,  ай-
нымай  Мұқаң  қасында  қалған  Бейсекең  бейнесі  көзге  елес 

108
109
береді. Жеңісте де, жеңілісте де бір болған Бейсекеңе Мұқаң да 
тұрақтылық танытып, «ұдайғы дос көңілін» сыйлайды…
Ұлы  Әуезов  пен  Кенжебайұлы  достық,  қимастық  сырла-
рын  уақытында  дос-жаран,  қатар-құрбы  қызғанып  қарасын, 
қызығып қарасын – замандастары қапысыз мойындаған. Ғалым 
кітапханасындағы  екінші  бір  топ  қолтаңбалар  осындай  ойға 
жетелейді. Енді сондай қолтаңба-жәдігерлікке үңілейік:
«Ұлы  Мұқаңның  қимас  досы  болған,  ғылыми  да  әдеби 
мұрагері  аяулы  Бейсекеңе,  автордан.  (Қол  қойылған).  9/V-
1976». Бұл – ұлы жазушымен елдес, жерлес, ұзақ жыл сапар-
лас, сыйлас, дос болып өткен журналист Ғайса Сармурзиннің 
«Өнеге» аталатын кітабына жазып сыйлаған қолтаңбасы.
«Қадірлі Бейсеке!
Мұқаңды  қандай  көрсем,  Сізді  де  сондай  көремін.  Мына 
бір жұпыны еңбегімді шын ықылас белгісіндей қабыл алыңыз. 
(Қол қойған). 6/ХІ-1968 ж.» Бұл – жазушы Әмен Әзиевтің «Жез 
таулар» кітабына жазып берген қолтаңбасы.
«Бейсеке,  в  знак  глубокого  уважения  и  в  память  много­
летней  дружбы  с  нашей  семьей.  От  автора.  14/1-70  г.»  Бұл 
– жазушының қызы, белгілі ғалым Ләйла Әуезованың «Истори-
ческие основы эпопеи «Путь Абая» /1969/ – аталатын кітабына 
жазып берген қолтаңбасы.
Қадірін  білмейтін  пендеге  не  рауа,  ал  Бейсекең  қадірін 
бі летін  жандардың  бәрі  осылай  оны  ұлы  жазушының  көзі 
тұтады. 
Айтары жоқ, қызық тағдыр, қызық байланыс, қайталанбас 
сабақтастық.
Тіршілігінде сездік пе екен, ұлы адамның Бейсекеңе наза ры 
ауғанын? Қос арыс арасындағы әдебиеттік байланыс, тіршілік 
қатынастарына зер салдық па? Әй, қайдам… Сезгенде, білгенде 
сыр шертуін өтініп, жүзіне талай телміргенде шешіліп сөйлеп, 
көсіліп мақтанатын кісі тағы да Бейсекең емес. 
–  Әуезовпен  қалай  дос  болдыңыз?  –  деп  добалдай  сұрақ 
қоямыз ғой баяғы. 
– Алдымен таныс-біліс болдық, кейін үйме-үй араластық, 
қызметтес  жүрдік,  басын  бұлт  шалғанда  жалт  бермедік,  ба-
сына күн шұғыласы түскенде қойнына тығылмадық, басынан 
қиқу, ізінен аңдушы, бүйірінен шаншу кетпеді, сатылмай, сат-
пай қасынан табылуға тырыстық, – деді ғалым терең ойланып, 
сараң сөйлеп.
Енді бүгін ғалым күнделігін, ондағы ұлы жазушы жөнінде-
гі естелік жазбаларды оқып отырып, бірсыпыра ойға қаламыз. 
Өз тағдырынан өткен, бастан кешкен жағдаяттарды қойын кі-
табына  түсіріп,  есте  бардан  есеп  беріп  отыратын  әдеті.  Әйт-
песе,  көзі  тірісінде  кемшілігін  жасырып,  жетістігін  дабырай-
та  көрсетіп  мақтанайын,  жағынайын,  пайда  табайын  деген 
пендешіліктен ада. Міне, сол есеп дерлік еске алу жазбасын-
да  Бейсекең  ұлы  жазушымен  қашан,  қандай  жағдайда  таны-
сып, қаншалық достық қарым-қатынаста болғанын қысымдай 
сөйлеп, өте сараң түсіріпті қағазға. 
Күнделік  жазбасына  қарағанда  Бейсекең  ұлы  жазушы-
мен Мәскеуде – «КСРО Жоғарғы Советінің ведомствосы» ре-
дакциясында қызмет істеп жүрген кезінде – 1939 жылы күзде 
танысқан.  Бұл  жолы  Мұқаң  Бейсекеңнің  Мәскеудегі  пәтеріне 
түсіп, бірнеше күн жатады. Міне, сол жолы сыр алысып, сыр 
берісіп,  қапысыз  достасады.  Бұл  достық  шайтан  араласса  аз-
бас, әзәзіл арапшы азғырса жарықшақ түспес қымбат та, шы-
найы  қатынасқа  айналады.  Екеуара  аға-інідей  достық  қа рым-
қатынастың  мұншалық  терең  де  берен  қалыптасуына  Бей се-
кеңнің  атақ-даңққа  құлай  бермейтін,  жалған  жалтырамай  – 
бойындағы барымен жарқырайтын, не айтса да ойлап айтатын, 
айтса қайтпайтын табанды кісілігі себеп болған шығар деп ой-
лаймын. Сондай-ақ, Бейсекең өмір жолын да, шығармашылық 
жолын да Тәшкенде бастаған адам. Темірқанат шағында білім 
алған,  әр  рәуаятта  таныс,  біліс  болған  адамдары  –  Ахмет 
Байтұрсынов,  Әлихан  Бөкейханов,  Міржақып  Дулатов,  Тұрар 
Рысқұлов, Сұлтанбек Қожанов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан 
Жұмабаев, Зейнел-Ғаби Иманжанов, Сәдуақас Оспанов, Әмин 
Жүсіпов – бәрі де Мұқаңның қатар сыйласқан, бірін аға, бірін 
іні тұтқан қимастары. Тәшкен – Бейсекеңнің көзін ашқан жері 
болса, Ленинград университетінен түлеп ұшқан Мұқаңның да 
аспиранттық белесін өткен ыстық та қимас өмір кезеңі өткен 
жер. Қазақ ғылымы үшін әлі ашылып болмаған ұлы адамның көп 
жұмбағы Тәшкенде жасырын жатыр десек жарасады. Күншығыс 
еңбекшілері коммунистік университетінде /КУТВ/ білім алған 
Бейсекеңнің студенттік шағы да тікелей Мағжан Жұмабаевпен 
ұстаз-шәкірттік  байланыста  өткен.  Шәкірт  бала  ақын  үйінде 
өскен  десе  жарасарлықтай  жақын  сыйласқан.  Ә.Бөкейханов, 
Н.Төреқұлов, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов – Мәскеуде әр тарапта 
тәрбиесін көрген қайраткерлер. Ал бұлардың қай-қайсысы да 
М.Әуезовтің балаң шағында мидай араласқан адамдары. Қадір 
тұтар  қимастары.  Қала  берді,  отызыншы  жылдары  Бейсекең 

110
111
қажымас  қайраткер  Міржақып  Дулатовпен  «Еңбекші  қазақ» 
газетінде  бір  бөлмеде  қатар  отырып,  қалам  қызметін  бірге 
атсалысқан,  аға,  іні  болып  сыйласқан  жандар.  Студент  пар-
тасында  отырып,  жазған  Абай  жайлы  мақаласын  Мәскеуде  – 
Мағжан Жұмабаев оқып, мақұлдаса, Қызылордада – «Еңбекші 
қазаққа»  Бейімбет  Майлин  қос  нөмірге  жариялап,  тұсауын 
кескен,  Міржақып  Дулатов  «Қазақ  әдебиетінің  көрсеткішіне» 
ол  мақаладан  үзінді  келтіре  сөйлеп,  мархаббатпен  енгізген. 
Бейсекеңнің кісілік айнымас асыл қасиеті – дүниені жау шау-
ып, жан алқымға алып жатса да өз пікірін өзгертпейтіні, белгілі 
бір адам жөнінде өз байламынан қайтпайтыны. 1937 жылдың 
қара  құйыны  соққанда  да  өз  пікірінен  айнымаған,  қайтпаған 
Бейсекең «шаш ал десе, бас алатын» қазақы ортадан тысқары 
жүргендігінен ғана оң иығындағы періштесі қағып аман қалған 
ғой…
Айтып өткен жайлардың қай-қайсысы да Бейсекең басынан 
табылғанда  екі  көздің  бірі-біріне  қастық,  жаулық  жасағанын 
қазақ  елінен,  қатар  жүрген  азаматтардан  көріп,  біліп  ба-
рып  отырған  Мұхтар  Әуезов  қуанбады  деп  қалай  айтайық?! 
1939 жылы Мәскеуде екеуара өткен әлденеше күндік сырласу 
қазақтың  қос  арысын  ажырамастай  етіп  осылай  табыстырған 
еді.
Күнделігінде Бейсекең былай деп жазады: «1941 жылдың 
басында бір барғанында Мұхтар өте қуанышты еді. Кездесіп, 
әңгімелесе бастағанымыздан­ақ:
– Мен биыл бір үлкен жұмыс бітірдім. Абай туралы біраз 
жылдан  бері  жазып  жүрген  романымның  бірінші  кітабын 
бітіріп, баспаға бердім.
Бұған дейін ірілі­уақты бірсыпыра шығарма жаздым ғой. 
Мына романым соның бәрінен өзге, жазушылық қызметімнің 
бір  биік  белесі…  Адам  өзінің  әр  жұмысына,  біріне  аз,  біріне 
көп  дегендей,  әр  түрлі  қанағаттанады,  түр ліше  риза  бола­
ды.  Мен  бұрынғы  жазғандарымның  еш біріне  романыма  қа­
нағаттанғандай қанағаттанған, риза болған емес едім. Бұған 
бір  айырықша  қанағаттандым  –  дегенді  айтты»  («Бастан 
өткендер,  ойға  келгендер  мен  жиған-тергендер»  –  аталатын 
күнделік дәптері. Бірінші дәптер, 36-37-беттер).
Бүкіл  бүгіліс-түгілісіне  ой  жіберіңкіреп  ойланып  оқыған 
кісіге  бұл  қарапайым  жазба  көп  мәлімет  берер  еді.  Демек, 
атақты «Абай жолы» эпопеясының алғашқы кітабы аяқталған. 
Жазушы көңіл күйі шаттықты. Алайда, осының бәрі Мұқаңдай 
көлеңкесінің  өзіне  күдікпен  қарайтын  сауысқаннан  сақ,  за-
ман  әбден  үрейлендіріп  зәрезап  еткендігі  сонша,  бір  құлағын 
жастыққа  басып,  бір  құлағымен  тың  тыңдауға,  бір  көзін  ұй-
қыға  жұмса,  екіншісін  қарауыл  қаратуға  үйренген  адам,  бай-
қаған кісіге, Бейсекеңе жан сырын аша сөйлеп отыр. Ұлы адам 
жөніндегі  естеліктердің  бірде-бірінде  –  бірде-бір  замандасы 
Мұ қаң «Абайды» аяқтадым» деп аңқылдап сыр ашты, дастарқан 
жайды дегенді айта қойған жоқ-ты. Сөйткен Мұқаң Мәскеуде 
Бейсекеңе сырын ашса – сенгені, мақтана сөйлесе – дос алдын-
да мерейленгені.
Өте нақты, затты сөйлейтін Бейсекең одан әрі үлкен туынды 
үшін шампан атып, шарап ішкенін, ұлы адамның қуанышымен 
бірге уақыт, замана һәм замандастарынан көрген құқайын, же-
ген пұшайманын, естіген ғайбатын айтып жатпайды. Одан әрі 
өзін тағдыр айдап Алматыға ауысып келгені, тағдыр сабақтап 
ұлы эпопеяның жарыққа шығу тарихына қалай орайласқанын 
баяндайды.  Өзін  сан  толқуға  салып,  берекесін  алып,  бейнет 
шектірген, ақыр-аяғы қызметтен кетуге мәжбүр еткен хикметті 
де мейлінше қарапайым, мейлінше ұстамды әңгімелейді. Біреу 
есітіп, біреу естімеген ғалым сырына құлақ түрелікші:
«1941  жылы,  май  айында  мен  Алматыға  қызметке  ауы­
стым. Қазақтың мемлекеттік баспасының бас редакторы бо­
лып тағайындалдым.
Сол  жылы,  22  июнь  күні  Ұлы  Отан  соғысы  басталды. 
Соғыс  басталған  соң  он  бес­жиырма  күннен  кейін  баспаның 
директоры  Ахмет  Өтеев  пен  мені  Қазақстан  Орталық  пар­
тия Комитеті шақырды. Онда бізді Скворцов пен Бұзырбаев 
жолдастар қабылдады. 
–  Біз,  Бұзырбаев  жолдас  екеуміз,  Сіздердің  жоспар­
ларыңызды көріп шықтық. Оны бүгінгі күннің зәру қыз метіне 
ыңғайлауды  ойластырдық,  –  деп,  Скворцов  баспаның  соғыс 
жағдайындағы  міндеттерін  айтты.  –  Жос парларыңызда 
Әуезовтің  «Абай»  романы  бар  екен.  Ол  баспаханада  теруде 
жатқан  көрінеді.  Біздіңше  сол  романды  шығарудың  қажеті 
жоқ.  Бір  жағынан,  ол  соншалық  актуальды  емес;  екінші 
жағынан, авторы сенімді адам емес. Сендерге партиялық тап­
сырма: біз, Орталық партия комитеті айтты демей Әуезов­
ке  өздерің  бір  себеп  айтып,  оның  романын  тоқтатыңдар, 
шығармаңдар – деді Скворцов.
Мұны  Бұзырбаев  та  қостады.  «Абай»  романын  шығармау 
жөнінде бізге ол да бірсыпыра кеңес берді.

112
113
Екі-үш күннен кейін мен Мұқаңды шақырдым:
–  Баспаханаларда  жұмысшылар  аз  қалды.  Жабдық  жоқ. 
Соғысқа  тікелей  байланысты  кітаптардың  өзін  шығару  тіпті 
қиын  болып  жатыр.  «Абай»  кешігетін  көрінеді.  Ол  ескі,  ла-
тын  әрпімен  терілген  екен.  Енді  бірер  жылдан  кейін  оны  ла-
тын  әрпімен  шығару  мүлде  қолайсыз  болады.  Сондықтан 
Мұқа, «Абайдың» листаларын алыңыз. Түзетулеріңіз, қосатын, 
қысқартатындарыңыз болса, соның бәрін жасаңыз. Сонан кейін 
оны жаңа әріппен шығарайық – дедім.
Мұқаң бұған қуана-қуана көнді. «Абай» «тоқтатылды». Бұл 
Бұзырбаевқа хабарланды, ол енді шығарылмайды делінді. Біраз 
күнде  Мұқаңа  кітаптың  «листалары»  берілді.  Мұқаң  оларды 
көп ұстамай, түзетіп әкелді.
Бұл  кезде  мен  Скворцовтың  партиялық  тапсырмасын  ары 
ойлап, бері ойлап, ол қате, партиялық тапсырма емес, партия 
жолын бұрмалау деген қорытындыға келген едім. Қолжазбаны 
кідіртпедім:  машинкаға  жаңа  әріппен  қайта  бастырып,  бас-
паханаға жібердім…
Келесі, 1942 жылы июль айында «Абай» баспадан шықты. 
«Абай»  баспадан  шыққан  күні  ол  жөнінде  газетте  біздің, 
Қ.Шаңғытбаев  екеуміздің  мақаламыз  шықты  («Социалистік 
Қазақстан» 26 июль, 1942 жыл).
Мақаламызда біз «Абай» романын тиісінше бағалауға ты-
ыстық: тарихи роман деп танып, оны совет әдебиетіндегі бел-
гілі  тарихи  романдармен  салыстырдық.  «Абай»  ол  ро ман дар-
дың  бірқатарынан  жақсы  болып  шыққан…  «Абай»  романы 
қазақ совет әдебиетінің үлкен бір табысы».
Осы мақала шыққан соң екі­үш күннен кейін мені Қазақ стан 
Орталық  партия  комитетінің  сол  кездегі  секретарларының 
бірі  Мұхаметжан  Әбдіхалықов  шақырды.  Бардым.  «Абай» 
туралы  мақала  столының  үстінде  жатыр.  Қызыл  қаламмен 
шимайланып сызылыпты. Мұхаметжан қабағынан қар жау­
ардай, түнеріп отыр. Мен отыра бергенде ол орнынан тұрды. 
Ашуланып, мені бүріп сөйлей бастады.
– Мына романды саған кім шығар деді? – деп, мақаланы 
нұқып қойды. 
Мен жауап айтпақ болдым. Ол:
– Тоқта! Сен өзің кімнің кітабын шығарып отырсың? 
Кімді,  кімнің  шығармасын  мақтап  отырсың?  –  деп  ба­
стырмалата жөнелді. 
Мен тағы да жауап айтуға ыңғайланған едім, ол тағы киіп 
кетті. 
– Сөзге жол бергің жоқ. Өзің бір асаусың ғой!..
Әуезов бұрын пәлен болған, түген болған… Ол қазір мой­
нында  соттылығы  бар,  пәлен  адам,  түген  адам…  Ертеңгі 
күні… ол бізге пәлен істейді, түген істейді – деді.
Айтқандарына тәнім түршікті. Оларды енді, он бес жыл­
дан кейін осында жазуға аузым да бармайды.
– Сен мақалаңда «Абай» романын Сталиндік сыйлық алған 
«Петр первыйға», «Шыңғыс ханға» теңейсің. Сонда сеніңше 
бұған да Сталиндік сыйлық беру керек қой шамасы? Шіркіннің 
білгішін, бағалағышын!..
– Жоқ, енді жақсыны жақсы деу…
– Сандырама! Жақсыны сенен басқа кісі танымай ма екен? 
Сен түк білмейсің. Мұнан былай тіпті сын жазуды қой… Бар… 
деп шығарып жіберді.
Екі­үш  жылдан  кейін  сол  Әбдіхалықов  «Абай»  романын 
Сталиндік сыйлыққа ұсынған қаулыға қол қойды. Бірақ «Абайға» 
ол жолы сыйлық берілмеді, екінші кітабы күтілді. Сол шыққан 
соң, 1948 жылы Сталиндік бірінші дәрежелі сыйлық берілді». 
(Аталған күнделік. 38-39-40-41-42-43-беттер).
Қандай  ғажап  ерлік!  Кісінің  оқып  отырып,  қарадай  әл де-
кімдерге зығырданы қайнайды. Қазақ жазушысының қазақша 
жазған  романында  қазақша бір ауыз  сөз  білмейтін Скворцов - 
тың  не  әкесінің  ақысы  бар  десейші?  Бастықтың  айтқанынан 
шыға алмайтын, қуыршақ хатшылар Бұзырбаев пен Әбдіха лы-
қов  әрекеті  анау.  Міне,  осындай  қысылтаяңда  қараңғыда  жол 
тапқандай,  мүмкіндік  тауып  «Абайды»  жарыққа  шығарған 
Бейсекең  әрекетіне  жаның  жадырайды.  Ойлап  қараған  кі-
сіге,  бұл  әрбір  туынды  тұсында,  әрбір  жазушы  тағдырында 
қайталана  берер  жағдайдан  емес.  Асылы  қай  дәуір,  қандай 
жағдайда  да  тор  шын  талантқа  құрылған,  керме-кедергі  за-
манынан  озық  тұрған  ұлы  жазушының  құбылысқа  айналып 
туған шығармаларына жасалған. «Шахнаманы» Ғазнауи ханға 
«сыйлатқан» Фердауси тағдырын еске алыңыз. А.С.Пушкиннің 
тарихи  шығармалары  мен  мемуарының  қалай  жазыла  ба-
стап, орта жолда тоқтатылғанын ойға түсіріңіз. Алғашқы шы-
ғармасының  ұлы  В.Г.Белинский  мақтауына  ілінгені  үшін  за-
мандастары  қызғанышына  ұшыраған  жап-жас  Ф.М.Достоев - 
ский өміріне көз жіберіңіз. Қайран да қайран шерменделіктің  
қыл  шылбырынан  құтыла  алмай,  тұтылып  қалып  жататын 

114
115
ұлылық.  Ұлылық  қыр  соңынан  қалмай  өкшелеп,  ізін  аң-
дып  құлтабандап  діңкесін  құртатын  көре  алмаушылық, 
қызғаныштың қызыл иті-ай десеңші?! 
Сонау жиырмасыншы жылдары ұлы Абайдан қашқан, тап - 
ты  желеулетіп  халықты  ұлы  Абай  жырынан  қашыртқан  қара 
ниет қырқыншы жылдары да қартаймапты, қырқыншы жылда - 
ры да саясатты сылтау, замана желін желеу еткен кейіпте ұлы-
ларға ауыз салған әдетінен жаңылмапты. Әлі жеткен жерді өзі 
жайпап,  әлі  жетпеген  жерді  кезеңдік  әкімдер  қолымен  тұн-
шықтырып  үйренген  қайран  қара  ниеттілік.  Сонау  жиырма-
сыншы  жылдары  ұлы  Абайды  арашалаған  жас  Бейсембай 
қырқыншы  жылдары  ақын  жайлы  романды  арашалап  жан-
ұшырып жүр. 
Қай уақытта да әдебиетпен, өнермен саясаттың қолына су 
құю, қай уақытта да саясаттың әдебиет пен өнер ісіне араласуы 
– екеуі бірдей ұтылысқа шығады, кейінгі ұрпақ алдында екеуі 
бірдей қарабеттік күй кешеді. Бүгінгі уақыт биігінен, бүгінгі күн 
түсінік жетегіне ілесе талдай қарайықшы жоғарыда айтылған 
жайларға. Басқа емес, «Абай» романын жарыққа шығармау ісіне 
Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің кезіндегі бірінші 
хатшысы Скворцов араласып отыр. Не түсініп, не біліп арала-
сып  отыр  десеңізші?! 1937-38  жылдардың  қанды науқанында 
қазақ интеллигенттерін аяусыз қырғынға ұшыратқан басшы, ең 
болмаса науқан өткен соң, қатары селдіреп қалған қазақ интел-
лигенциясына тыным берсейші, одан да құлаған экономиканы 
қалпына  келтірумен  айналыссайшы.  Жоқ.  Игі  істің  бірі  жоқ. 
Енді келіп халық жанына рухани ырыс болып құйылғалы тұрған 
«Абайды» жауып тастағысы келеді. Әрине Скворцов арқасында 
Бұзырбаев, Бұзырбаев арқасында тағы біреу, біреу емес біреу - 
лер,  бірнешеулер  тұр  ғой  тасаланып.  Және  ол  міндетті  түрде 
қазақ! Замандасының атын оздырғысы келмейтін, өз жақсысы-
нан жаттың жаманын артық көретін қазақы надандық. Әйтпесе, 
қазақша  әліпті  таяқ  деп  білмейтін  Скворцовтың  «Абайда»  не 
әкесінің құны бар дейсің?! Домалақ арыз жаздырғыш, ырқына 
көндіргіш ықпалды топтың айтағына еріп, соның сөзін сөйлеп 
отыр ғой орыс басшы. Айтаққа ерген жортақ…
Бір  сәтке  мынадай  жайды  көз  алдыңызға  елестетіп 
көріңізші.  Мұхтар  Әуезовтің  «Абай»  романы  авторының  «са-
яси  сенімсіздігінен»  жарыққа  шықпай  қалды  делік.  Негізінен 
Қазақстан  Компартиясы  Орталық  Комитетінің  бірінші  хат-
шысы  араласқан  іс  «оң»  десе  оңынан,  «теріс»  десе  терісіне 
бұлжымай  орындалуға  тиісті  ғой  ол  кезде.  Мәскеуде  жүріп, 
1937-нің  қыспағын  көрмеген,  әрі  өз  дегенінен  қайтпайтын 
өжет Бейсекең тас жұтып, тәуекел етпесе, күштілердің айтқан 
сөзіне шыбындап бас изей беретін қазақ жағдайында, тап со-
лай, «Абай» жарыққа шықпай қалуға тиісті еді ғой. «Абайдың» 
алғашқы  кітабы  жарыққа  шықпаса  ұлы  эпопеяның  кейінгі 
кітаптары жазылар ма еді, жоқ па еді? «Абай» жарыққа шықпай 
қалса,  онсыз  да  ұлтшыл,  алаш  аты  қыр  соңынан  қалмай,  иті 
қырын жүгіріп, қырсық иектеген жазушы кезекті қуғын, көпе-
көрінеу  шеттетуді  көтере  алмай  ажалынан  бұрын  өліп  кет-
се  қайтер  едік?  КСРО  Мемлекттік  сыйлығын  алғаннан  кейін, 
1953 жылы ҚазМу-ден шығарылып, Қазақстаннан қуылғанын 
еске алсаңыз бәрінің де мүмкін екеніне көз жеткізесіз. «Абай» 
–  А.Байтұрсынов,  Ж.Аймауытов,  М.Жұмабаев  еңбектерімен 
бірге ақталып, оқырман қолына бүгінгі күндері тиіп жатса ше? 
Масқара! Ойласаң жаның түршігеді…
Жаһанды жауға алдырып, көңілді күдікке шалдыра бермей-
ақ, оңынан сөйлегенде «Абай» Скворцов пен Бұзырбаевтың сол 
шеттетуінен шегініп кетіп оншақты жыл кешігіп барып жарық 
көргеннің өзінде қаншама ұтылыс болар еді?
Жақсылы-жаманды  айтылып  жатқан  сұраулы  қауіпті  жағ-
дайлардың бірі орындалды-ақ, шығарма авторы – М.Әуезовтен 
бастап, бүкіл қазақ әдебиеті үшін үлкен ұтылыс боларына шек 
жоқ. Онда бір қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл Орта Азия әдебиеті 
көп мәселеде кенжелеріне де күмәндана алмайсыз. Қарапайым 
оқырман қауымның әдеби-эстетикалық талғамын көтеруден ба-
стап, жазушылық мәдениет, қаламгерлік деңгей, әдеби шеберлік 
сабағы,  әдеби  дәстүр…  дегендей  бір-біріне  кіндігінен  байла-
нып жатқан өзара сабақтас, өзектес мәселелердің бәрі ақсар еді, 
бәрі кенжелеп, кейіндеп мешеулене берер еді ғой онда. Айтарға 
аузың бармайды. Тфә-тфә…
1942  жылы  «Абай»  жарыққа  шықпаса,  екінші  кітабы  жа-
зылмайды,  екінші  кітабы  жазылып  жарық  көрмесе  Мұхтар 
Әуезовке  1948  жылы  Сталиндік  сыйлық  берілмейді.  Сыйлық 
алған  соң  да  талай  қуғын-сүргін  көрген  Мұхтар  Әуезов  егер 
сыйлық  алмаған  болса  алашорданың  сарқындысы  ретінде, 
ұлтшыл  жазушы  деген  айып  тағылып  айдалып  кете  барар  ма 
еді?! Қалай дегенде де қырқыншы, елуінші жылдардың ішінде 
басына сан рет үйірілген бұлттардың бірінен болмаса бірінен 
жазым болуы кәдік-ті ұлы жазушы. Демек, «Абай» романының 
дер  мерзімінде  жарыққа  шығуы  айтулы  шығарманы  аман 

116
117
сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар М.Әуезовтің өз басы-
на жасалған саяси айыптау, дұшпандық шабуылдардан қорған 
болды.  Талай  тоспа-тоспаларда  тұтылып  қалмай,  құтылып 
шығуына  «Абай»  даңқы,  атақты  шығармаға  алған  сыйлық  аз 
септеспесе керек.
Әуел  баста  жазылмаса  сөз  басқа,  аса  дарынды  жазыла 
бастаған  көп  томды  шығарманың  алғашқы  кітабына  саналы 
түрде жасалған мықты тосқауыл, сол тұста мейманасы тасыған 
әкімдердің  көзін  алдап  қапы  соқтырған  баспагер  Бейсембай 
Кенжебаевтың  қарапайым  қолқабысының  соншалық  қадірлі 
болатын себебі де, міне, осында.
Міне,  осындай  қысталаң,  өзексіз  өңезе  –  тар  кезеңде 
Б.Кенжебайұлының  тәуекелі  –  басын  бәйгеге  тігу,  тәуекелі  – 
қайталанбас рухани ерлік, қайталанбас кісілік.
Басын бәйгеге тігу дейтін себебіміз – «Абайды» шығармау, 
басқа емес, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сол 
кездегі бірінші хатшысы Н.А.Скворцовтың, қатардағы хатшы-
сы А.Бұзырбаевтың нұсқауы. Ал, оны орындамау, ең жеңіл де-
генде қызметтен алынып, майданға жіберілу. Әйтпесе, әлі 1937 
жылғы қанды қырғын суи қоймаған ол жылдары, одан да зо-
рын күтуге болатын. Тұп-турасын айтқанда, айдалып, атылып 
кетуі де әбден мүмкін еді батылсыған баспагердің. Ғайып-ерен, 
қырық шілтен қолдады ма, әйтеуір ғалым ел, жұрт бақытына 
аман  қалды…  Сөйтіп,  қайталанбас  кісілік  қарызын  өтеп 
парызға айналдырды, ұлы жазушы алдында, келешек ұрпақтар 
бақытына қайталанбас рухани ерлік жасады. Жанын шүберекке 
түйе жүріп жасады. Қолетінде жүрген баласындай балаң ақын 
Қ.Шаңғытбаевты  кітап  редакторы  етіп  тағайындап,  «Мұхтар 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет