162
Жұмыстың үшінші тарауында психологиялық деталь түрлері мен қызметін
талдауға көңіл бөлдік. Психологиялық детальдың өзі іштей іс-қимыл деталі
және тілдік деталь болып екіге бөлінеді. Өз кезегінде психологиялық деталь-
кейіпкердің
ішкі
жан-дүниесін,
оның
уайым-қайғысын
білдіреді;
характерологиялық деталь – кейіпкердің іс-әрекеті, мінез-құлқы оның жеке
тұлғасымен байланысты болса; тарихи-мәдени деталь – жүріс-тұрыс тілі елдің,
дәуірдің мәдени фонымен қалыптасады, сол арқылы оның нормалары мен
дәстүрі көрініс табады. Әлеуметтік-анықтауыштық деталь – персонаждың
жүріс-тұрыс, мінез-құлқына өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаның әсері
болады, бұл кейіпкердің әлеуметтік статусы жөнінде хабар береді. Сюжеттік
деталь – шығарманың авансценасына шығып, сюжетті байланыстыру қызметін
атқарады және тартысты ситуацияларды тудырушы қызметін атқарады [171].
Бағалауыштық деталь – бұл арқылы кейіпкердің сұхбаттасушыға деген
бағасын, тіпті автордың кейіпкерге берген бағасын білуге болады.
Әдебиеттанушы ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, адам психологиясын
білдіретін тілдік детальдің өзі іштей бірнеше түрге бөлініп, мынадай қызметтер
атқарады: психологиялық тілдік деталь; характерологиялық тілдік деталь;
тарихи-мәдени тілдік деталь; әлеуметтік-анықтауыштық тілдік деталь;
бағалауыштық тілдік деталь. «Көркем шығарма – ол тұтас бітім. Ондағы
оқиғалар да бір-бірімен өзара байланыста, олар да белгілі бір тәртіппен
орналасқан. Оның бөлімдерінде де пропорция сақталған. Басы артық нәрсе,
бірде-бір оқиға, бейсауат бірде-бір адам, бөлек тұрған бірде-бір деталь болуға
тиісті емес. Бәрі автордың көркемдік ойына қызмет етуі керек. Тек сондай
үндестік тапса ғана шығарма көркем» [90,107] деген ғалым Т.Ақшолақов
пікіріне мән берсек, бүтін туындының гармониясын сақтаудағы детальдың
орны мен рөлі айқындала түседі. Автор нығарлап көрсеткен үш бірлік: оқиға
(сюжет) – адам (образ) – деталь. Үш бірліктің бірі – деталь.
Қорыта келгенде, біз детальдың өзінен ірі, қомақты бейнені сомдаумен ғана
шектелмей, ірі мінезді де көрсете алатын мүмкіндігі барын түсіндік. Кейіпкер
характері ашылмаса, шығарманың идеясы да тереңінен ашылмайтыны түсінікті.
Ал бұл өз кезегінде деталь мәнін күшейте түседі. Әдебиеттану ғылымында
алдымен Е.Добин, кейіннен Б.Кабдулов тұжырымдаған деталь автордың ойын
ұғумен қатар, жеке қолтаңбасын, яғни стилін танытады деген пікірінің де жаны
бар. Деталь эстетикалық әсерді, эмоциялық бояуды күшейтеді. Деталь
кейіпкердің психологиясын, ішкі сырын еркін танытады. Деталь көркем
туындыдағы идеяны ашуға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: