Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет39/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88
Кері көрсеткіші: жоқ.
Әзірлеңіз:

  • Таза суды

  • Таза шүберекті

  • Кварц лампасын

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Баланы басқа таза кювезге ауыстырыңыз

  2. Кювезді электр торабынан швғарыңыз.Суын төгіп, фильтрін ауыстырыңыз.

  3. Таза шүберекті 1% хлорамин ерітіндісімен сулап алып кювездің ішін 2 рет сүртіңіз.

  4. Кювезді жауып 2 сағатқа қойыңыз.

  5. 2 сағаттан соң кювезді ашып таза сумен суланған шүберекпен кювездің ішін 2 рет сүртіңіз.

  6. Кювездің ішін таза шүберекпен құрғатып сүртіп 2 сағатқа ашық қалдырыңыз.

  7. Кварц лампасын 0,5 м жерге қойып 30 минутқа қосыңыз. Кювездің қақпағын жауып тағы да 2 сағатқа қойыңыз.

  8. 2 сағаттан соң кювезді электр торабына қосыңыз.

  9. 11.Кювездің ішкі температурасын 31-35о-қа, ылғалдылығын 60-80 %-ке, оттегі мөлшерін 30-40% етіп реттеңіз.

Ескерту: Кювез әр 3 күн сайын тазартылуы керек. Кювездің көрсеткіштерін әрдайым қадағалаңыз.


Нәрестеге және ерте жастағы балаларға тазартқыш клизмасын қою
Мақсаты: ішекті нәжістен тазалау.
Көрсеткіші:Нәжістің тұрып қалуы.
Кері көрсеткіші: тік ішектің жарақаты.
Керекті құралдар:

  • Бөлме температурасында суы бар ыдыс.

  • Ұштығы бар резеңке баллон.

  • Вазелин майы.

  • Резеңке қолғап, алжапқыш.

  • Клеенка, жөргек, дез.ерітінді.

  • Сүлгі.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Горшок.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап, алжапқыш кию.

  4. Қатты, тегіс жерге клеенка және жөргекті төсеу.

  5. Баланы сол жақ қырына аяқтарын бүктіріп жатқызу, 6 айға дейінгі баланы шалқасынан, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.

  6. Баллонды оң қолға алып, ауасын шығарып бөлме температурасында (20-220С) суды сорып алу.

  7. Баллонның ұштығын вазелин майымен майлау.

  8. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта ұстау.

  9. Баллонның ұштығын жоғары қаратып қысу арқылы ауасын шығару және баллонды босатпау. Баллонды анальды тесікке кіндіктің бағытында енгізу, анальды тесіктен өткен соң сегізкөзге паралелльді тік ішекке қарай жылжыту.

  10. Баллонды жайлап қысып суын жіберу. Баллонды босатпай ұштығын тік ішектен шығарып дез.ерітіндіге салу.

  11. Баланың жамбасын 3-5 минут босатпай ұстау. Баланың жыныс мүшелерін жөргекпен жауып, нәжіс бөлінгенге дейін шалқасынан жатқызу. Ересек баланы горшокқа отырғызу.

  12. Клеенка, жөргекті, дез.ерітіндіге салу.

  13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелері жуу. Сүлгімен құрғатып сүртіп, баланы киіндіру.

  14. Алжапқышты шешіп дез.ерітіндіге салу.

  15. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.


Ескерту: Тазарту клизмасына арналған судың көлемі баланың жасына сай болуы керек:

  • Нәрестелерге-25-30 мл.

  • Емшек жасындағы балаларға-50-150 мл.

  • 1-3 жастағы балаларға-150-250 мл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет