Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
әлеуметтік статусын анықтау үшін қызмет етіп отыр. 
Өткен  уақытта  жасаған:  біреуді  жәбірлесе,  жылатса,  ойран  салса,  сусыны 
қанып,  құмары  тарқайтын  өз  әрекеті  есіне  түскенде  Нұрлыбайдың  тұла  бойы 
тітіркеніп, салқын тердің қалай шыққанын өзі де сезбей қалады. Оның ел ішіне 
салған  ылаңын  автор  бір  ғана  детальмен  жеткізеді:  «Бірен-саран  пысықтар, 
өзіне-өзі сенгендер болмаса, Нұрлыбайдың жүрген жерінен жұрт ат-тонын алып 
қашқандай еді» [97, 222]. Ал енді басына күн туып, өз әрекетіне жауап беретін 
уақыт келгенде кешегі елді жылатқан судьяның пұшайман халін де автор ұзақ-
сонар  баяндап  жатпай:  «пакет  сыртындағы  «халық  тергеушісінен»  деген  жазу 
қараған сайын құлпырып, зорайып әрбір ирегі – самсаған мылтықтың аузындай 
боп үңірейеді. Нұрлыбай пакетке туралап қарай алмай, төмен қарап, салбырап 
кетті»  [97,  224]  деп  қысқа  жеткізеді.  Деталь  жазушыны  көпсөзділіктен 
сақтандырады,  сөзді  үнемдеп,  қысқа  қайыруға  жетелейді.  Ал  «сөз  үнемдеу  – 
өнердің  ұлы  заңы  болса  да,  қысқа  жазу  –  тек  таланттыға  тән  қасиет  екені 
белгілі» [11, 97]. Халық тергеушісінің хаты келіп, өзінің бар әрекетіне: кешегі 
бірін  де  теріс  санамай,  еті  шімірікпей  жасаған  істеріне  жауап  берер  уақыт 
келгенде  әбден  сасып,  қатты  қысылғанын  автор  кейіпкердің  хатты  көрген 
сәттегі эмоциялық күйі арқылы нанымды бере білген. 
«Желдібай  Жындыбаев»  новелласында  патша  өкіметінің  қитұрқы 
саясатының  салдарынан  қазақ  даласында  туындаған  қоғамдық  дерт  –  шолақ 
белсенді  мәселесін  көтереді.  Қазақ  әдебиетіндегі  «шолақ  белсенділер» 
мәселесін  сөз  еткен  Г.Тоқшылықованың:  «ұжымдастыру  науқанынан 
материалдық  жағынан  ғана  емес,    жалпы  рухани  деңгейі  мешеу,  ел  ішінде 
қызыл белсенді, шолақ белсенді, ағаш белсенді атанған құлмінезді жандардың 
кесірінен  қазақ  ұлты  көп  зардап  шекті.  Ол  аз  болғандай  «кіші  революция» 
авторы  Голощекин  өкіметі  тігерге  тұяқ  қалдырмай,  қолдағы  бар  малды  жиып 
алды. Өкіметтің алым-салығы да шектен артып, қазақ халқын барлық жағынан 
кедей  болуға  мәжбүрледі.  Ал,  бұл  өз  кезегінде  елдің  экономикасына  қатты 
соққы  болып  қана  қоймай,  мәдениетіне,  әлеуметтік  жағдайына  да  қатты  әсер 
етті. Кешегі азат елдің аңғал ұланы аңқау белсендіге, уақыт өте келе, «шаш ал 
десе,  бас  алуға  әзір»,  айқайға,  зорлыққа  үйір,  елдің  киесі,  обал-сауапты 
білмейтін  шолақ  белсендіге  айналды.  Билеуші  держава  өкілдеріне  жағыну 
мақсатында  жағымпаздықпен  қарап,  шынайы  келбетінен  айрылған,  айтаққа 
еріп,  ағайынға  үрген,  адамгершіліктен  ада  міскіндер  тобы  қалыптасты»  [98] 
деген  пікірі  Б.Майлин  новелласының  басты  кейіпкері  Желдібай  Жындыбаев 
болмысын  толық  ашып  береді.  Губерниялық  өкіл  қолынан  мандат  алған  өзі 
желөкпе  Желдібай  «шаш  ал  десе  бас  алатын»  сорлы  аз  ақылынан  айрылып, 


52 
 
еліріп  кетеді.  Автор  кейіпкерін  танытуда  заттық  детальды  –  киген  киімін 
пайдаланады:  «Желдібай  болыстық  кеңседен  келгенде  екпінімен  тау 
құлатқандай  еді.  Қара  құлақшынды  желкеге  таман  баса  киген;  арты  тілік  ескі 
қара  пәлте  делегейленіп,  түйме  біткен  ағытылып  кеткен:  ербиген  кішкене 
жебесін  ширатып  тастапты.  Қарсы  соққан  жел  Желдібайдың  құлақшынының 
құлағын делең-делең еткізді. Көзі күлім-күлім етеді. Оң қолында сырты кірлеп 
майланған,  о  басында  ақ  кенептің  шумағы  екені  білінгендей  бір  дорбасы  бар. 
Кенеп  дорбадан  керегінің  бәрі  табылады:  көйлек-ыстаны  да  сонда,  үгулі 
насыбайы  да  сонда,  бірен-саран  ескі  газеттер  де  бар.  Бәрінен  қадірлісі, 
Желдібайды екпіндетіп жүргені күбірнадан науқан өткізе келген өкілдің жазып 
берген мандаты; мандаттың ішінде астын сызып қойған «товарыш Жындыбаев» 
деген сөз бар» [97, 264]. Оның ауылға келген бір күндік әрекетін ғана суреттеу 
арқылы  автор  бүкіл  адами  болмысын,  парықсыз,  надандығын  жайып  салады. 
Жылыну үшін он бес шақырым жерден «көкмойын» алдырып ішіп, қалғанымен 
бас жазып алған соң, соның буымен қызға қырындайды. Қызға жақындау үшін 
атты сылтауратып, мандатын шошаңдатып қыз әкесіне жетіп келеді. Ашқарақ, 
желөкпе,  шолақ  белсенді  Жындыбаев  шалдың  ішкелі  отырған  қаймақты  қою 
шайын  тауысқанымен  қоймай,  қонақасы  іздеп,  налог  төлей  алмай  отырған 
байғұс  кедейдің  жалғыз  тоқтысын  сойдырып  жеп,  кекірік  атып,  соңында  тіпті 
атқа  отыра  алмай  тәлтіректеп,  өз-өзінен  жырқылдап  күліп  кеткенімен,  бірер 
айдан соң губерниялық газетте елге шыққанда істеген жолсыздықтары теріліп, 
сотқа  беріліп,  түрмеге  жабылады.  Новелла  барысында  жазушы  заттық 
детальдарды  пайдалану  арқылы  ауыл  адамдарының  кедей  тұрмысынан  хабар 
беріп отырады: «Шал кісі, күпісі жыртық, сақалы ұйысқан, жыртық көйлектен 
өңеші сорайып көрініп тұр» [97,265], «кемпір орнынан тұрып, тысы жыртық ақ 
жастықты  Желдібайдың  арқасына  тоса  берді»  [97,265]  немесе  «томпақ  бетті 
қара қыз бес батпан кір кенеп орамалмен жуған кесесін сүртіп, шай дайындап 
жатыр» [97,266]. 
Жазушы  новеллаларындағы  күлкі  –  ең  басты  ұйымдастырушы  көркемдік 
элемент  деуге  негіз  бар.  Құлақшынының  құлағы  делбең-делбең  еткен 
Желдібайдың сыртқы бейнесі бір қарағанда күлкі тудырғанмен, ол риясыз, таза 
күлкіні  емес,  ызалы,  долы  күлкіні  тудырады.  Автор  күлкіні  шығарманың 
идеялық  мазмұнынан  бөліп жармайды, тұтастықта  береді. Бір оқып  шыққанда 
еріксіз  күлкі  туғызатын,  бірақ  астарында  «коллективтендіру»  деген  қалың 
қазақтың  қайнаған  соры  жатқан,  тақырыбының  өзі  символдық  мән  көтеріп 
тұрған  туындысы  –  «Қара  шелек».  «Айшаның  жинақтығы,  күтімділігі,  бірін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет