Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

Психологиялық  деталь  –  кейіпкердің  сөзі  –  оның  ішкі  психологиялық 
жағдайының  айнасыз  көрінісін  береді.  Ж.Әлмашұлының  «Жас  лақ  жас  бала 
секілді» атты новелласында кездесетін:  
-  Бейшараны  неге  аттым  екен!  –  Толқулы  үнмен  алғаш  рет  тіл  қатты.  – 
Өзгесі  болса  бір  сәрі,  жап-жас  лағы  екен.  Егер  жас  бала  шетінесе,  адам  ғой 
қандай қайғырар еді. Жас лақ та жас бала секілді. Көңілімді толқытып, ойыма 
қайдағы-жайдағыны  түсіргенін  көрмеймісің!  Мүмкін  ана  үрке  қашқан  көп 
тобырдың ішінде мына бейкүнә лақтың енесі де еңіз-теңіз жылап бара жатқан 
шығар. Қарғап, лағнет айтып бара жатқан шығар бізге  –  даусы дірілдеп, сөзін 
толық бітіре алмады. Қатты қайғырып, қамығып отырған соң ба, иегі дірілдеді 
[115,181]  –  деген  сөздер  кешегі  осы  аумаққа  аты  шыққан,  қатты  қыста  қырық 
қоян  атып  әкелген,  оның  алдын  жиырма  киікті  бір  өзі  жер  жастандырған,  ел 
аузында  аты  жыр  боп  айтылатын  аңшы  шалдың  сөзі.  Ал  осы  қимылы  ширақ 
қара  шалдың  осынша  боркеміктенуіне  әсер  еткен  таяуда  ғана  үлкен  ұлының 
қайтыс болған қайғысы еді. Демек, адамның ішкі сезімі оның сөйлеу деталінде 
де айқын көрініс табады.  
Ешқандай  тірлікке  араласпай,  ұлының  қайғысын  көтере  алмай,  ішқұса 
болып  жатып  қалған  шалдың  жан  жарасының  жазылмағаны  –  еліктің  лағын 
аттым деп жылауынан, көңілі босаған сөйлеу деталінен байқалады.  
«Кәрі жанарынан еріксіз ытқып шыққан мөлдір тамшылар әжімді бетке жол 
салып,  сырғып  барып,  қау  сақалға  еніп,  жоқ  болып  кетіп  жатыр.  Көз  алдыма 
әлгіндегі  тышқанға  атылғалы  жылжыған  кәнігі  мысық  секілді  қарт  елестеді. 
Мынау  жанары  суланған  адам  тіпті  ол  еместей,  өзге  жан,  ала  бөтен  кісідей» 
[115,180]  –  аз  күн  бұрын  ұлынан  айрылып,  сергіп  қайтуға  тысқа  шыққан 
сапарында еліктің жас лағын атып алып, жылап тұрған қау сақал қария. Өз ісіне 
өкініп тұр. Өкініші өзегін өртеп барады. Лақтың енесінің еңіз-теңіз жылап бара 
жатқанын  көз  алдына  елестетіп,  өз  жарасының  аузын  өзі  тырнап  алған  күйде 
тұр. Бар эмоциясы бетінде тұр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет