3 жасқа дейінгі балалардың анамнезінде анықтады: баланешінші жүктіліктен
және туыттан, антенатальды және перинатальды кезеңдері қалай ӛтті. Жетіліп
туылған немесе уақытынан бұрын. Босану кезінде асфиксия болу немесе болмауы,
патологиялық туыт (ұзақтығы, акушерлік шаралар, асқынулар). Қандай дене
салмағымен және дене ұзындығымен туылды.
Емшекке қашан ыалынды, нәресте емшекті қалай алды, кіндік қалдығы қалай түсті
және кіндік жарасы қалай жазылды, физиологиялық дене салмағын жоғалту болды
ма және қашан ол қалпына келді? Нәрестелік кезеңдегі аурулары. Перзентханадан
үйіне нешінші күні шығарылды.
Баланың физикалық дамуы, статика мен моторикасының дамуы, психикалық
дамуы. Ұжымда және үйіндегі баланың тәртібі. Ұйқысы және оның ұзақтығы.
Нәресте қандай тамақтану түрінде, ему белсенділігі, тамақтану уақыты, үстеме
тамақтар, оның мӛлшері, қосымша тамақ, оның мӛлшері, енгізу реттілігі, кӛтеруі.
Нәрестені емшектен шығару уақыты. Осы ауру басталғанға дейінгі баланың
тамақтануы. Тістерінің жарып шығу тәртібі мен уақыты. Бұрын ауырған аурулары,
ағымының ерекшеліктері, асқынулары. Егулерін жоспар бойынша алды ма,
егулерден кейінгі асқынулар болды ма? Туберкулиндік сынамалар, олардың
нәтижелері. Инфекциялық аурулармен қатынасы.
6
Ересек жастағы балалар анамнезі.
Нешінші бала? Ерте жастағы кезеңде қалай дамыды? Үйінде және ұжымдағы
тәртібі, мектеп жасындағы балалар үшін – мектептегі үлгірімі. Бұрын ауырған
аурулары және хирургиялық араласулар, олардың ағымы, асқынулары.
Профилактикалық егулері. Егулерге асқынулар болды ма? Туберкулиндік
сынамалар, оның нәтижелері. Инфекциялық аурулармен қатынасы.
7
Отбасылық анамнез.
Ата-анасының жасы, олардың және әкесі мен анасы жағынан жақын
туысқандарының денсаулық жағдайы. Тұқымқуалайтын аурулары. Жанұяда неше
бала және олардың денсаулық жағдайы, егер ӛлген болса, қандай себептерден
ӛлді?
8
Материалдық-тұрмыстық жағдайы.
Ата-анасының мамандығы, жұмыс жағдайы, жанұя мүшелерінің саны. Мекен
жайы. Бала балалар мекемесіне барды ма? Бала күтімімен кім айналысты? Баланың
жеке тӛсек орны болды ма? Күн тәртібі сақталады ма? Серуендеу және ұйқы
ұзақтығы. Тамақтану тәртібі, мектептегі жүктеме. Қосымша жүктемелердің болуы.
Кейін студент анамнез бойынша қорытынды жасайды:
- қай жүйенің патологиясына күманданасыз?
- ауру жедел немесе созылмалы ма?
- жанұя анамнезіне немесе жанұя-тұрмыстық анамнезден
қандай жағымсыз факторлар осы аурудың дамуына әсер етті
немесе оны тудырды?
25
Науқасты клиникалық талдау кезінде оқытушы дискуссия тудырады. Науқастың кеуде
қуысы мүшелерінің рентгенографиясын талдау. Талдау соңына қарай болжам диагноз
туралы шешім қабылданады, тексеру схемасы құрастырылады. Барлық қорытындылары
тақтаға жазылады. Оқытушы сұраудың қандай психологиялық атмосферада ӛтіп
жатқандығын ескеріп отырады. Қандай коммуникация әдістері – вербальды (сӛздік),
вербальды емес (мимика, қимылдары, дауыс интонациясы) қатысушымен қолданды.
Үзіліс 30 минут.
Науқас курациясы. Ұзақтығы – 35 мин.
Ауру тарихын меңгеру. Тыныс мүшелерінің перкуссия және аускультациясын жүргізу
дағдысын дамыту.
Реферативті хабарлама немесе электронды баяндамалардың презентациясы.
Ұзақтығы – 30 мин. Дайындалған реферат немесе презентация таныстырылады.
Оқытушы студенттерді ӛз ойларымен алмасуға, сұрақтар қоюға, талдауға жігерлендіреді.
Дидактикалық материалдарды меңгеру.Ұзақтығы – 30 мин.
Студенттерге ӛзбетінше меңгеруге арналған дидактикалық материалдар кешені ұсынылады.
«515» әдісімен қорытынды білім деңгейін бағалау.Ұзақтығы – 30 мин.
Оқытушы қорытынды білімін бақылау «515» әдісімен жүргізілетіндігі туралы
ақпараттандырады. Әдістің шарттары: 5 минут ішінде әр студент осы сабақ үрдісінде
меңгерген 15 жаңа медициналық термин (глоссарий) құрастыруы қажет. Студенттерге
орындалған тапсырма нәтижелерін ӛзара тексеру ұсынылады. Оқытушы жауаптарына түзету
енгізеді.
Сабақтың қорытындысын шығару. Ұзақтығы – 20 мин.
Берілген сабақ мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру анықталады. Студенттерде қандай
компетенциялар қалыптастырылғандығы нақтыланады (білім, дағды, коммуникативті дағды,
құқықтық аспектілері, ӛзбетінше жетілу). Қорытынды бағалары хабарланады. Студенттердің
ойы тыңдалады.
Үйге тапсырма беріледі.
Интерактивті оқыту әдістерін жүргізу нұсқалары
* «Кіші топтарда жұмыс» әдісі.
Ұзақтығы – 45 мин.
1 қадам. Сабақ ӛзектілігін, мақсаттарын, міндеттерін
анықтағаннан кейін оқытушы студенттерге осы әдістің
кӛмегімен студенттерді ауызша сұрау жүргізілетіндігін,
сабаққа дайындалудың теориялық деңгейі анықталатындығын
түсіндіреді.
2 қадам.Оқытушы шарттарды атайды:
кіші топтар құрылады (жұптар), оларға нақты тапсырмалар
беріледі;
егер студенттер тобы 8 адамнан тұратын болса, онда 4 кіші топ құрастырылады, егер 6
студент болса, 3 топ.
жауап, шешім дайындауда кіші топ мүшелерінің барлығы белсенді қатысуы керек;
студенттер ұжымжа жұмыс істеу дағдысын, клиникалық ойлау қабілетін кӛрсетеді,
мәселені түсіну мен шешу жолдарының жалпы жолдарын іздейді;
26
сұрақтарға жауаптар нақты, схемалары анық және түсінікті болуы керек;
кіші топтарда жұмыс істеу уақыты – 15 мин.;
топтағы жұмыстар нәтижелері 5баллдық бағана бойынша бағаланады;
әр топқа 3 карточкадан беріледі, олар – жасыл (дұрыс жауап), қызыл (дұрыс емес жауап),
сары (толық емес жауап, толықтыруды қалаймын). Бұл карточкалар студенттермен кіші
топтар алдына қойылған тапсырмалар шешімінің нәтижелерін бағалау үшін қолданылады.
әр кіші топқа жауап беруге 5 мин. Уақыт белгіленеді (құмсағаты). Егер қатысушы
берілген уақытта үлгірмесе, оқытушы кіші топты жазалайды (1 балл алынады), нақты емес
және толық емес жауап үшін де 1ден 3ке дейін балл алынады.
3 қадам. Оқытушы кіші топтарға тапсырма береді.
диагностика алгоритмінің схемалық түрін құрастыру;
дифференциялық диагностика кестесін құрастыру;
күтілетін нәтижелермен зерттеу жоспарын жасау;
емдеу жоспарын жасау (принциптері, препараттардың аты, дозасы, емдеу курсы).
4 қадам.Кіші топтардан спикер таңдалады. Әр кіші топ кезекпен жұмыс нәтижелерін
кӛрсетеді.
Оқытушы тапсырманың дұрыс шешілгендігі туралы басқа кіші топтың қатысушыларымен ой
бӛліседі және сәйкес түрлі түсті карточканы кӛтеруін сұрайды. Егер толығырақ және нақты
жауап берілсе немесе маңызды мәліметтермен толықтырылса, осы студент таныссушысы
болып табылатын кіші топқа 1 балл қосылады. Оқытушы студенттерідң жауаптарын түзетіп
отырады.
5 қадам. Кіші топтарда жұмыс істеу қорытындысы шығарылады. Әр кіші топтың
қорытынды баллы хабарланады. Оқытушы осы сұрау түрі туралы студенттердің ойын
сұрайды – не қызықты болды, немесе керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер уақыт
жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.
Оқытушы «кіші топтарда жұмыс» әдісі бойынша сұраудың аяқталуына қарай студенттерге
сабақтың келесі сатысы «Тақырыптық науқасты клиникалық талдауға» ӛтетіндігін
хабарлайды.
* «Рӛлдік ойын» әдісі. Ұзақтығы – 45 мин.
Белсенді оқытудың имитациялық ойындық әдісі, келесі
белгілермен сипатталады:
тапсырманың болуы (мәселе) және шешім шығаратын
қатысушылар арасында рӛлді бӛлу;
ойын қатысушыларының ӛзара қатынасы. Әрқайсысы
ӛз рӛліне сәйкес басқа қатысушылардың ойымен келісуге
немесе келіспеуге құқылы, ӛз ойын білдіре алады немесе т.б.;
сабақ үрдісіне оқытушы түзету шараларын енгізеді. Оқытушы талдауды үзіп, осы
тапсырманы шешу кезінде ескерілуі қажет кейбір жаңа мәліметтерді хабарлай алады, талдау
арнасын басқа жаққа бұра алады және т.б.;
оқытушы және студенттер ойынының қорытындысын шығару және нәтижелерін бағалау.
Назар аударыңыз! Рӛлдік ойын ӛз функцияларын атқаруы және педагогикалық мақсатты
шешуі үшін, топтық ӛзара қатынас мақсатын, қатысушыларды таңдау принциптерін ескере
отырып, ойынға қатысатын топтарды құрастыру және ұйымдастыру аспектілерін толық
27
қарастыру қажет, сонымен қатар, ойындық кеңістік пен қажетті заттарды дайындаумен
байланысты барлық сұрақтарды ойластыру керек. Бұл ойын моделінің даму потенциалы мен
артықшылықтарын рационалды қолдануға мүмкіндік береді [4, с.81-83].
1 қадам. Ойынға кіріспе. Тақырыптың ӛзектілігін, мақсатын және міндеттерін негіздегеннен
кейін оқытушы студенттерге рӛлдік ойындар кӛмегімен сабақ тақырыбы талданатындығын
хабарлайды. Рӛлдік ойын барысында студенттер сабақ тақырыбы, құқықтық сұрақтар
бойынша білімдерін, шешім қабылдау дағдыларын, ұжымда жұмыс істеу дағдыларын, кәсіби
сӛйлеу қабілетін, сұрақтар қоя алу, диалог жүргізу дағдыларын кӛрсетеді
2 қадам. Рөлдерді бөлу. Оқытушы «Тыныс мүшелерінің аллергиялық аурулары бар науқас»
рӛлдік ойынын жүргізу тәртібі мен шарттарымен таныстырады:
студенттерге әрқайсысындаатқаратын рӛлі кӛрсетілген 7 карточка (ата-ана-науқас,
аймақтық дәрігер, стационардың қыбылдау бӛлімінің дәрігері, маман-пульмонолог-
аллерголог, функционалды диагностика бӛлмесінің дәрігері, дәрігер-лаборант, эксперт-
аналитик) ұсынылады;
әрқайсысы кезекпен карточка алады, және ӛз рӛлімен танысады, жазбаларын қолдануға
болады, қысқаша әрекет жоспарын құрастырады (5 мин);
«ата-ана-науқас» карточкасында диагнозы келтіріледі (поллиноз немесе бронх демікпесі),
сол бойынша шағымдары құрастырылуы керек. Студент бұл карточканы қатысушылардың
ешқайсысына кӛрсете алмайды. Барлық ойын жолы тәуелді осы қатысуша тәуелді, себебі ол
шағымдарын дұрыс құрастыруы және ӛзінің «симптоматикалық» сезімдерін жеткізе алуы
керек;
«эксперт-аналитик» рӛлі студентке басқа қатысушылардың әрекетін қадағалауға,
негізділігін және әр маманмен жүргізілген шаралардың дұрыстығын талдауға, дәрігер
жазбаларындағы қателіктерді анықтауға мүмкіндік бередіжәне жеке жазба қағазына белгі
қойып отырады. Соңына қарай «эксперт-аналитик» әлсіз, күшті тұстары, қателіктер және т.б.
кӛрсетілетін қорытынды жасайды. Осы ойыншы алдына қойылған талаптар рӛлдік
карточкада кӛрсетілуі керек;
шынайы клиникалық жағдайға ұқсас болуы үшін ойын қатысушыларына 112 үлгіні
қайталайтын дәптерлер, ауру тарихы, жолдамаға арналған бланкілер болады; Оның барлығы
үстелдің ортасына қойылады; әр ойынша оған берілген құжаттардың қайсысына жазба
жасайтындығын ӛзі біледі;
әр ойыншы ойынға кезекпен түседі (нӛмірі карточкада кӛрсетіледі);
оқу бӛлмесінде рӛлдік ойынға сәйкестендіріліп, столдар мен үстелдер қойылады.
3 қадам.Ойынға кірісу. «Рӛліне» сәйкес, әр студент ӛз тәртібін анықтайды, сұрақтары мен
жауаптарын құрастырады; оқытушы қажет болған жағдайда, рӛлдік ойындағы әр
қатысушының траекториясын ӛзгерте алады.
4 қадам.Жағдайды (мәселені) меңгеру және жүйелі талдау. «Ата-ана-науқас» ойыншысы
кіреді, «аймақтық дәрігерге» шағымданады, карточкада берілген диагнозға сәйкес шағымын
және анамнезінқұрастырады.
5 қадам. Ойын үрдісі. «Аймақтық дәрігер»«ата-ана-науқас» ойыншысына сұрақтар қояды,
объективті зерттеу жүргізеді (нәтижелерін ауызша айта отырып). Жетекші синдром және
болжам диагноз туралы қорытынды жасайды. Ары қарай тексеру жоспарын құрастырады.
Баланың даму тарихында сәйкес жазбаларды кӛрсетеді (дәптерде). Басқа зерттеу әдістеріне
арналған жолдаманы және стационарға жатқызу жолдамасын (егер оны қажет деп тапса)
толтырады.
28
6 қадам. «Ата-ана-науқас» ауруханаға жатқызуға жолдамамен және толтырылған 112
үлгісімен стационардағы қабылдау бӛлімінің дәрігерімен әңгімелеседі, ол да сұрақтар қойып,
науқасты дәрігерлік қарау жүргізеді, ауру тарихын толтырады. Диагноз қояды, қосымша
зерттеу әдістері мен емдеу жоспарын толтырады, қандай аурулармен дифференциялық
диагностика жүргізу қажет екендігін кӛрсетеді.
7 қадам. «Функционалды диагностика бӛлмесінің дәрігері» және «дәрігер-лаборант»
ойыншылары (қажет болған жағдайда оларды біріктіруге болады), зерттеу әдістерінің
нәтижелері бойынша қорытынды жасайды (жоспарға сәйкес).
8 қадам. «Ата-ана-науқас» маман-пульмонолог-аллергологқа барады, ол да ӛз кезегінде
шағымдарын, сұрайды, анамнезін толықтырады, зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдайды
және соңғы клиникалық диагнозды негіздейді. Емін түзетеді. Ауру тарихына жазбалар
жасалады.
9 қадам. «Эксперт-аналитик» ойыншысы карточкада қойылған сұрақтар тізімі бойынша
қорытынды жасайды. Әр ойыншыға ұсыныстар айтады. Барлық ойыншылар ойларымен
бӛліседі (бағалау және ӛзін-ӛзі бағалау).
10 қадам. Плениум. Ойыншы «ата-ана-науқас» карточкада алдын-ала кӛрсетілген ӛз
диагнозының құпиясын ашады. Қатысушылар ой бӛліседі.
11 қадам. Ойын қорытындысын шығару. Оқытушы жалпы хабарлама жасайды – сұрақтар
қаншалықты ашылды, нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда сӛйлемдерінің
дұрыстығы, коммуникативті дағдыларын кӛрсету,студенттердің ішінде кім үздік
дайындалған, кім білімін толықтыруды қажет етеді.
12 қадам. Рефлексия. Ойыннан «арылу». Оқытушы студенттерге карточкалар кӛмегімен
сұрау түріндегі сабақтың жүргізілуі туралы ойларын сұрайды – не қызықты бодды, немесе
керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері
байланыс» жүргізуге болады.
Рӛлдік ойынның аяқталуына қарай оқытушы студенттерге шаршағандарын басу үшін және
жүктемежен арылу үшін бой жазуларын ұсынады.
Түсініктің нақты логикалық анықтамасы – шынайы білім шарты.
Сократ
* «Балық сүйегі (білім діңгегі)» әдісі.
Ұзақтығы – 40 мин.
«Балық сүйегі» әдісінің артықшылықтары:
жағдайды суреттеу, тез қимылдау, негізгісін анықтай
білу игерімі қалыптасады;
кӛпшілік алдында баяндамамен сӛйлеу дағдысы қалыптасады;
коммуникативті дағдыары қалыптасады – жауап беріп жатқан
адамға деген сыйластық қатынасы;
алынған мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады;
әдіс теориялық біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді;
сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларының сызықты жүйесі
шығарылады.
1 қадам. Тақырыптың ӛзектілігін, мақсатын, міндеттерін негіздегеннен кейін оқытушы
студенттерге ұсынылып отырған әдіс кӛмегімен сабақтың теориялық бӛлімі
талданатындығын түсіндіреді.
29
2 қадам. Оқытушы «балық сүйегі» әдісінің жүргізілу шарттарымен таныстырады:
- студенттерге ұсынылған карточкалардың кӛмегімен жан жағы аурудың этиологиясы, емдеу
әдістері туралы сұрақтарға жауаптардан тұратын «балық қаңқасын» құрастыру ұсынылады,
Балықтың негізі (қаңқасы, каркасы) осы ауру кезіндегі клиникалық синдромдар
(симптомдар) сұрақтарына жауаптардан тұрады. Балықтың құйрығы аурудың алдын-алу
сұрақтарының жауаптарынан тұрады. Сонымен қатар, сұрақтарға жауаптар нақты, анық және
біреу керек.
Дұрыс жауап үшін әр студентке 0 баллдан 100 баллға дейін беріледі.
3 қадам. Қатысатын студенттердің ішінен экспертті таңдау қажет, ол жұмыс тобындағы
студенттердің жауаптарын бағалайды және түзетеді.
4 қадам. Үстелге студенттердің алдына таза карточкалар қойылады, олардың саны
ұсынылатын жауаптардың санына сәйкес келеді.
5 қадам. Тақтаға балық сүйегінің суреті барплакат ілінеді.
6 қадам. «Ауру этиологиясы» деген сұраққа әр студент ӛзіне таза бір карточка алып, оған
оның ойынша дұрыс деп санайтын жауапты жазады.
7 қадам. Студенттер жауабы бар карточканы этиологиясы (ауруды тудырушы себептер)
бойынша сұрақтары бар жағына бекітеді. Сонымен қатар, студент неге осы жауапты дұрыс
деп санайтындығын түсіндіреді.
8 қадам. Балық қаңқасының бір жағын құрастырып болғаннан кейін, студентерге балықтың
негізін қалау ұсынылады, ол «патогенезінің негізгі механизмдері», «негізгі клиникалық
синдромдары» сұрақтарынан тұрады.
9 қадам. Этиологиясына сәйкес студент таза карточкаға жауабын жазады. Студенттерге
ұсынылған жауапты талдау барысында, оқытушы студенттердің жауабын түсіндіреді және
түзетулер енгізеді.
10 қадам. Кейіннен студенттерге балықтың екінші жағын құрастыру ұсынылады, ол негізгі
емдеу әдістерінен тұрады.
11 қадам. Жауабы бар карточканы студенттер емдеу әдістері туралы сұрақтары бар жағына
бекітеді (препараттар тобы мен дозаларын кӛрсете отырып). Сонымен қатар, студент
неліктен осы жауапты дұрыс деп санайтындығын түсіндіреді. Оқытушы қажетінше
жауаптарға түзетулер енгізеді.
12 қадам. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін оқытушы қаланған балық қаңқасына
барлық студенттердің назар аударуын ұсынады және студенттердің біреуіне жалпыландыру
ұсынылады. Оқытушы жалпыландыру барысында студентті түзетіп отырады.
13 қадам. Эксперт–студентке студенттердің сұрақтары бойынша олардың дұрыстығына
қарай жалпыландыру жасау ұсынылады.
14 қадам. Оқытушы одан кейін қорытынды жасайды – сұрақтар қаншалықты ашылды,
жауаптардың нақтылығы мен толықтығы, терминологиялық тұрғыда дұрыс сӛйлеуі, жұмыс
кезінде коммуникативті дағдыларын кӛрсетуі, студенттердің қайсысы үздік, қайсысы жақсы
дайындалған, кімнің білімін толықтыруы қажет екендігі анықталады.
15 қадам. Оқытушы студенттерге карточкалар кӛмегімен сұрау түрі туралы ойларын
жеткізуін сұрайды – не қызықты болды, немесе керісінше, не күрделі болды және т.б. Егер
уақыт жеткіліксіз болса, жазбаша түрде «кері байланыс» жүргізуге болады.
30
Ескерту:
Токио
университетінің
профессоры КаоруИшикава (KaoruIshikawa)
(1915-1989),сапа басқару саласының ірі
маманы. «KonSi–Fishbone-IshikawaDiagram»
бағдарламасы әртүрлі қызмет саласында
қолданыс тапқан. Қызмет кӛрсету немесе
ӛнім сапасын тӛмендетуге алып келетін сапа
басқару жүйесінде себептерін анықтау үшін
Исикаваның «Балық сүйегі» диаграммасы
ерекше
қолданылады.
Исикаваның
диаграмма
құрастыру
әдісішынайы
тәжірибелік жағдайларға жеңіл қолданылуында, әсіресе, аналитикке кездесетінкомпания
жұмысының
барысында
туындайтын
мәселелі
жағдайларды
меңгеруде
(WWW.MARKETING-SOFT.RU).
* «Конференция» әдісі. Ұзақтығы – 50 мин.
Белсенді оқытудың берілген әдісі сабақтың тақырыбы
күрделі болған кезде, сирек кездесетін ауруларды
меңгеруде (тұқымқуалайтын, туа біткен және басқа
аурулар), клиникада тақырыптық науқастар болмаған
кезде, клиникалық талдауларды жасау мүмкіндігі
болмаған кезде қолайлы.
«Конференция»әдісінің артықшылықтары:
1.
Берілген ауру ерекшеліктерін суреттеу дағдысы
қалыптасады
2.
Жылдам қимылдау дағдысы қалыптасады
3.
Негізгілерін анықтау дағдысы қалыптасады
4.
Кӛпшілік алдында баяндамамен сӛйлеу дағдысы қалыптасады
5.
Коммуникативті дағдылары қалыптасады – жауап берушіге деген сыйластық қатынасы
6.
Берілген мәліметтерді талдау дағдысы қалыптасады
7.
Әдіс теориялық біліміндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді
8.
Сабақтың соңында теориялық білімі мен тәжірибелік дағдылары бойынша білімдерінің
сызықтық жүйесі түзіледі
Әр баяндамашы конференцияға дайындалу барысында тақырыпты терең меңгереді.
Баяндамалар кӛрнекі материалдарын (схемалар, А3 форматындағы кестелер, фотосуреттер,
суреттер) кӛрсету арқылы ауызша түрде болуы да мүмкін, сонымен қатар, электронды
презентация түрінде болуы мүмкін.
Презентация 8-10 слайд кӛлемінде болуы керек, бірінші слайдта тақырыбы,
баяндамашының аты-жӛні, факультеті, курсы, топ нӛмірі, дайындаған күні кӛрсетіледі.
Кейіннен тақырыптың ӛзектілігі, статистикалық мәліметтер беріледі, тақырып ашылады,
қорытынды жасалады. Слайдтарда мәтіндік бӛлімі 10 қатардан аспауы керек, бағана шрифті
30 болуы керек. Презентацияда негізінен ақпараттық кӛрнекіліктер болуы керек. Слайдтарды
рәсімдеу қарапайым болуы керек, ӛте қанық шрифттер, анимациялық суреттер,
карикатуралар және т.б. қолданылмайды, анимация қолданылу ұсынылмайды. Түстерге
қойылатын талаптар – 1 слайдта 3 түстен артық болмауы керек. Студент баяндама
материалын терең меңгеруі қажет, баяндама мәтіні немесе слайдтан оқып беру
ұсынылмайды.
|