Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет22/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Қарым-қатынас жасаңыз:
Дүниеге келе салысымен баланың көзіне қараңыз, оған күлімсіреп қараңыз. Қарым-қатынас жасауға ең ыңғайлы уақыт баланы емізіп отырғаныңызда
Бала өскен сайын онымен көбірек сөйлесіңіз, әңгімелесуді әр түрлі дыбыстар және қимылдармен сүйемелдеңіз.


6 айдан 12 айға дейін
Бала қанша рет сұраса, сонша рет емізіңіз, 24 сағаттың ішінде кемінде 6 рет. Емізгенге дейін
қосымша тамақ беруді бастаңыз.
Мынадай қосымша тамақ беріңіз:
-қою күріш, ұнтақ не қарақұмық ботқасы, қамыр тағамы, не картоп езбесі;
-қайнатылған, тартылған, туралған майсыз ет,
әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар(қабықсыз езіп пісірілген); -әр түрлі көкөністер, көк шөптер, жеміс-жидектер және жақсылап тазартылған, ұнталған жаңғақтар;
Бір қасық сары май не өсімдік майы қосылған, қою сулы емес тамақ беріңіз. Әрбір
тамақтандырғанда балаға
150мл (6-7ай),
180мл(8-10ай),225мл(11-12ай) көлемінде тамақ беріңіз.


  • Емшек еметін балаға күніне 3 рет қосымша тамақ беріңіз.

  • Емшек ембейтін балаға күніне 5 рет қосымша тамақ беріңіз.

  • Баланың шайнауына ыңғайлы тағамның кішкентай бір үзімін қолына ұстатыңыз.

  • Балаға өздігінен тамақ жеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ оған көмектесіңіз.

Ойнаңыз:
Балаға қолына ұстап, салдырлатып, лақтыра алатындай, үйдің таза әрі қауіпсіз заттарын
беріңіз.
Қарым-қатынас жасаңыз: Балаңыздың үн дыбыстары мен қызығушылықтарын ілтипатқа
алып, жауап беріңіз. Балаға заттар мен адамдардың аттарын айтыңыз.
12 айдан 2 жасқа

  • Баланы емізуді жалғастырыңыз:
    Балаға отбасылық тамақ тамақты беріңіз, оның ішінде мына тағамдар болуы керек:
    -ұсақтап туралған ет(майсыз), бауыр,балық, пісірілген жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар;
    -әр түрлі көкөністер , көк шөптер, жеміс-жидектер және жаңғақтар;
    -сүт және сүт тағамдары(сүзбе,ірімшік,айран)

  • Әрбір негізгі тамақтандырғанда балаға 300 мл-ден кем емес(1,5 стақан) көлемінде тамақ беріңіз;

  • Балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз
    -отбасылық тамақтан 3 негізгі тағам
    -2 қосымша тағам: жемістер, май жағылған нан, айран, ет салған бәліш, қаймақ қосқан сүзбе.
    Баланың тамақтануына белсенді түрде көмектесуді жалғастырыңыз;





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет