Ойнаңыз:балаға кіргізіп, қайта шығаруға болатын, бірінің үстіне бірін қоюға ыңғайлы, көлемдері әр түрлі заттар беріңіз;
Қарым-қатынас жасаңыз: балаңызға оңай сұрақтар қойыңыз. Баланың сізбен сөйлескісі келген әрекетіне ықыласыңызбен жауап беріңіз. Балаға заттар мен адамдардың аттарын айтыңыз. Онымен қарарайым ойындар
ойнаңыз
2 жас және одан да үлкен Балаға толығымен отбасылық тамақты беріңіз, оның ішінде:
-ет, бауыр, балық және бұршақ тұқымдастары;
-әртүрлі көкөністер, көк шөптер, жеміс-жидектер;
Әр негізгі тамақтандырғанда 350 мл көлемінде тамақ беріңіз (шамамен 2 толық стақан).
Балаға отбасылық тамақтан күніне 3 рет негізгі тағам беріңіз. 2 қосымша тағам беріңіз:
-жемістер;
-қатық немесе айран нанмен/тоқашпен;
-ет немесе өкпе бауыр салынған бәліш;
-қаймақ қосқан құймақша;
Әртүрлі тағамдар ұсыныңыз. Егер бала жаңа тағамды жеуден бас тартса, дәмін татып көруге беріп, оны тағы бірнеше рет ұсыныңыз. Өзіңізге осы тамақ ұнайтынын көрсетіп, баланы қызықтырыңыз.
Ойнаңыз: Балаңызға санауға , заттардың атын атауға және оларды салыстыруға көмектесіңіз. Балаңызға қарапайым ойыншықтар жасап беріңіз.
Қарым-қатынас жасаңыз: баланы әңгімелесуге ынталандырыңыз. Балаңыздың сұрақтарына жауап беріңіз. Балаңызды әңгімелер айтуға, ән салуға және ойнатуға үйретіңіз.
4 1.Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықтықта ұстаңыз.
2.Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып ,мұрыны емшек ұшының деңгейінде болуы керек .
3.Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірулі болуы керек (іші анасының ішіне түйісу).
4.Анасы тек мойны мен иығын ғана емес , сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады .