Қарым-қатынас жасаңыз: Дүниеге келе салысымен баланың көзіне қараңыз, оған күлімсіреп қараңыз. Қарым-қатынас жасауға ең ыңғайлы уақыт баланы емізіп отырғаныңызда
Бала өскен сайын онымен көбірек сөйлесіңіз, әңгімелесуді әр түрлі дыбыстар және қимылдармен сүйемелдеңіз.
6 айдан 12 айға дейін Бала қанша рет сұраса, сонша рет емізіңіз, 24 сағаттың ішінде кемінде 6 рет. Емізгенге дейін
қосымша тамақ беруді бастаңыз.
Мынадай қосымша тамақ беріңіз:
-қою күріш, ұнтақ не қарақұмық ботқасы, қамыр тағамы, не картоп езбесі;
-қайнатылған, тартылған, туралған майсыз ет,
әсіресе бауыр, балық, жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар(қабықсыз езіп пісірілген); -әр түрлі көкөністер, көк шөптер, жеміс-жидектер және жақсылап тазартылған, ұнталған жаңғақтар;
Бір қасық сары май не өсімдік майы қосылған, қою сулы емес тамақ беріңіз. Әрбір
тамақтандырғанда балаға
150мл (6-7ай),
180мл(8-10ай),225мл(11-12ай) көлемінде тамақ беріңіз.
Емшек еметін балаға күніне 3 рет қосымша тамақ беріңіз.
Емшек ембейтін балаға күніне 5 рет қосымша тамақ беріңіз.
Баланың шайнауына ыңғайлы тағамның кішкентай бір үзімін қолына ұстатыңыз.
Балаға өздігінен тамақ жеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ оған көмектесіңіз.
Ойнаңыз: Балаға қолына ұстап, салдырлатып, лақтыра алатындай, үйдің таза әрі қауіпсіз заттарын
беріңіз.
Қарым-қатынас жасаңыз: Балаңыздың үн дыбыстары мен қызығушылықтарын ілтипатқа
алып, жауап беріңіз. Балаға заттар мен адамдардың аттарын айтыңыз.
12 айдан 2 жасқа
Баланы емізуді жалғастырыңыз:
Балаға отбасылық тамақ тамақты беріңіз, оның ішінде мына тағамдар болуы керек:
-ұсақтап туралған ет(майсыз), бауыр,балық, пісірілген жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар;
-әр түрлі көкөністер , көк шөптер, жеміс-жидектер және жаңғақтар;
-сүт және сүт тағамдары(сүзбе,ірімшік,айран)
Әрбір негізгі тамақтандырғанда балаға 300 мл-ден кем емес(1,5 стақан) көлемінде тамақ беріңіз;
Балаға күніне 5 рет тамақ беріңіз
-отбасылық тамақтан 3 негізгі тағам
-2 қосымша тағам: жемістер, май жағылған нан, айран, ет салған бәліш, қаймақ қосқан сүзбе.
Баланың тамақтануына белсенді түрде көмектесуді жалғастырыңыз;