Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет63/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Бағалауыштық  деталь  –  кейіпкердің  сөзі  арқылы  автордың  оған  деген 
көзқарасы,  қарым-қатынасы  анық  білінеді.  «Аспирант  қыздың  тракторшы 
махаббатында»  да  бірқатар  тілдік  детальдар  арқылы  көп  жайдың  мәнісіне 
қанығуға болады: 
- Ұялмаңыз, барымен базар болайық. 
- Тамақ жағына келгенде менен ұятсыз ешкім жоқ. Баяғыда бригадада істеп 
жүрген кезде макарон көжені кім бұрын ішеді деп жарыс ұйымдастыратынбыз. 
Сонда алдыма жан салмаушы едім. 
- Бұл мақтан емес. Және, өзіңіздің қай текті екеніңізді әйгілеп алдыңыз. 
- Қара қостан шыққан таяқ екеніме арсынбаймын. 
-  Сіз  кандидат  досыңыз  туралы  не  білесіз?  –  деді  әлдене  есіне  түскендей 
ойлана арап. 
- Ең әуелі білетінім – оның әжептәуір атағы бар ғалым екені. 
- Иә, сіз оны ғалым ретінде ғана білер деп ойлаушы ем. 
- Әлбетте. Біздің таныстығымыз онша әріден басталмайды. Бар-жоғы бір ақ 
жыл,  онда  да  бірер  айда  бір-ақ  рет  жолығамыз.  Ол  біздің  газетке  ғылыми 
мақалалар  жазып  тұратын.  О  баста  да  редакцияға  келгенде  танысқанбыз... 
меніңше, ол аздап өзімшілдігін ескермегенде жаман жігіт емес. 
- Өзімшілдігін неге ескермейсіз? - деді Қалқаш жауап алғандай зеки сөйлеп. 
Ең  үлкен  қателігіміз  де  осы  –  ең  үлкен  мінін  ескермеу.  Меніңше,  ол  –  тым 
нашар жігіт [169,295]. Бұл диалогта екі түрлі тілдік деталь көрінеді: кешегі күні 
бригадада  жұмыс  істеген,  бүгінде  редакцияда  істейтін  қомағай  жігіттің  сөзі 
арқылы  оның  қандай  әлеуметтік  топқа  жататынын  әлеуметтік-анықтауыштық 
деталь  анықтап  берсе,  Қалқаштың  кандидат  Қанға  деген  жиіркенішті,  жек 
көретін көзқарасы «тым нашар жігіт» деген бағалауыштық деталь арқылы анық 
білінеді.  Ж.Аймауытов  прозасындағы  диалогті  қолданудың  шеберлігін 
зерттеген  ғалым  Ш.Әбішева  «Диалогті  көркем  деталь  ретінде  пайдаланып, 
әңгімелесуші  екі  адамның  ішкі  дүниесінен  суыртпақтап  сыр  аңғарту  арқылы 
болашақ  қақтығыстардың,  қоғамдық,  әлеуметтік  теңсіздік  сипатын  меңзеп, 
шығарма  барысында  өтетін  оқиғалардың  бағытын  белгілейді»  [63,56]  деген 
пікірі  біздің  ойымызбен  орайлас  келеді.  Журналист  жігіт  пен  Қалқаштың 
диалогы шеңберіне автор бүкіл трагедияны сыйдыра білген. Бірде-бір баяндау, 
сипаттау, түсіндіру жоқ. Автор бұл туындысында диалог мүмкіндігін барынша 
пайдалана білген. 
С.Мәуленовтің  «Жүрек»  новелласында  бауыр  еті  баласын  өлімнен  аман 
алып қалған дәрігерге деген разылығын білдірген ананың сөзіне құлақ түрсек: 
-  Не  деген  жақсы  адам  едіңіз,  менің  сыйынар  құдайым  да,  пір  тұтар 
пайғамбарым  да  жалғыз  өзіңізсіз,  Александр  Александрович!  Бүкіл  өмір 
бойына мен сіздің тілеуіңізді тілеп өтуге әзірмін. Бақыт деген жер бетінде екен 
ғой, жер бетіндегі бақыт мен үшін сіздің қолыңыз болып шықты ғой. 
- Өмір үшін күресу – біздің міндетіміз. Сіз олай деп асыра айтпаңыз, - деді 
Александр Александрович, орамалымен менің көз жасымды сүртіп жатып. 


157 
 
-  Барлық  күшім  жеткенінше,  ақырғы  демім  біткенінше  адамды,  оның 
әділеттілігі  мен  ізгілігін  айқай  салып  мақтана  айтуды  қоя  алмаспын!  –  дедім 
мен».  Ешқандай  боямасыз,  бүкпесіз,  жүректі  жарып  шыққан  шынайы  сөздер. 
Баласының  өміріне  төнген  қауіптен  арылған  ана  үшін  әрине  бұл  дәрігер 
«сыйынар  құдай  да,  пір  тұтар  пайғамбар  да»  болып  қалатыны  ақиқат. 
Жазушы  кейіпкерлері  өздерінің  ой-санасы,  алған  тәрбиесі,  білімі,  парасатына 
қарай  сөйлейді.  Баласына  өмір  сыйлағаны  үшін  ризашылықпен  айтылған 
сөздерге дәрігер де «біздің міндетіміз» деп кәсіби тұрғыда жауап береді. Асып-
тасып,  еңбегін  бұлдап,  бағалау  жоқ.  Бұл  диалог-деталь  әйел-ананың  бойын 
билеген  эмоцияны, психологиялық  ситуацияны  ғана  емес,  характер  танытқыш 
қасиетке де ие. 
Жазушы  А.Алтайдың  «Құдайсыз  қоғамға,  имансыз  адамға  бәрі  рұқсат... 
ештеңе  жат  емес  екен»  деп  басталатын  «Казино»  новелласындағы  Жошы  мен 
сұлбаның диалогы арқылы автордың қоғамға деген көзқарасы танылады. Заман 
шындығын, қоғамды жайлаған дерттің, оның себебін де көрсетіп береді: 
-  Тап қазір қоғамға қарымды қимыл, әлеуетті әрекет керек. Тек сонда ғана 
адам  өз-өзін  ақтай  алады.  Қоғам  кінәлі  болса  да,  оған  бәрінен  бұрын  кінәлі 
адам...  Кінәлі  сайтан  емес,  кінәлі  –  сен!  Бүлінген  дүниеге  бүлдіргіш  пенде 
керек.  Сенің  күнің  енді  туып  келеді.  Әлі-ақ  астаң-кестең  етер  күш  құйылады 
саған. Сонда ғана сайқал қоғам сауыға бастайды. 
-  Сайтан иектеген қоғам ғой. 
-  Сайтан  емес,  сайтан  билік  иектеген  сайқал  қоғам...  Билік  пен  қоғам 
жыланның тіліндей екі айырлы болып көрінгенмен, кіндігі бір егіз құбыжық. 
-  «Сиям егізі» дейсің ғой. 
-  Сол билікті тудырған да керенау қоғам. Қоғамның өзі кінәлі! Адамның өзі 
кінәлі! – Сапалақ сұлба мұны айнала шеңбер жасады. –Әділеті жоқ адам адуын 
мінез  танытады.  Шексіз  билік  шектеп  шығып,  ақыры  әділетсіз  қоғам  суық 
қолды  сұғанақтыққа  барады.  Тексіз  тағайына  тартады  –  деді  сайтан-сапалақ 
пәлсапасын шегелей түсіп. 
-  Қатерлі қоғам – матаулы адам, - деді Жошы да. 
-  Дау  жоқ.  Тарпаң  қоғам,  соқыр  сана  үстемдік  құрғанда  жұрт  сансырап, 
қоғам  қорғаншақ  күйге  енеді...  сондықтан  саусоқыр  қоғам  саналы  пендесінің 
пешенесіне жазылардай сорақы шешім шығарады. 
-  Ол не? – Жошы қызына сұрады. 
-  Ой  –  ойран.  Дүние  түбі  –  ойран.  Салқын  сана  сабырлы  шешімге  келеді. 
Кісенді білек, сезімді жүрек шұғыл кіріседі. Суық ақыл, ыстық жүрек сұмдық 
әрекетке бет береді. Ол сонарда соқпақ салған бөрідей жалғыз жортады: жалқы 
күй  кешіп,  жалынусыз  аттанады.  Соқпақ  сорабы  –  сойқан  лаң...  ойран  қоғам, 
сайран адам... 
-  Жоқ. Мүмкін емес! – Жошы лажсыз міңгірледі» [170]. 
ХІХ  ғасырдағы  ағылшынның  сыншыл  реалист  жазушысы  У.Теккерей  өз 
қоғамын  «қарғыс  атқан  қоғам»  деп  атаса,  Асқар  Алтай  өз  қоғамын  «сайқал 
қоғам» деп атады.  


158 
 
Түйіндей 
айтқанда, 
қазақ 
новеллистерінің 
қолдауындағы 
тілдік 
детальдардың қызметін былайша саралауға болады:  
-  Автор диалог құруда белгілі бір мақсатты көздейді, жазушы мақсатының 
орындалуына диалог-деталь көп септігін тигізеді; 
-  Кейіпкердің  ішкі  әлемінде  болып  жатқан  өзгерістерді  таныту  құралы 
ретінде диалог-детальдарды шебер пайдалана біледі; 
-  Тарихи-әлеуметтік  оқиғаларды  кейіпкер  тағдырымен  сабақтастырып, 
байланыстыра беруде тілдік детальдар зор қызметке ие; 
-  Диалог-детальдар аз сөзге көп мағына сыйғызады
-  Тілдік детальдар характер танытқыш сипатқа ие
-  Тілдік детальдар автордың даралық қолтаңбасын танытады; 
-  Тілдік детальдың көркемдік қолданысы новелла құрылымына жігін тауып 
кірігіп, орайласып жатады; 
-  Диалог-детальдар  кейіпкер  әрекеті,  жалпы  тұлға  табиғатын  ашумен  ғана 
шектелмейді, ол ерекше психологиялық жүк көтере біледі.  
Байқағанымыздай,  тілдік  детальдар  қаламгерлерге  шағын  жанрда  кесек 
туындылар  тудыруға  мүмкіндік  беретін  тәсіл  қызметін  атқарған.  Бір  ғана 
диалог  тәсілін  қолдана  отырып,  көптеген  новеллистер  образ  бейнесін  ашумен 
ғана  шектелмей,  кейіпкер  характерін  де  бере  білген.  Тілдік  детальдың  автор 
ұстанымын таныту мақсатында да атқаратын қызметі зор. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


159 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет