Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары


Бой ұзындығын өлшеу (1 жасқа дейінгі балада)



бет17/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Бой ұзындығын өлшеу (1 жасқа дейінгі балада)
Мақсаты: Баланың бой мөлшерінің сәйкестігін бағалау;
Көрсеткіші: 1 жасқа дейінгі баланың баланың физикалық дамуын бағалау;
Кері көрсеткіші: Баланың халының аса ауыр жағдайы.
Керекті құралдар:

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Горизонтальды бой өлшегішті тегіс тұрақты жерге шкаласын өзіңе қаратып орналастыру.

  3. Керекті құралдарды дайындау.

  4. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке қолғап кию.

  5. Бой өлшегішті дез.ерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  6. Өлшегіштің үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жақтауға қаратып жатқызу.

  7. Баланың тізесін басып, аяғын түзеп жатқызу.

  8. Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жатқызу.

  9. Бой өлшегіштің шкаласы бойынша баланың дене ұзындығын анықтау.

  10. Баланы бой өлшегіштен алып көрсеткіштерін жазу және қорытындысын анасына хабарлау.

  11. өлшегіштен жөргекті алып тастап дез.ерітіндісімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.

  12. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту: баланың бойын таңертеңгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы 22-240С.

Нәтижесін бағалау: ЖТБ бойы – 46-56 см.
Орташа ұлдардың бойы – 50,7 см, қыздардікі – 50,2 см.
І кварталда ай сайын 3 см өседі = 9 см
ІІ кварталда ай сайын 2,5 см өседі = 7,5 см
ІІІ кварталда ай сайын 1,5 -2 см = 4,5 – 8 см
IV кварталда ай сайын 1,0 см = 3 см
Орта есеппен алғашқы жылда 25 см қосады, яғни 1 жасында 75 см болады. Немесе 6 айында 66 см.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет