3 1.Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз .
2.Сәбидің ауызы барынша ашқанын күтіңіз .
3.Емшекті тез сәбидің аузына апарыңыз.
4 1.Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.
2.Сәбидің ауызы барынша ашық.
3.Астыңғы ерні сыртқа шығыңқы болады.
4.Емшектің басым бөлігі астынан емес ,үстінен көрініп тұру керек .
Анасына емшек сүтін саууды үйретіңіз Анасынан мына нәрселерді жасауды сұраңыз:
1. Қолды жақсылап жуыңыз.
2. Ыңғайлы орналасыңыз.
3. Кең ауызы бар ыдысты емшектің емізігі мен ареоласының астына қойыңыз.
4. Бас бармағыңызды емшектің үстыңгі жағына,ал сұқ саусағыңызды емшектің астына қоиыңыз,бұл ретте саусақтың бір-біріне қарама қарсы орналасады (саусақтар кем дегенде емізіктің ұшынан 4см ара қашықтықта болуы тиіс).
5. Емшекті бас бармақ пен сұқ саусақ арқылы бірнеше рет қысып,қайта басыңыз.
6. Егер сүт шықпаса,бас бармақпен сұқ саусақты емізікке жақыынырақ жылжытып,бұрынғыдай емшекті қысып,босатуды жалғастырыңыз.
7. Емшек қысып,босатқаныңызда,саусақтар емізіктен бар ара қашықтықта болуы керек.Емізікті қыспауға және теріні саусақтармен үқаламауға тырысыңыз.
8. Сүт жай тамшылаған дәрежеге дейін бір емшектің сүтін сауыңыз,содан кейін екінші емшектің сүтін сол дәрежеге жеткенше сауыңыз.
9. Кезектестіріп әр жақты 5 не 6 рет сауыңыз,сонымен әр емшектің сүтін саууына 20-30 минут уақыт кетеді
10. Сүт құйылғанын тоқтатып,басындағыдай қайта тамшылай бастағанда,саууды тоқтатыңыз.
Анасына нәрестені ыдыстан тамақтандыруды үйретіңіз 1. Нәрестенің киімін былғамау үшін,сілекейлікті кигізіңіз,өйткені сүт төгілуі мүмкін.
2. Нәрестені тізеңізгн сәл шалқайтып отырғызыңыз.
3. Сүттің өлшеулі көлемін ыдысқа құйыңыз.
4. Ыдысты нәрестенің төменгі ерініне сәл тигізіп ұстаңыз.
5. Сүт нәрестенің ерніне тиетіндей, ыдысты еңкейтіңіз.
6. Нәресте сүтті өзі алсын.Сүтті баланың аузына ҚҰЙМАҢЫЗ