Сарсенбаева С. С., Рамазанова Ш. Х., Баймаханова Н. Т. Медициналық жоғАРҒы оқу орындарындағы белсенді оқыту



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі0,98 Mb.
#6399
1   2   3   4   5   6

Инновация дегеніміз не? 

Инновация  –  жаңа  кіріспе,  жаңаны  енгізу,  жаңалықты  енгізу.  Бұл  жаңаны  меңгеру 

және енгізу үрдісі. Жаңалық – маңыздылықты, әдістілікті меңзейтін құбылыс. Жаңа құрамы 

мен  технологиясы,  әдістемесі.  Осыған  қарай,  жаңа  кіріспе  деңгейіне  қарай–  тӛмен  (ерекше 

атауларда,  анықтамаларда  ӛзгертулер  түріндегі  инновациялар),орта  (маңыздылықты 

қозғамайтын  түрлердің  ӛзгерісі),  жоғары  (жүйені  немесе  оның  басты  компотенттерін 

ӛзгертеді) болып жіктеледі. 

Инновациялық  үрдіс  –  білімнің  құрамын  дамыту  мен  қалыптастырудың  және 

жаңалықты  ұйымдастырудың  кешенді  жұмысы  [6].  Жаңалықты  тәжірибеге  енгізу  үрдісі 

ретінде  новаторлар  деп  аталатын  жаңалықты  енгізушілердің  мақсатты  бағытталған, 

ұйымдастырылған жұмысының үрдісі.  

 

Оқытудың  инновациялық  әдістері  –  «оқытушы  –  студент»  ӛзара  жұмысының  жаңа 



әдістерімен  сипатталатын,  оқу  материалдарын  меңгеру  үрдісіндегі  тәжірибелік 

жұмыстардағы  жаңалық.  Инновациялық  оқыту  оқытудың  белсенді  әдістері  мен  түрлерінен 



 

 

10 



 

тұрады, себебі  соңғысы кәсіби білімді  меңгеру үрдісінде  студенттердің жылдамдылығымен 

және белсенді ойлауы мен тәжірибелік жұмыстарын жігерлендірумен сипатталады. 

Оқыту әдістері ойлағандарды жүзеге асыру механизмдері болып табылады. Ол барлық 

мақсаттарды,  міндеттерді,  оқыту  принциптерін  ӛмірге  айналдыруға  мүмкіндік  береді. 

Оқытудың  жаңа  әдістері  мен  әдістемелерін  енгізу  арқылы  жалпы  білім  беру  мен  оқыту 

үрдісін реформалау жүзеге асырылады, оны кез-келген оқытушы нақты бір сабақта жүргізе 

алады.  


Студенттерді  оқытудың  сапасын,  тиімділігін  арттыру  әртүрлі  тақырып  және  жағдай 

бойынша  оқыту  әдісін  дұрыс  таңдай  білу  және  қолданумен  тікелей  байланысты,  сонымен 

қатар,  оқу  үрдісінің  барысында  субъект-субъекттік  қатынасты  қамтамасыз  етумен 

байланысты.   

Студенттерді  оқытудың  қазіргі  шарттары  инновацияларды,  жаңалық  және 

жаңакіріспені  енгізу  қажеттілігімен  ерекшеленеді.  Берілген  оқыту  әдістері  студенттерде 

клиникалық  және  тез  ойлау  қабілеттерін  дамытады,  шығармашылық  және  инновациялық 

жұмыс  тәжірибесін  қалыптастырады,  компетенцияларын  жетілдіреді,  озық  жұмыс  істеуге 

үйретеді,  тек  қатысушы  емес,  сонымен  бірге,  оқытушыны  да  дамуға  жігерлендіреді. 

Анықталғандай,  белсенді  оқыту  әдістерін  қолдану  барысында  ӛздерінің  айтқандарының 

80%ын, ал ӛздерінің істегендерінің 90%ын есте сақтайды [7]. 

Инновациялық  оқыту  әдістерінің  ерекшеліктері:  болашаққа  құштарлық,  тұрақты 

мазасыздану,  тұлғалық  және  оның  дамуына  бағытталуы,  мәселені  шешуге  шығармашылық 

жолмен  келу,  қатынастың  серіктестік  түрі,  бір-біріне  кӛмектесу,  топта  жұмыс  істей  алу, 

бірігіп шығармашылық ету, мақсаттарына жетуге ұмтылу, тапсырмаларды креативті жолмен 

шешу, тұлғалық-бейімделген жолға аса назар аудару. 



 

Инновация және дәстүрлі әдістердің ерекшелігі? 

Оқытудың дәстүрлі әдістері негізінен бұған дейін 400 

жыл  бұрын  пайда  болған  сыныптық  оқу  жүйесі  арқылы 

жүзеге  асырылады.  Дәстүрлі  оқытудың  міндетті  элементі  – 

оқу,  ол  түгел  сыныппен  бірмезгілде  сабақ  жүргізу  болып 

табылады. Оқытушы сабақ үстінде хабарлама жасайды, білім 

береді,  игерімі  мен  дағдыларын  қалыптастырады,  жаңа 

материалдарды  меңгеруін  анықтау  үшін  қатысушылардың 

меңгеру  нәтижелерін  бағалайды.  Дәстүрлі  оқыту  негізінен 

репродуктивті  сипат  алады.  Оқытушы  жалғыз  әрекет  етуші  тұлға  болып  табылады. 

Оқытушының  басты  күші  оқу  ақпаратын  жақсы  жолмен  таныстыруға  бағытталған. 

Қатысушы осылайша оқытушыға меңгерген оқу материалдарының мазмұнын жеткізуі қажет. 

Дәстүрлі  оқытудың  негізгі  әдісі  түсіндірмелі-көрнекілік.  Дәстүрлі  оқыту  әр 

оқытушыға  бейімделуіне  мүмкіндік  беретін  ӛзгертулер  енгізуді  қажет  етеді. 

Модернизацияның  бір  жолы  оны  ұйымдастыруға  оқытуды  дамыту  элементтерін  енгізуден 

тұрады.  Яғни,  оқу  міндеттерінен,  оқу  әрекеттерінен,  бақылау  әрекеттерінен  және  білімін 

меңгеру  дәрежесін  бағалаудан  тұратын  оқу  жұмысын  қалыптастыру.  Дәстүрлі  оқытуды 

жетілдірудің  басқа  жолы  ақпараттық  және  оқытудың  дамытушы  түрлері  мен  әдістерін 

интеграциялау негізіне бағытталған.  Мысалы, педагогикалық шеберлік технлогиясы. 

Бұл технология Францияда жасап шығарылған. Оның негіздерін атақты психологтар 

мен қоғам қызметкерлері Анри Валлон, Поль Ланжевен және Жан Пиаже қалаған. Олар мен 


 

 

11 



 

олардың ізбасарлары — мыңдаған педагогтарды біріктірген жаңа білім берудің француздық 

топтары,  —  қоғамдағы  транформацияның  ӛршуі  білім  берудегі  жағымды  ӛзгерістерді 

жігерлендіреді  деп  болжайды.  Шеберлік  «түсінікті  және  қарапайым  формулаларға»  сәйкес 

құрылады:  оқушы  білімді  ӛзі  іздеуі  қажет;  қатысушының  еңбегі  мағыналы  болуы  керек; 

барлығы  мүмкіндікке  ие;  оқушы  қимылдауы  қажет;  оқушылар  қолмен  жұмыс  істегенді 

жақсы кӛреді. 

Технологияпедагог-шеберменарнайы  ұйымдастырылған  кеңістікте  дамиды,  ол 

оқушыларға жеке және ұжымдық ізденуде «білім құрастыруына немесе ашуына» мүмкіндік 

береді. 


Шеберлік — бұл сабақ жүргізудің ерекше түрі. Ол ӛзара байланысты сатылар ретінен 

тұрады.  Әр  сатыда  оқу  тапсырмасы  анықтаушы  бірлік  болып  табылады,  ол  балалардың 

танымдық  қызметін  бағыттайды.  Сонымен  қатар,  оқушылар  зерттеу  жолдарын,  мақсатқа 

жету  құралдарын,  жұмыс  қарқынын  және  т.б.  таңдауға  мүмкіндіктері  бар.  Оқушылармен 

орындалған  тапсырмаларды  оқытушы  тексермейді.  Сыныпта  жұмыс  нәтижелерін  және  сол 

танымдық  үрдісте  ӛзін-ӛзі  тексеру,  ӛзін-ӛзі  бағалау  ұйымдастырылады,  нәтижесінде  факт, 

үрдіс  және  құбылыстарды  ӛзбетінше  тану  қабілеті  (жағдайлар  туралы  жеке  ойы)  дамиды, 

тұрақтанады,  оқушы  тәжірибесінің  субъектілі  қателігі  немесе  шектелуі  жойылады,  оның 

білімі,  игерімі,  қатынастары,  сезімі  мен  мүмкіндіктері  жағынан  жеке  жетістіктерге  жетуі 

жүзеге асырылады. 

А.А.  Окунев  жазғандай,  шеберлікте  «білім  дайын  түрде  берілмейді,  құрастырылады. 

Осы  құрастырылу  үрдісінде  дұрыс  емес  анықтамалар,  қателіктер  болуы  мүмкін,  бірақ  бұл 

қылмыс емес. Оқышулар қателік жіберу және дұрыс емес ойы туралы сӛз есту, тапсырманы 

орындай  алмау,  оқытушының  не  ойлағанын  таба  алмау  туралы  қорқыныш  сезімінен 

арылады.  Таным  баспалдағы  болып  табылатын  қателіктер  негізінде  нақты,  ғылыми  білімі 

қалыптасады.  Сабақтың  соңында  Сабақтың  басты  сұрағының  дұрыс  жауабы  айтылмауы 

мүмкін. Ол кезде келесі шеберлік сабағын бастауға жақсы негіз пайда болады». 

Дәстүрлі оқыту кезінде білімді оқытушы береді және оқушы — жазуға болатын «таза 

ақ  парақ  тәрізді»,  білімді  «қапталған»,  құрылымдандырылған  күйінде  алатын  болса,  ал 

шеберлікте  жүргізілетін  сұрақтардың  барлығы  бойынша  сабақтың  басында  қатысушылар 

ӛзінің  гипотезаларын,  ойларын,  модельдер  құрылымын,  сызбаларын  және  т.б.алға  тартады. 

Оқушылардың  нұсқалары,  жаңалықтары  —  бұл  сәйкесінше  қатысушылар  игеретін 

танымдық, ойлау және әрекет ету мүмкіндіктерінің жеке құрамы. 

Рефлексия — тұлғаның ойында және (немесе) сезініп жүрген ӛз әрекетін түсіну үрдісі. 

Шебер  мен  оқушының  кейінгі  жұмысының  жетілуіне  алып  келетін  шеберлік  барысында 

оқушыда  пайда  болған  сезімдердің  кӛрінісі;  бұл  шеберліктің  барлық  сатысындағы 

анықталған  жетістіктер  мен  жеңілістердің  талдауы,  бұл  ӛзінің  қателігін  сезіну  және  осы 

кедергіні оны жеңу нәтижесінде шешу. 

Рефлексия барысында әртүрлі ойлау жұмыстары жүргізіледі: 

 

шеберлікте қолданылған және қатысушымен меңгерілген қызмет әдістерінің талдануы және 



бекітілуі мүмкін; 

 

жеке оқушымен, топта немесе барлық сыныппен құрылған білімі талданады; 



 

шешілмеген мәселелер белгіленеді, «білімсіздік аймағы» анықталады; 

 

алдағы  ізденіс  жұмыстары  туралы  шешім  қабылданады:  жобалар  тақырыбы  таңдалады, 



меңгеру және талдау үшін сұрақтар ұсынылады және т.б. 

 

 

12 



 

Рефлексия  барысында  айтарлықтай  тиімділікке  жетуге  болады:  біріншіден,  оқушылардың 

керекті  оқу  әрекеттерін  меңгеруіндегі  тиімділікке  бақыланбайтын  рефлексияны  қосқаннан 

кейін  ғана  жетуге  болады,  соның  есебінен  сатылардың  жұмысы  анықталады,  мысалы, 

математикалық  есепті  шешуде;  екіншіден,  рефлексия  әрекет  етуге  деген  ішкі  талпынысқа, 

балаға  оқу  мазмұнын  «жақындатуға»  жағдай  жасайды;  кейін,  сабақта  рефлексияны  жүзеге 

асыра отырып, оқушылар сәйкес ойлау процедураларын орындайды,  бұл оқушының кейінгі 

ересек ӛмірінде маңызды. 

Инновациялық  әдістердің  басты  ерекшеліктерінің  бірі  оқушылардың  белсенділігі 

оқытушының  белсенділігімен  тең  келуінде.  Студенттер  дәріскер  немесе  оқытушының 

пассивті  монолог  оқуының  тыңдармандары  емес,  тікелей  және  кері  байланыс  нәтижесінде 

шығармашылық және эмоционалды түрде білім беру үрдісіне қатысады.  

Дәстүрлі  әдіс  қайталу  барысында  ережелерді  меңгеруге  бағытталған,  ал 

инновациялық әдістер белгісіз, үнемі ауыспалы болып кӛрінетін жаңа жағдайда әрекет етуге 

шақырады.  Бұл  әр  науқас  үнемі  «ӛзгеріп  отыратын  белгісіздік»  болып  саналатын    дәрігер 

қызметінде, әсіресе, дедуктивті қызметінде маңызды.  



 

Педагогқа арналған креативті жаттығу. 

Дәптер  парағын  немесе  А4  парағыналыңыз,  оны  2  бӛлікке  бӛліңіз,  біріншісіне 

Сіздің          ойыңызша  дәстүрлі  оқытуға  не  жататындығын  жазыңыз,  ал  2-шісіне,  Сіз 

қандайәдістерді  инновациялық  деп  санайсыз.  Тізімді,  негізінен,  маңыздылығына  қарай 

орналастырыңыз.  Қолдану  жиілігіне  қарай.  Екі  бағанды  салыстырыңыз.  Сіз  қандай 

маңызды  айырмашылықты  байқадыңыз?  Дәстүрлі,  инновациялық  әдістердің  ішінде 

қайсысы сізге ұнайды? Неліктен? Ӛзіңізге және Сізбен бірге жаттығуды жасауға қатысып 

отырған ұжымдастарыңызға жауап беріңіз. 

 

 

Қатысушының инновациясы мен компетенциялары 



 

Медициналық  сипаттағы  білім  беру  бағдарламаларының  негізінде  –  болашақ  дәрігер 

компетенциясын  (когнитивті,  операционалды,    аксиологиялық,  құқықтық  компетенция, 

сонымен  қатар  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  компетенциясы)  қалыптастыру,  белгілі  бір  оқыту  мерзімі 

ішінде  кәсіби,  интеллектуалды,  ӛзін-ӛзі  ұстау  қабілеттері  мен  дағдыларын  дамыту 

мақсатының  жатуына  байланысты,инновациялық  әдістерді  қолдану  объективті  түрде 

заңдылық болып табылады. «Компетенция» термині (латын тілінен) «адам жақсы меңгерген, 

ол  туралы  түсінігі  мен  оны  жүзеге  асыру  үшін  тәжірибесі  мол  сұрақтар  шеңбері»  дегенді 

білдіреді [8]. 

 

Компетентті  түрде  оқытуды  жалпы  медициналық  және,  соның  ішінде,  педиатриялық 



білім берудің жаңа жолы деп қана қарастырмай,  сонымен қатар, қазіргі заман талабына оны  

сәйкестендіру  механизмі  ретінде  қарау  қажет.  Ол  педиатрды  дайындау  үрдісін 

ұйымдастыруда  айтарлықтай  түзетулер  енгізеді,  оған  әрекетшіл  және  тәжірибелік-

бейімдеуші  сипат  береді.  Компетентті  түрде  оқыту  қазіргі  қоғам  мен  медициналық 

құрылымдар  талап  ететін  дәрігер-педиатрдың  жаңа  сапалы  моделін  қалыптастыруға 

мүмкіндік  береді.  Болашақ  педиатр  компетенттілігі  –  бұл  бала  денсаулығын  сақтау 

саласында  тапсырмаларды  шешу  мүмкіндігі,  ӛзінің  дәрігер-педиатрлық  кәсіби  рӛліне 

дайындығы. 

 


 

 

13 



 

Ӛз ойларыңызға ӛте мұқият болыңыз – 

олар істеріңіздің бастауы. 

Лао-цзы 

 «Педагог-қорғаушыдан» «педагог-менеджерге» 

Метаморфоза мәні -  авторитаризмнен демократизацияға ауысу. Авторитарлы педагог 

ұраны: «Мен айтқандай етіп жаса!», осыған қоса, қатысушыларды бір-бірімен немесе белгілі 

стандарттармен  салыстырады.  «Педагог-менеджер»  ұраны:  «Сен  ережелер  мен  олардың 

салдары туралы білесің, ӛз таңдауыңды жаса», студенттердің жетістіктерін олардың бұрынғы 

жетістіктерімен  салыстырады,  оқушылардың  қызығушылығына  бейімделеді.  Педагог 

студенттермен  ӛзара  қатынастың  бастаушысы  болады,  оқытуды  жоспарлау  және 

ұйымдастыру,  негіздеу  және  бақылау  қызметтерін  атқарады,  сонымен  қатар,  ол  аналитик-

эксперт,  жоба  жасаушы  болады,  кәсіби  қызметке  инновациялық  әдістерді  енгізуді  жүзеге 

асырады,  студенттердің  психикалық  саулығын  бір  деңгейде  ұстап  тұрады,  коммуникативті 

дағдыларын кӛрсетеді [2,32-33б.].  

Қазіргі  кезде  педагогтарды  шартты  түрде  кӛшбасшы,  позитивист,  нейтрал  және 

негативист деп бӛлуге болады.  

Кӛшбасшының қарапайым адамнан қандай 

айырмашылығы бар? 

 

Кӛшбасшылық міндеттері мен 



мәселелері: 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Студентті қызықтыру және оның сенімін ояту үшін оқытушыға кӛмектесетін әдістер [4, 42-

43 б.]: 

- меңгерілетін мәселе және жүргізілетін технология бойынша тәжірибелі адам немесе 

студенттер ортасында оқытушының эксперт ретінде белгілі болуы; 

- қызығушылық, энтузиазм, белсенділік, эмоционалдылық; 

-  ӛзін-ӛзі  ұстау  нәтижесінде  оқушыларды  тітіркендірмейтін  немесе  олардың 

психологиялық қолайсыздығын шақырмайтын тәлім кӛрсету; 

- сӛйлеу мәдениеті (қарапайым және кәсіби); 

-  ойындық  технологияларды  қолдана  отырып,  сабақты  жүргізу  бойынша  тәжірибелік 

дағдыларының болуы; 

10% дағдылары мен 

білімі 

40% танымы 



50% қоршаған ортасы 

 

Кӛш-



басшы 

Таным  


Жос-

парлау 


Жетек-

шілік 


Тәрбие-

леу 


Ӛзектілігі 

Топ 


Әсері 

Эмоц. 


ӛзін-ӛзі 

басқ. 


 

 

14 



 

-  серіктестік  қатынас  деңгейінде  жұмыс  жасай  білуі,  осының  арқасында  ол 

қатысушыға оқытушының да жасай алатындығын және оқығысы келетіндігін кӛрсетеді; 

- ӛзін-ӛзі сенімді ұстауы және қатысушы мен пәнге деген сыйластық қатынас кӛрсету.  

Егер компетенттілік деңгейі тӛмен, оқушыларды қажетті құралдармен қамтамасыз ете 

алмаса,  сабаққа  дайындалмағандығын  немесе  сенімсіздігін  кӛрсетсе,  ұялшақтық  немесе 

қатыгездік  танытса,  сонымен  қатар,  әріптестерінің  ұжымдық  талдауының  нәтижесінде 

оқушылардың сенімінен шығып қалуға болады.  



 

Назар аударыңыз! Педагог егер жауабын білмейтін болса, оны білетіндігі туралы түр 

танытпауы  керек.Бұл  жағдайда,  үзіліс  жасап  немесе  ұятқа  қалғаннан  бұрын  дұрысы 

мойындау: «Мен дәл қазір жауап беретіндігіме толық 

сенімді емеспін».  

 

Оқытушыға сабақты жүргізу кезінде, дәстүрлі 



болсын, немесе интерактивті болсын, вербальды емес 

сигналдарды қолдануы қажет:   

 

жымию,  қолын  қысу  (кедергілерді  жеңудің 



дәстүрлі әдістері); 

 

ӛзін-ӛзі  ұстау  мәнері  (алғашқы  ой  алғашқы  тӛрт 



минут ішінде қалыптасады); 

 

оқытушының  қалпы  (үстелге  сүйеніп  тұрмай, 



мінбеге  жатпау,  аяқтан-аяққа  ауыспау,  қолын 

беліне таянбау, қолын кеудесіне немесе ішіне айқастырып ұстамау); 

 

кӛзі, кӛзқарасы (вербальды емес коммуникация әдісінің ең маңызды әдісі, аудиториямен 



кӛрулік қатынастың болуы – маяк техникасы – топты кӛзбен үнемі тексеріп отырыңыз, 

маяк  жарығы  сигналы  бойыншанемесеүш  қадамдық  фиксация  –  қатысушылардың 

басынан жоғары деңгейде орналасқан әртүрліүш нүктені таңдаңыз); 

 

қолдары (сіздің сӛздеріңізді, кӛзқарасыңызды бекіту, кӛрнекілік, визуальды кӛмек үшін, 



сӛздердің маңыздылығын күшейту, нақтылау үшін); 

 

аяқтары, денесі (оқытушы студенттермен ӛзара қатынас кезінде бір жақтан екінші жаққа, 



ойынға қатысушылардың айналасында жүрмеуі, теңселмеуі және т.б. билеу қимылдарын 

жасамауы қажет). 



 

Назар  аударыңыз!  Араласу  кезіндесеріктестердің  интерактивті  ӛзара  әрекет  етуде 

теңдігі 


бірдей 

болуы 


керек, 

кінәлаудың 

болмауы, 

соның 


ішінде, 

екеуара, 

«сақтанупозициясы» болмауы, сенімділік, жақындық, шынайлылықтың болуы қажет.  

 

 



 

 

 



 

Адамдарды ӛзіне ерікті түрде үлкен жауапкершілікті алуға қалай баулаға 

болады

Н.Власова 



 

 

15 



 

 



Лазер  сәулесіне  ұқсас  ұстаным.  Ӛзінің  кім  екендігін  сезінбесе,  адам  жанып  жатқан 

алауды  елестетеді.  Ӛз  ұстанымын  түсіну  оны  лазер  сәулесінің  қуатымен  жігерлендіреді. 

Әлемді  ұлы  негіздеригере  бастағанда,  біз  кенет  ӛзіміздің  жануар  емес  адам  және  біздің 

жанымыз бар екендігімізді түсінеміз.У.Черчиль. 

 

Өзінің табиғи тағайындалымын орындамау –  бұл өзін-өзі өлтіру. Ұстаным бұл мақсат, 



бұл мен жүзіп кетуді қалайтын сол тұңғиық арна. Егер адам ӛзінің қай арнада жүзетіндігін 

білмесе, оған ешқашан серіктес жел табылмайды.Сенека. 

 

Табиғат  әркімге  оның  ұстанымықанша  болса,  сонша  мүмкіндік  береді.  Табиғатпен 



берілген  мүмкіндіктерді  түсініп,  жүзеге  асыра  білмеу,  мұра  етіп  кеткен  байлықты  қолдана 

алмаумен тең. 

 

Мүмкіндік  –  бұл  тау  шыңына  алып  баруды  қажет  ететін  тас  секілді.  Жатқан  тастың 



нақты есебі бар.Жатқан тастың астына су ақпайды. 

 



Тілектер магнитті алаң тәрізді, өз белгісіне сәйкес келетін нәрсені тартады.  Жетістік 

пен  жеңіліс,  кӛңілділік  пен  уайымға  берілу  жаман  адамдардың  гені,  жасауы  немесе 

қалауының салдары емес, ол ӛз қалауымыздың салдары.   

 



Біздің тілектеріміз – өмірлік қуат түрі. Күшті қуатты күшті және жетістікті жағдайлар 

тартады. Сенімсіздік пен қобалжумен шақырылған әлсіз сезімдер тек нашар жағдайлар мен 

ресурстарды тартады.   

 



Барлық істің бастауы шешім қабылдауды меңзейді. Егер іс ойластырылса, ол істің соңы 

болады. Егер болмаса, ол тек шырмалаң ғана. 

 

Шарықтау  кедейлер  тәрізді  емес,  байлар  тәрізді  ойлайтындардың  жағында.  Егер  біз 



қажет  уақытында  алға  қадам  жасауға  дайын  емес  болсақ,  артқа  қадам  жасағымыз  келіп 

тұрады. Мен ӛз ӛзіме сенбейінше, ӛмір маған сенбейтіндігі белгілі.  

 

Арманды тілекпен ауыстыра алмаймыз.Атақ, деңгей, қоғамдағы орны немесе қаржылық 



жағдайы  сияқты  ӛмірдегі  жетістіктеріне  үнемі  арқа  сүйеу  –  мені  ӛз  тілектерінің 

қожайынынан  олардың  құлына  айналдырады.  Осыны  ойлай  отырып,  мен  ӛзімнің  ӛмірлік 

қуатымды қорқыныштарды жеңуге жұмсаймын.  

 



Табиғат  байжәне  барлық  қажетті  ресурстармен  қамтамасыз  етеді.  Мен  мені 

қоршағандарға қараймын да, оларды ӛз ресурстарым ретінде қабылдаймын. Олардың ішінде 

қайсысы  менің  мақсатым  мен  менің  орындайтын  ісіме  арналған?  Табиғатпен  ұсынылған 

мүкіндіктерді кӛру үшін, ӛз қажеттілік күшін жеңу қажет.  

 

Егер  мен  жұмысты  құштарлықсыз,  тек  парызым  ретінде  ғана  орындайтын  болсам, 



онда  мен  ол  салада  еңбек  етіп  жүрген  жоқпын.    Кейде  мұны  жасауға  тек  менің  парызым, 

немесе  қалыптасқан  жағдайлар  ғана  мәжбүрлейді.  Кейде  бұл  іске  үлкен  ресурстар  мен 

күштер жұмсалуына байланысты оны тастап кету қиындық тудырады. Бірақ бәрібір мен бір 

күні  ӛзіме  ұнамайтын  нәрсені  ерте  ме  немесе  кеш  пе  тастап  кеткім  келеді.  Сондықтан, 

неліктен мұны қазір жасамасқа? 

 



Арман  сізді  қажетті  қуатпен  қамтамасыз  етеді,  бірақ  міндетті  түрде  әрекет  ету 

керек. Әрекет ету – бұл мақсатқа жетелеу, ішкі күш, жауапкершілік, ӛзгерістерге дайындық, 

икемділік, жігер және ерлік. Мен ӛзіме: «армандама және қынжылма, әрекет ет!» деймін. 

 

Жетістікке жету үшін бір ғана алып қадам жасау аздық етеді. Бір рет тістеп қарбызды 



тауысу  мүмкін  емес,  ал  біртіндеп  жеп  тауысуға  болады.  Ал  мақсаттар  кӛп  болса,  оларды 

сәйкестендіру  және    ретін  анықтап  алу  қажет.  Жоспарсыз  жұмыс  істеу,  ағымсыз  жүзумен 

тең. Маған тӛзімділік қажет болады. Әйтпесе, мен ӛзіме ӛзім «Ӛзінің жүзеге аспаған ӛмірінің 

қылмыскері» деген атақты бере алмаймын. 



 

 

16 



 

 



Өзінде құндылықтарды сақтаған ұлы сөздер тіпті ересек адамның санасына әсер етіп 

оны тәрбиелей алады: 

 



Жұмыста жанатын болсаң, бұл жұмысқа ұнайды. 

 



Кімде ешқандай жауапкершілік болмаса, тербеледі де тұрады. 

 



Егер жұмысты бар жаныңмен жақсы кӛрсең, сол кезде ғана ӛмір сүресің.  

 



Егер жұмыс сізді бақытты етеді деп ойласаңыз, сіз дұрыс ойлайсыз. 

 



Қызметкерді  ешкім  кез-келген  жағдайда  жұмысын  жақсы  кӛру  құқығынан  айыра 

алмайды, тіпті тікелей емес міндеттердің ӛзінде.  

 

Адамның таңдауы бар: жұмысын сүю немесе күндізгі теледидар бағдарламаларын сую. 



 

Құштарлықсыз еңбек – ӛлім емес, бірақ ӛмір де емес. 



 

Жұмыста ақша таппайды. Жұмыста ӛмір сүреді.  



 

Құштарлықсыз жұмыс жанның әжімденуімен тең.  



 

Барлық уақыт пен халықтың жақсы емшісі – жұмыстан қанағат алу. 



 

Адамды тығырыққа тіремейтін ӛмір, ӛмір деп айтуға тұрмайды. (Сократ) 



 

Қайғы  туғандарыңның  ӛмірі  туралы  сӛз  қозғалған  кезде  ғана  бақытсыздық  болып 



саналады. Қалған барлық жағдайда бұл ӛмірдің шырмалаңынемесе жаңа тапсырмасы.  

 



Егер алға жүрмесең, артқа қадам жасағың келіп тұрады.  

 



Ұстаным лазер сәулесі тәрізді. Ұстанымсыз адам сӛніп жатқан шоқ тәрізді. 

 



Еріншек ешқашан жеңіске жетпейді, ол ерінеді.  

 



Адамдар егер тілеген тілектеріне ие бола алмайтындығына сенуді қойса, онда барлығына 

қол жеткізетін болады.  

 

Жеңіліс  жолы  болмайтындар  тәрізді  ойлайтындардың  қасынан  табылады.  Кӛптеген 



адамдар жұмылған қолдағы тежегішпен ӛмір сүреді.  

Қазіргі  көшбасшы  –  төрт  рөлді  алып  жүруші:ұйымдастырушы,  психолог  және 

психотерапевт, саясатшы, жетекші-жанашыр. 



Бүгінгі күні педагогтың инновациялық қызметінің төрт деңгейі белгілі: 

адаптивті (инновацияларға тұрақсыз қатынас);  

репродуктивті (педагог-новаторлармен қатынас орнатуға деген құштарлықпен кӛрінеді);  

эвристикалық  (мақсатқа  талпыну,  түсіну,  жаңалықтар  енгізу  жолдары  мен  әдістерінің 

тұрақтылығы);  

креативті (шығармашылық белсенділік, инновациялық қызметтің жоғары нәтижелілігі).  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет