Нәтижесін бағалау: Бас айналымы ЖТБ – 34 -36 см (БА) 1 жасқа дейінгі есептеу жолы:
6 айда - 43 см. Әр жетпейтін айынан 1,5 см алады. Әр артық айына 0,5 см қосады.
2 – 15 жастағы балада:
5 жастағы баланың бас айналымы – 50 см. Әр жетпейтін санына 1 см азайтады. Әр артық санына 0,6 см қосады.
Кеуде айналымы ЖТБ – 32 – 34 (КА) 1 жасқа дейінгі балаларда есептеу жолы:
6 айлық баланың КА – 45 см.
Әр жетпейтін айына 2 см азайтады. Әр артық айына 0,5 см қосады.
2 – 15 жастағы баланың КА:
10 жасқа дейін 63 – 1,5 (10-n) , n- жасы.
10 жастан кейін 63 + (n -10), n- жасы.
Баланың физикалық дамуын, БАБЖ бағдарламасы бойынша “Физикалық даму картасымен” бағалау алгоритмі . ИВБДВ модулінен «Физикалық даму картасын» алныңыз.
Картаның сол жағынан баланың дене салмағы көрсеткіштерін, ал төменгі жағынан баланың ай бойынша жасын табыңыз.
Сызғыш көмегімен осы көрсеткіштердің қиылысу нүктесін табыңыз.
Анықталған нүкте бойынша «жасы бойынша орташа салмағы» ИВБДВ модулімен анықтау.
Баланың тәндік бағалауын БАБЖ бағдарламасы бойынша бағалау.