Сарсебаева С. А. директордың тәжірибе ісі жөніндегі орынбасары



бет41/88
Дата27.11.2023
өлшемі6,53 Mb.
#128896
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88
Байланысты:
Алгоритм педиатрия казакша жана 2020 — копия

Ауыз қуысын тексеру
Мақсаты: баланың ауыз қуысын тексеру.
Көрсеткіші: баланың шағымдармен келуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Әзірлеңіз:

  • стерильді шпательді

  • резеңке қолғапты

Іс - әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты манипуляция мақсатымен таныстырыңыз.

  2. Қолыңызды жуып, құрғатып резіңке қолғапты киіңіз.

  3. Баланы қараша қарысыңызға отырғызыңыз.

  4. Сол қолыңызбен баланың ұртын басып аузын аштырыңыз.

  5. Шпательмен баланың екі жақ ұртын тексеріп, тілінің түбін басыңыз.

  6. Шпательмен тексеру барысында тістеріне, ұрттың, тілдің, таңдайының, жұтқыншақтың шырышты қабатына көңіл бөліңіз.

  7. Шпательді өңдеуге жіберіңіз.

Ескерту:

  • қажеттілік болса баланы көмекшіге ұстатуға болады.

Нәтижесін бағалау: баланың ауыз қуысының шырышты қабаты таза, күлгін түсті. Тістерінің саны жасына сай. 1 жасқа дейінгі баланың тістерінің санын есептеу формуласы: п-4, п-айы.

1-жұмсақ таңдай;


2-тілшік;
3-жұтқыншақтың артқы қабырғасы;
4-бадамша безі;
5-алдыңғы доғашық;
6-артқы доғашық;


Стоматиттер кезінде ауыз қуысын өңдеу
Мақсаты: баланың ауыз қуысын тазалау, шырышты қабатының ауырсынуын басу.
Көрсеткіші:Әр-түрлі себептерден болатын ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну процессі.
Кері көрсеткіші: тырысу, лоқсу.
Керекті құралдар:

  • Өңдеуге арналған ерітінді (шөп тұнбалары, антисептиктер).

  • Мақта, дәке салфеткалары.

  • Қолданылған заттарға арналған лоток

  • Резеңке қолғап.

  • Шпатель.

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

  2. Керекті құралдарды дайындау.

  3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

  4. Оң қолдың екінші саусағына мақтаны немесе салфетканы орап, үлкен саусақпен бекітіп ұстау.

  5. Сол қолмен абайлап баланың аузын ашу, керек жағдайда шпатель қолдану.

  6. Мақтаны ерітіндіге матырып, баланың ауыз қуысын өңдеу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет