Сарсенбаева С. С., Рамазанова Ш. Х., Баймаханова Н. Т. Медициналық жоғАРҒы оқу орындарындағы белсенді оқыту



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,98 Mb.
#6399
1   2   3   4   5   6

 

 

31 



 

Берілген  оқу  құралында  мысал  ретінде  ұсынылатын  конференция  тақырыбы 

«Балалардағы тыныс мүшелерінің тұқымқуалайтын аурулары». Оқытушымен алдан ала  (3-4 

күн бұрын) 6-7 баяндама (тақырыптары тӛменде келтірілген) бӛлінеді. 



1  қадам.  Конференцияның  ӛзектілігін,  мақсаты  мен  міндеттерін  анықтағаннан  кейін 

оқытушыберілген  тақырып  сұрақтарын  негізінен  «конференция»  түрінде  меңгерген  дұрыс 

екендігін  түсіндіреді.  Студенттерде  баяндамаларды  жақсылап  тыңдалғаннан  кейін  сәйкес 

тақырып  бойынша  теориялық  білімі  қалыптасады.  Конференцияның  әр  қатысушысына 

белсенді  қатысу,  баяндама  тыңдау  аяқталғаннан  кейін  сұрақтар  қою  ұсынылады. 

Конференция соңында кері байланыс жүргізілу және талдау жоспарланады.  

Ескерту: сабақтың осы түрінің маңыздылығын арттыру үшін алдын-ала конференция 

бағдарламасын 

дайындаған 

дұрыс, 


мамандықтар 

бойынша 


ғылыми-тәжірибелік 

конференциялардың бағдарламаларына ұқсас (егер мүмкіндік болса, типографиялық әдіспен 

басып шығару немесе сәйкесінше рәсімдеп ПК шығару). Мұны жауапты студентке тапсыру 

(қалауы бойынша, белсенді студентке немесе топ старостасына). 

Бағдарламада  конференция  аты,  күні  мен  ӛткізілетін  орны,  тӛрағасы,  хатшы, 

баяндамалар  аты  мен  баяндамашылардың  аты-жӛні,  әр  баяндамашыға  берілетін  уақыт  (5-7 

мин) беріледі. Тӛраға студенттердің дауыс беруі нәтижесінде таңдалады, хатшыны оқытушы 

тағайындай алады. Егер берілген ұсыныстар қандай да бір себептермен орындалмаған болса, 

оқытушы келесі 2-қадамға кӛшеді. 

Баяндамашылар үшін «мінбе», «кафедраны» дайындау.   

Конференция барысында  видеотүсірілім жүргізуге болады. 

2 қадам.Оқытушы «Конференцияны» жүргізу шарттарымен таныстырады: 

 



студенттермен тӛраға таңдалады; 

 



баяндамалар  нақты  және  анық,  кӛрнекілермен  рәсімделген  (электронды  презентация 

түрінде) болуы керек,  регламент 5-7 минут; 

 

баяндама аяқталуына қарай конференция қатысушыларына сұрақтар қойылуы мүмкін; 



 

баяндамашыны баяндама жасау кезінде үзуге болмайды; 



 

студенттер баяндаманы аяқталғаннан кейін толықтыра алады; 



 

талдау кезінде барлық конференцияға қатысқан студенттер қатыса алады; 



3  қадам.Конференция тӛрағасы конференцияның ашылуы туралы хабарлайды және барлық 

қатысушыларға  жақсы  жұмыс  тілейді.  Баяндама  тақырыбын  хабарлайды  және  мінбеге 

баяндамашыны  шақырады  (кейін  баяндама  тақырыптары  келтіріледі).  Кейін  тӛраға 

баяндамаларды және баяндамашылардың аты-жӛнін атайды, аудиториядан сұрақтары бар ма 

немесе жоқ па сұрайды, конференция барысында баяндамаға, сонымен қатар, сұрақтар мен 

жауаптарға да түзетулер енгізе алады.  



4  қадам.  «Идиопатиялық  фиброздаушы  альвеолит  (Хаммен-Рич  синдромы)».  Баяндамашы 

мінбеге шығып, ауызша түрде баяндама жасайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.  



5  қадам.Екінші  студент  «Біріншілік  ӛкпелік  гипертензия  (Айерз  синдромы)»  тақырыбына 

баяндама  жасайды,    этиологиясын,  патогенезін,  клиникалық  ерекшеліктерін,  диагностика 

және  ауруды  емдеу  әдістері  мен  салыстырмалы  тұрғыда  дифференциялық  диагностикасын 

баяндайды. Оқытушы баяндамашымен ұсынылған ақпаратты нақтылап, толықтыра алады. 



6  қадам.Үшінші  баяндамашы  «Біріншілік  цилиарлы  дискинезия  (Картагенер  синдромы)» 

тақырыбына  баяндама  жасайды,  этиологиясын,  патогенезін,  клиникалық  кӛріністерін, 

диагностика  әдістерін,  аурудың  емдеу  әдістерін  баяндайды  және  салыстырмалы  тұрғыда 


 

 

32 



 

дифференциялық  диагностика  жүргізеді.  Оқытушы  қажет  болған  жағдайда  баяндамаға 

түзетулер енгізе алады. 

7 қадам. Тӛртінші студент «Жанұялық ӛкпелік эмфизема (α1-антитрипсин жетіспеушілігі)» 

тақырыбына  баяндама  жасайды,  этиологиясын,  патогенезін,  клиникалық  ерекшеліктерін, 

диагностика  және  ауруды  емдеу  әдістері  мен  салыстырмалы  тұрғыда  дифференциялық 

диагностикасын  баяндайды.  Қойылған  сұрақтарға  жауап  береді.  Оқытушы  баяндамашымен 

ұсынылған ақпаратты нақтылап, толықтыра алады.  

8  қадам.  Бесінші  қатысушы  «Идиопатиялық  гемосидероз»  тақырыбын  баяндайды, 

этиология,  патогенезі,  клиникалық  ерекшеліктерін,  диагностика  әдістерін,  ауру  емі  туралы 

айтады  және  салыстырмалы  тұрғыда  дифференциялық  диагностика  жүргізеді.  Қойылған 

сұрақтарға жауап береді. Оқытушы қажет болған жағдайда баяндамаға түзетулер енгізеді. 



9  қадам.  Алтыншы  баяндамашы  «Гудпасчер  синдромы,  Альвеолярлы  микролитиаз» 

тақырыбына  баяндама  жасайды,  этиология,  патогенезі,  клиникалық  ерекшеліктері, 

диагностика әдістері, ауру емі туралы айтады және салыстырмалы тұрғыда дифференциялық 

диагностика жүргізеді. Оқытушы қажет болған жағдайда баяндамаға түзетулер енгізеді.  



10  қадам.  Оқытушылар  баяндамалармен  таныстыру  аяқталғандығын  хабарлайды,  барлық 

баяндамашылар  туралы  айтады,  қорытынды  шығарады.  Қатысушыларды  конференция 

тақырыптарының  мақсаттарына  жеткені  және  қойылған  міндеттердің  шешілгендігі  туралы 

ақпараттандырады.   



11 қадам.  Оқытушы ӛзі қорытынды жасайды: 

 

қаншалықты сұрақтар ашылды; 



 

жауаптардың нақтылығы мен толықтығы; 

 

терминологиялық тұрғыда дұрыс сӛйлеуі; 



 

сұрақтар қою және жауап беру кезінде коммуникативті дағдыларын кӛрсетуі; 

 

студенттердің  ішінде  кім  үздік,  кім  жақсы  дайындалған,  кімнің  білімінде  кемшіліктер 



бар; 

 

тӛрағалық және конференция қатысушыларының белсенділігін талдайды.  



12  қадам.  Оқытушы  конференция  түрінде  сабақты  жүргізу  түрі  туралы  студенттердің 

ойымен  бӛлісуін  сұрайды  –  не қызық  болды, немесе  керісінше,  не  күрделі  болды  және  т.б. 

Егер уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.  

Ескерту:  егер  конференция  кезінде  видеотүсірілім  жүргізілген  болса,  онда  конференцияны 

талдай отырып, түсірілімді кӛруді ұйымдастыруға болады.  

 

* Видеотүсірілім ұйымдастырылуымен жүргізілетін мини-конференция  

Бұл әдісте видеотүсірілім кӛрсетіле отырып, топтың басқа мүшелері 

ойларымен  бӛліседі,  резидент-педиатрларды  оқытуда  №1  бала 

аурулары кафедрасында кеңінен қолданылады. Ұзақтығы – 100  мин. 

Оқытушы миниконференция әдісі кӛмегімен талдауға келетін 

сабақтың 

тақырыбын 

таңдайды, 

мысалы 

«Балалардағы 



тұқымқуалайтын алмасулық аурулар». Алдын-ала қатысушыларға 3-

5  мин  созылатын  хабарлама  дайындау  ұсынылады.  Сабақ 

тақырыбының  нақты  тапсырмасын  ашу  үшін.  Ауызша  баяндама  оқытушымен  ұсынылатын   

электронды презентациямен кӛркемделуі және талаптарға сәйкес рәсімделуі керек (6-7 слайд, 

тақырыбы, мақсаты, нәтижесі, қорытындысы, кӛрнекіліктер).   


 

 

33 



 

Миниконференцияға  қатысуға  интерндер,  басқа  кафедра  резиденттері,  бӛлімше 

дәрігерлері,  кафедра  оқытушылары  щақырылады.  Оқытушылар  немесе  резиденттермен 

конференция  бағдарламасы  дайындалады.  Сабақтың  басында  педагог  сабақтың  ӛзектілігін 

негіздейді, мақсаты мен міндеттерін қалыптастырады. Конференция тӛрағасы мен хатшысы 

таңдалады.  Кейін  кезекпен  резиденттер  (4-5)  баяндама  жасайды,  бірмезгілде  видеожазбаға 

түсіріледі.  Бұл  сатының  ұзақтығы  –20  мин  кӛп  емес.  Әр  баяндамадан  кейін  3-4    сұрақ 

қойылуы мүмкін. Резиденттер (қатысушылардың) жауаптары нақты және қысқа болуы керек.  

Барлық  баяндамалар  аяқталғаннан  кейін  кері  байланыс  жүргізіледі,  ол  да 

видеокамераға түсіріледі. 

Оппонент баяндамашыны келесі критерийлер бойынша бағалауы керек: 

 

баяндама мазмұны қаншалықты тақырыпқа сәйкес келеді? 



 

алға  қойған  мақсаттары  мен  міндеттерінің  жүзеге  асырылуы  (толық,  аздап, 

орындалмаған)? 

 

баяндамалардың құрылымы; 



 

баяндау жүйелілігі (анық, анық емес, ретсіз); 

 

баяндаманың  негізгі  сәттерін  анықтау  (интонациясы,  үзіліс  жасау,слайдқа  назар 



аударужәне басқалары); 

 

баяндаманы дайындауда қолданылған материалдардың жаңалық деңгейі; 



 

кӛрнекілік материалдарын қолдану (иллюстрацияжәне басқалары); 

 

регламент сақтауы; 



 

материалды  меңгеруі    (мәтінді  слайдтан,    конспекттен  оқыды,материалды  толық 

меңгерген және басқалары); 

 

ораторлық шеберлігі (оқу мәнері тартымды, эмоционалдылық, сӛйлеу мәдениеті); 



 

аудиторияның реакциясы (тыңдарман қызығушылығы); 

 

аудиториямен қатынасы (толық, толық емес, қатынас жоқ); 



 

ӛзін-ӛзі ұстау мәнері (сенімді, қимылдары, шыдамсыз, мимикасы, монотондылық); 

 

психикалық жағдайының сыртқы кӛрінісі (ұстамды, сенімді, тынымсыз); 



 

сыртқы келбеті. 

Осы  сұрақтар  тізімі  барлық  миниконференция  қатысушыларына  қойылады.  Оқытушы, 

бірінші кезекте резиденттерден олардың әріптестерінің қалай баяндама жасағандығы туралы 

ойын  сұрайды.  Ойларын  жеткізу  нақты,  анық,  3  мин  артық  болмауы  керек.  Оқытушы 

регламент сақтамаған қатысушыны тоқтатып, баяндаманы үзуге құқығы бар. Әр баяндамашы 

ӛз  баяндама  жасауына  қатысты  ойлары  жазылған  толтырылған  парақтарды  алады,  оларды 

меңгереді.  Бұл сатының ұзақтығы – 20 мин.  

Кері  байланыс  жүргізілгеннен  кейін  40  мин  аралығында  видеожазба  қаралады. 

Миниконференцияның  барлық  қатысушылары  баяндамашы  ретінде  де,оппонент  ретінде  де 

ӛзінің баяндамасына баға бере алады.   

Сонымен қатар, кері байланыс жүріп жатқан кезде, осы кері байланыс объектісінің ӛз 

баяндамасы    туралы  теріс бағаларды түсіндіруге, әріптестерінің әділетсіздігі туралы  айтуға 

мүмкіндігі  бар.  Видеожазба  кӛмегімен  әр  қатысушы    ӛзін  сырттай  кӛре  алады  (қалай 

баяндады,  адамдармен  қатынасқа  қалай  түседі,  ӛз  кӛзқарасын  дәлелдеуі,  сұрақтарға  жауап 

беруі  және  т.б.)  және  кейін  ӛзін-ӛзі  ұстау  стилін,  баяндама  жасау  мәнерін  жасауға  болады. 

Қатысушы  ӛзін  жұмысының  объективті  суреті  негізінде  бағалай  алады.  Ереже  бойынша, 


 

 

34 



 

берілген  технология,  күшті  эмоция  шақырады,  оқуға,  ӛбетінше  дамуға,  ӛзбетінше  жетілуге 

шақырады. 

Видеоматериалдар  тек  теориялық  білімін  емес  (баяндама  мәтіні),  сонымен  қатар, 

тәжірибелік  дағдыларын  (ораторлық  шеберлік,  сӛйлеуі,  баяндау  тәртібі,  оппоненттерге 

жауап беру дағдысы) бекітеді.  

Видеожазбаны қатысушылардың келесі жолға баяндамаларын бағалауда қайта кӛруге 

болады. 


 

* Эссе құрастыру.  Ұзақтығы  – 30 мин. 

Оқытушы  әр  студентке  тақырып  (мәселе)  береді,  ол  оны  эссе  түрінде  жазбаша  тапсыруы 

керек.  Эссе  құрастыру  уақытында  студентті  қажет  әдебиеттермен  қамтамасыз  етуі  керек.  

Эссе  жеке  парақтарда  оқытушыға  тапсырылады.  Жоғарғы  оң  жақ  бұрышында  студенттің 

аты-жӛні, топ нӛмірі мен сабақ ӛткен күні қойылады.  

Эссе  құрастыру  шарты:  кӛлемі  үлкен  емес  (бір  А4  парағынан  кӛп  емес),  нақты  тақырып 

бойынша, тақырыпты ашуда жеке кӛзқарасы, ӛз ойы келтіріледі.  

Эссе жоспары: 

1)

 

Тақырыбы  (мәселе  тақырыбы,  мысалы,  «Жоғарғы  мектеп  педагогикасының  жаңалығы», 



«Емдеудің инновациялық әдістері…», «Мәселеге қазіргі кӛзқарас…»); 

2)

 



Кіріспе, эссе жазудың мақсаты; 

3)

 



Негізгі бӛлімі (мазмұны, мәселе мәнін ашу, тақырыпты ашуға кӛмектесетін аргументтер, 

талдаулар, цитаталар, сандар, кестетер, диаграммалар, фактілер); 

4)

 

Мәселеге  деген  менің  кӛзқарасым  (студент  тек  ӛз  кӛзқарасын  білдіреді,  моральды, 



эмоционалды, мәселеге этикалық қатынасы); 

5)

 



Мәселені  шешу  жолдары  (мәселені  шешуде  қазіргі  бар  жолдар  мен  әдістемелерді 

негіздеу, сонымен қатар ӛз әдістері мен жолдарын жасау және ұсыну); 

6)

 

Ӛзін-ӛзі  бағалау  (ӛз  жұмысын  бағалау,  автордың  ойымен  жұмыстың  ашылған  және 



ашылмаған тұстары); 

7)

 



Библиография (қолданылған әдебиеттер тізімі). 

 

 



Жалпы білім беру оқу білетін, бірақ нені оқу керек екендігін түсінбейтін кӛпшілікті таң 

қалдырды 



Дж. Тревельян 

 

*   Журналдық клуб.Ұзақтығы – 60 мин. 



Әдіс алғаш рет С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 

№1  бала  аурулары  кафедрасында  резидент-педиатрларды 

оқытуда қолданылды.   

Әдістің  мәні:  журналдық  клуб  отырысының 

тақырыбы  анықталады,  мысалы  «Балалардағы  тыныс 

мүшелерінің  аурулары.  Ауруханаішілік  және  ауруханадан 

тыс  пневмония.  Этиологиялық  факторларына  байланысты 

пневмонияның емі» немесе кез-келген басқа. 

Журналдық клуб жүргізерден бұрын 2 апта ішінде әр қатысушының  (оқушының) ол 

анықтауы керекміндеті анықталады, мысалы: балаларда пневмония диагностикасының жаңа 

технологиясы;  атипті  пневмония  емінің  қазіргі  аспектілері;  пневмониясы  бар  балаларда 

жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайы және т.б. 



 

 

35 



 

Хабарлама  дайындау  негізі  периодты  медициналық  (рецензияланатын,  атақты)  

журнал  болып  табылады.  Оқытушы  ұсыныс  береді,  мысалы,  «Педиатрия»,  «ҚР  Педиатрия 

және  балалар  хирургиясы»  «Пульмонология»,  «Терапевтитік  Мұрағат»  журналдарының 

мазмұнын қарау, сонымен қатар, 2005-2011ж.ж. аралығында шығарылған шетелдік баспалар. 

Баяндама  8-10  слайдтан  тұратын  электронды  презентация  түрінде  дайындалуы  керек, 

ұзақтығы  5  минуттан  кӛп  емес.  Слайдтаға  ақпаратты  әдебиет  кӛздеріне  сілтеме  жасалуы 

керек (тӛменгі оң жақ бұрышында мақала авторының аты-жӛні жазылады, мақала тақырыбы, 

шығарылған  жылы,  нӛмірі,  беті  келтіріледі).    Қатысушылар  материал  жинауын  жүргізу 

дағдыларын,  кәсіби  әдебиетттерді  талдау,  тұжырым  құрастыру,  баяндама  және 

презентациялар дайындау, оны баяндау шеберлігін кӛрсетеді.   

Кері  байланыс.  Оқытушының  хабарламасынан  кейін,  қатысушылардың  ішінен 

тағайындалады  –  аналитик,  критик,  қорғаушы,  эксперт.  Рӛліне  байланысты  әр  қатысушы 

ӛзінің  әріптесінің  дайындығын  бағалайды.  Аналитик  баяндаманың  ғылыми  сипатын, 

мақсатарының  жүзеге  асырылуын  және  қойылған  тапсырманың  орындалуын,  қолданылған 

әдебиеттердің  жаңалығын  бағалайды.  Критик  әлсіз  жақтарын  анықтайды,  қорғаушы  – 

баяндаманың  жағымды  жақтарын  анықтайды.  Эксперт  жалпы  қатысушылардың 

баяндамасын  сипаттап,қорытынды  шығарады.  Келесі  баяндамаларды  бағалау  үшін  рӛлдер 

қайтадан  бӛлінеді.  Осыған  байланысты,  әр  қатысушы  журналдық  клуб  қатысушысы, 

аналитик, критик, қорғаушы, эксперт ретінде ӛзін сынап кӛре алады.   

Оқытушы қорытынды шығарады.  

 

     * «Басқарушы қол» әдісі 

Бес  саусақтан  тұратын  жұдырық  –  еңбек  жеңісінің  қуатты 

энергиясына ие:  

Саусақтарды ретімен атайық: 

 

Бірінші  –  Мәселе  (міндеті,  мақсаты).Мәселені  түсіну,  және 



одан ең маңызды ақпаратты немесе мәліметті бӛлу.  

 



Екінші – Адамды шешім шығаруға жігерлендіру. Егер мәселеге 

эмоционалды  қызығушылығы  болмаса,  оны  анықтауда  белсенділік 

болмайды.  Тапсырма  мақсатын  оны  жеке  құндылықтармен  немесе  адам  қажеттіліктерімен 

байланыстыра отырып, нақты анықтап алу.  

 

Үшінші  –  Қиындықтар.  Бұл  болуы  мүмкін  барлық  кедергілер  мен  қиындықтар,  олар 



арқылы  шешім  шығаруға  және  ӛз  тактикасы  мен  күтетін  нәтижесін  ӛзгертуге  мәжбүр 

болады. 


 

Тӛртінші–  Чек-парақтар.  Чекпарақтар  –  бұл  істер,  стандарттар,  дағдылар,  аспаптар, 

ресурстар мен негізгі компетенциялар жинағы, олар мәселені шешу үрдісінде қажет болады. 

 



Бесінші- Үрдіс.Жеңіске жетуді бақылау. Үрдісті түзету және қолдауды бағалау жүйесі. 

 

* «Дефектілі тапсырмалар» әдісі. 

Қазіргі  кезде  дефектілі  немесе  графиктік  тапсырмалар,  сонымен  қатар,  «мылқау 

фотосуреттер» талдау әдістемесі сияқты студенттерді белсенді оқыту түрлері ойлап табылды 

және  кең  қолданыс  тапты.Алдын-ала  жоспарланған  қателіктері  бар  дефектілі  тапсырмалар 

студенттердің  назарын  белсендіреді,  олардың  ойлау  қабілеттерін  дамытады,  эксперт, 

рецензент  ретінде  сӛйлеу  дағдысын  қалыптастырады.  Дефектілі  тапсырмалар  мазмұндық, 

әдістемелік, басқа да сипаттағы нақты қателіктері болады. Нақты қателіктер таңдалады, олар 

бірінші  орынға  шықпайды,  керісінше  кӛлеңкеленіп  тұрады.  Студенттердің  міндеті 


 

 

36 



 

тапсырманы  шешу  барысында  қателіктерді  бату  болып  табылады.  Дефектілі,  графиктік 

тапсырманы  шешу  осы  материалдарды  меңгерудегі  қиыншылықтарды  анықтай  отырып,  

жігерлендіруші,  бақылаушы  және  диагностикалық  қызметтерді  атқаруға  мүмкіндік  береді. 

Тәжірибелік  сабақтарды  жүргізуде  қайталаудың  рӛлі  ескеріледі.  Бірақ  ол  әртүрлі  болуы 

керек.  Тәжірибелік  сабақ  барысында  алған  білімін  бекіту  үшін  ӛткен  сабақтарды  қайталау 

бала аурулары кафедрасында жаңа кӛзқарастарға сәйкес әртүрлі нұсқада жүргізіледі. Power 

Point  форматындағы  презентация  кӛмегімен  қайталау  меңгерілетін  материалдың 

кӛрнекілілігі  мен  студенттерге  жетуін  арттырады.  Мәтіндік,  белгілік,  графиктік  және  т.б. 

ақпараттармен  сипатталатын  презентация  кезіндеоқу  үрдісі  айтарлықтай  артады, 

меңгерілетін тақырып айтарлықтай терең қабылданады. 

1. Мысал Ер бала, 12 жаста. Бір апта бұрын баспамен ауырғаннан кейін «ет жуындысы» 

тәрізді зәрі пайда болды. Емханада тексерілу барысында артериялық гипертензия анықталды. 

Жалпы зәр анализіндесалыстырмалы тығыздығы 1018, белок 6,2 г/л, эритроциттер 5-7  кӛру 

аймағында. Нечипоренко бойынша зәр сынамасы – лейкоциттер 2500, эритроциттер 1500 бір 

мл-де. Тапсырма: жіберілген қателіктерді табыңыз.  

Жауап:  Бала  диагнозы  «Жедел  гломерулонефрит,  нефритикалық  синдром».  Жалпы  зәр 

анализінің  нәтижелері  қате  –  айқын  гематурияның  болмауы,  себебі  бала  зәрінің  түсі  «ет 

жуындысы» түстіжәне  Нечипоренко сынамасы. Ал осы науқаста  макропротеинурия 6,2 г/л 

дейінгі бұл ауруға тән емес болуы мүмкін. 

2.  Мысал  Бала    6  жаста  МӚНС  стероидорезистентті  түрі  диагнозымен,  селективті  емес 

цитостатикциклоспорин  А  2  мг/кг  дене  салмағына  тәулігіне  тағайындау  ұсынылды,  күнара 

берілетін преднизолонмен 0,5 мг/кг бірге. Тапсырма: жіберілген қателіктерді табыңыз. 

Жауап: Циклоспорин А селективті иммунодепрессант, ИЛ-2. ИЛ-3, ИЛ-4 ӛндірілуін тежейді, 

цитотоксикалық  Т-лимфоциттер  пролиферациясын  тежейді.  Терапиялық  дозасы  5-6  мг\кг 

тәулігіне. 

 

Жоғарғы курс студенттерін оқытудағы  

педагогикалық стратегия және тактика 

 

Педиатрия  факультеті  жоғарғы  курс  студенттерін  мамандыққа  оқытудың  негізгі 

міндеттері  қатысушының  танымдық  қызығушылығын  белсендіру,  клиникалық  ойлау 

қабілетін  дамыту,  творчествалық  мүмкіндіктерін  қалыптастыру,  құштарлығын  сүйемелдеу 

және  болашақ  мамандығын  таңдауда  кӛмектесу  болып  табылады.  Осы  мақсатта  Қазақ 

Ұлттық  медициналық  университетінің  бітіруші  түлектерді  шығарушы  кафедрасында 

оқытудың  мемлекеттік  білім  беру  стандарттарымен  (типті  және  жұмыс  бағдарламалары, 

семинар  мен  тәжірибелік  сабақтардың  тақырыптық  жоспарларымен)  оқу  –  әдістемелік 

жұмыстарында  жас  маман  -  педиатр  мектебі  қарастырылған.  Педиатрия  факультеті 

студенттерін  мамандыққа  бағыттау  бағдарламасын  жасап  шығару  туралы  ойдың  тууына 

мамандардың  кәсіби  сферадан  коммерциялық  сфераға  (фармацевтикалық  фирмалар  немесе 

медициналық  емес  ұйымдарға)  қарай  ағуы    себеп  болып  отыр.  Осыған  байланысты, 

мамандығына  деген  құштарлығын  қалыптастыруда  педиатрия  кафедрасы  педагогтарының 

тәрбиелік  ролінің    маңыздылығы  сӛзсіз.  Бұл  ӛз  кезегінде  педиатрияның  ӛзекті  мәселесі  – 

оқытушы мен қатысушы арасындағы ӛзара қатынасын кӛрсетеді.   

Тәрбие  беру  парызы  жанұя  мен  мектеп  қабырғасында  беріледі  деп  есептеледі. 

Расында  да  негізгі  тәлім-тәрбие  балалық  шақта  қалыптастырылады.  Мектеп  қабырғасынан 

қалыптасқан Тұлға шығады. Студент бұл 18 жастан жоғары, жанұя құру, дүниеге бала әкелу 

мүмкіндігі  бар  адам.  Бұрынғыдай  талдайтын  болсақ,  оқушы  –  ӛзбетінше  шешім  қабылдай 


 

 

37 



 

алатын  мүмкіндігі  бар  ересек  адам.  Бірақ,  тәжірибе  жүзінде  кӛріп  жүргендей  жеке  және 

жатық  ӛмір  қателіктері    нақ  осы  жаста  жасалады.  Сондықтан,  жоғарғы  оқу  орнындағы 

педагогикалық жұмыс неғұрлым белсенді және дара болуы керек.  

Қазіргі  кезде  педагогиканы  тәрбиелеу  тек  оқыту  мен  білім  беру  туралы  ғана  емес, 

ӛнегелі,  дені сау, эстетикалық және сол сияқты тұлғаны қалыптастыру туралы ғылыми пән 

ретінде қарастыру керек.  Оқытушы мен қатысушы қалыптары бірдей теңдікте емес екендігі 

барлығымызғы  белгілі.    Педагог  ӛзінің  тәрбиеленушілерімен  толық  формальды  және 

формальды  емес  байланыстар  жүйесі    арқылы  байланысты,  олардың  мінезі  үшін  қоғам 

алдында,  қатысушының  жанұясы  алдында,  ӛзінің  ар-ұяты  алдында  жауапты.  Ол  ӛзінің 

тәрбиеленушілері  алдында  да  жауапты,  бірақ  бұл  жауапкершілік  сипаты  психологиялық 

тұрғыда қарастырылады және тәрбиешінің тұлғалық ӛнегелілігімен анықталады. Педагогтың 

жауапкершілігі    құқықтарымен  тығыз  байланысты,    оның  кӛмегімен  ол  ӛзінің  міндеттерін 

атқара алады.  Ақылды тәрбиеші қолындағы билік бір ағымға қарай қозғалысты қамтамасыз 

етіп,  екіншісін  тежеп  отыратын  реттеуші  таяғына  ӛте  ұқсас,  дегенмен  жалпы  алғанда 

қозғалыстағы  әр  қатысушыға  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етеді,  апаттан  сақтайды.  Билікті 

дұрыс қолдана білу, кінәліні жазалап, лайықтыны марапаттау педагогтың жоғары біліктілігін 

кӛрсетеді.  Бірақ билік – үшкір құрал сияқты, ебедейсіз қолда – қауіпті.  

Сонымен,  педагог  пен  студент  құқығы  мен  міндеттерін  тең  деп  айту  қиын.  Бұл 

жетекші  мен  бағынушы  қатынасы,  бұл  белгілі  бір  арақашықтық  сақтайтын  қатынас.  Адам 

қандай  орында  отырмасын,  қандай  құқықтар  мен  міндеттер  иегері  болмасын,  егер  ол  ӛзін 

қоршағандардан  тек  қана  оның  тілегін  орындаушыларды  кӛретін  болса,  ол  ешқашан 

қызметтес  серіктестерін  таппайды,  ӛз  жұмысында  жетістіктерге  жетпейді.    Егер  билік  иесі  

педагогты  қоршаған  қатысушылардан  қайталанбайтын,  оның  орнын  ешкім  баса  алмайтын 

Тұлғаларды кӛріп, олардың ойын, сезімін құрметтеп, сӛз бостандығына жол беретін болса, ол 

осы  ісімен  олардың  ӛзімен  тең  екендігін  мойындайды,  ал  теңдік  –  барлық  кезде 

ынтымақтастық,  бірақ  кез  келген  ынтымақтастық  –  теңдік  емес.  Педагогикадағы 

ынтымақтастық  –  бұл  тұлғаларды  сыйлау,  олардың  мүмкіндіктерінің  орындалуына  кӛмек 

беруге дайын болу, болашаққа деген сенім.  

Ынтымақтастық  –  Тәрбиеші,  Педагог,  Оқытушы  қызметі  жӛнінде  есеп  беру  нүктесі, 

ал тәрбие жӛнінде есеп беру нүктесі – ұлы нүкте. Ол студенттің кәсіби тағдырын анықтайды, 

тәрбиешінің  педагогикалық  ұстанымын  және  принципиальды  позициясын    кӛрсетеді.  Ол 

оқытушының  жан  дүниесі,  интеллектуалды,  тіпті  физикалық  күштерінің,  оның  этикалық 

тәрбиелілік дәрежесін жинақтайды.   

Қазіргі  жағдайда  жоғарғы  оқу  орындарында  оқу  үрдісін  ұйымдастыруда  біз 

студенттерге 

тек 

білім, 


іскерлік 

және 


дағдыларының 

болуы 


сияқты 

компетенттілікталаптарымен  шектеліп  қана  қоя  алмаймыз.  ДДҰ  компетенттілік 

қалыптасуымен  байланысты  адам  ақылы  аумағын  тағы  үш  құрамдас  бӛлікпен  кеңейтуде: 

ӛткірлік,  оқуға  қатынасы/позициясы  және  дұрыс  мән  беру.  Ӛткірлік  тез  шешім  қабылдау, 

ойлау,  талдау,  икемділік,  шапшаң  ойлау,  түйсік  сияқты  қасиеттерді  біріктіреді.  Оқуға 

қатынасы/қалпы  студенттің  оқытуға  әрекетін  (мотивациясын)    кӛрсетеді.    Дұрыс  мән  беру 

жағдай  мен  әрекетті  дұрыс  қабылдау,  ӛзін-ӛзі  бағалау,  оқытушымен  және  жолдастарымен 

жақсы  қатынас  құра  білуді  қамтиды.  Осыған  байланысты  педагогтарға  қатысушылардың 

психилогиялық  типі  және  орындай  алу  мүмкіндігі  бойынша  шартты  түрде  4  топқа 

бӛлінетіндігіне  назар  аудару  керек:  ӛзіне  берік,  сенімді,  күманданушылар  және  үмітін 

үзгендер.  Осыған  байланысты  студенттер  тобы  бірнеше  «психологиялық  типтерден» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет