Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет64/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Қазақ  новеллаларында  кездесетін  детальдың  дәуір  тынысы  мен  кейіпкер 
характерін  өмірлік-философиялық  нанымдылықпен  беруде  атқаратын  қызметі 
зор.  Шығармадағы  түймедей  бөлшек  –  детальды  табу  да,  тану  да  оңай  емес. 
Қазақ  әдебиеттану  ғылымы  детальдың  мәні  мен  оның  көркемдік  қызметін 
зерттеп,  білуге  әуел  бастан-ақ  көңіл  бөлген.  Дана  Абайдың:  «Жұртым-ай, 
шалқақтамай  сөзге  түсін,  ойланшы  сыртын  қойып,  сөздің  ішін»  деуі  де  бекер 
емес.  Тұтас,  бүтін  көркем  шығарма  бітімі:  бөлім-бөлшектерден,  жеке-жеке 
элементтерден  тұратынын  ескерсек,  ақын  сөзінің  байыбын  түсінеміз.  Сол 
сөздің  ішін  құрайтын  көркемдік  маңызды  компоненттің  бірі  –  аз  сөзге  көп 
мағына сыйғыза алатын деталь. Деталь – оқшау дене емес, шығарманың бүкіл 
«қантамырымен өзектесіп, бауырластық тапқан» маңызды бөлшегі. 
Зерттеуші, ғалым Т.Ақшолақовтың: «Шығармаға талдау жасағанда, ондағы 
көркемдік элементтерді бүтіннің бөлім-бөлшегі ретінде қарастырып, бүтін мен 
бөлшектің  арасындағы  диалектикалық  бірлікті  үнемі  сақтаған  орынды. 
Табиғаттану  саласындағы  ғалымдардың  әлем  кеңістігінің,  материяның 
микроқұрылымына  бойлағанындай,  көркем  шығарманың  микроқұрылымына 
батыл  енуіміз  қажет.  Бұл  –  көркем  шығарманың  бітіміндегі  жаңа  сапаларды 
ашуға  қажетті  кілт»  [56,16]  деген  батыл  ойының  пайымына  бойласақ,  көркем 
шығарманың бойындағы жаңа дүниені ашып көрсетуге қызмет ететін маңызды 
да  қажетті  кілт  –  деталь.  Көркем  шығарманың  тініне  терең  бойлау  – 
зерттеушіден  біріншіден,  үлкен  теориялық  дайындықты,  екіншіден, 
ыждаһаттылық пен зерделілікті талап етеді. 
Ал  біздің  алға  қойған  мақсатымыз  –  ұлттық  прозамызда  туып,  әртүрлі 
деңгейде  даму  сатыларынан  өткен  новеллалардың  қазақ  әдебиетіндегі  алатын 
орнын, ерекшелігін, пайда болу, даму жолдарын жүйелі түрде көрсетумен ғана 
шектелмейді,  бұл  жанрда  кездесетін  деталь  түрлерін  анықтап,  олардың 
көркемдік қызметін ажырату, ғылыми айналымға ендіру. Қазақ новеллаларында 
кездесетін  деталь  түрлерін  тұтас  күйінде  зерттеп,  нақты  мысалдар  негізінде 
талдау.  Осы  мақсатта  біз  новелла  жанрын  ғасырларға,  дәуірлерге,  кезеңдерге, 
жылдарға  бөлмей,  тұтас  күйінде  қамтыдық.  Өйткені,  қазақ  әдебиеттануы 
ғылымында  новелла  жанры  бас-аяғы  жинақталып,  тақырыптық-идеялық 
тұрғыдан толық талданып, түрлері ажыратылып, кең көлемде, ғылыми зерттеу 
нысанына  алынып  қарастырылған  жоқ.  Ал  шындығында  новелла  –  үлкен 
шеберлік  мектебі.  Шағын  дүниенің  ішіне  жүзіктің  көзінен  өткендей  мөлдір 
дүниені  сыйғызу  немесе  барлық  жанрлық  талаптарын  сақтай  отырып  новелла 
жазып  шығу  –  ірі,  шебер  суреткердің  қолынан  келетін  дүние.  Біз  алға  қойған 
мақсатымызға  жету  үшін  ең  әуелі  қазақ  новеллаларын  жинақтап,  бір  ізге 
түсіріп,  қазақ  әдебиетіндегі  новеллистерді  анықтауға  талпындық.  Бірқатар 
ғылыми  еңбектер  мен  пікірлерді  басшылыққа  ала  отырып,  сонымен  бірге 
новелланың  жанрлық  ерекшеліктерін  назарға  ұстаудың  нәтижесінде  қазақ 
новеллистикасының  көшбасында  Ыбырай  Алтынсарин,  Бейімбет  Майлин, 
Ғабит Мүсірепов сынды алыптар тұратынын анықтадық. 


160 
 
Жұмысымыздың  бірінші  тарауында  новелла  жанрындағы  детальдың 
табиғатын анықтап, көркемдік мәнін ажыратып, атқаратын қызметін сараладық. 
Ол  үшін  қазақ  әдебиетіндегі  новелла  жанрының  эволюциясына  шолу  жасап, 
ерекшелігін түстеп, тануға ден қойдық. 
Новелла  жанрының  зерттеліп,  жүйеленбегенін  былай  қойғанда,  біздің 
әдебиеттану  ғылымында  деталь  мәселесіне  де  қажетті  деңгейде  көңіл 
бөлінбеген. Осы олқылықтың орнын толтыру үшін деталь теориясына қатысты 
пікір  айтқан  шетелдік,  ресейлік  ғалымдар  мен  зерттеушілердің  теориялық-
әдіснамалық,  диссертациялық  еңбектерін  қарастырып,  детальдың  көркемдік 
қызметіне жан-жақты тоқталдық. 
Көркем  шындықты  беруде  детальдың  рөлі  ерекше.  Шындығында  көркем 
шығармада  барлық  бүтін  жекеден  құралады,  яғни  шындық  панорамасы 
детальдан  тұрады.  Шындықты  берудегі  детальдың  рөлін  ғалым  Б.Кабдулов 
жақсы  көрсеткен.  Әдебиеттанушы  ғалымдар  детальды  көркем  туындының  ең 
ұсақ ажырамайтын құрылымдық элементіне жатқызады, бірақ оның шекарасын 
анықтауда  әртүрлі  көзқараста.  Олай  дейтініміз,  барлық  зерттеушілер  құбылту 
мен  айшықтаудың  көркем  детальға  жатпайтынын  бірауыздан  мақұлдаса  да, 
детальға  нақты  не  жатады  дегенде  ортақ  пікірге  келе  алмай  жүр.  Зерттеуші 
Ф.В.Путнин:  «поэтикалық  тәсілдер,  стилистикалық  фигуралар  мен  троптар 
көркемдік  детальға  жатпайды»  [73]  деп  кесіп  айтады.  Кең  ауқымда  алып 
қарастырғанда детальға сыртқы, материалдық, шығарманың көркемдік әлеміне 
жататын  дүниелер  мен  адамның  жан  дүниесінің  қозғалысын  білдіретін  ішкі 
детальдарды жатқызады. Ал тар мағынасында – көркем туындының тек заттық 
әлемін, яғни сыртқы, материалдық дүниелерді ғана жатқызады [74]. 
Детальды  жалпытеориялық  және  әдіснамалық  жоспарлы  зерттеуде  орыс 
әдебиеттану  ғылымы  көш  ілгері  екенін  мойындауымыз  қажет.  Бұл  бағытта 
Г.Поспелов,  М.Храпченко,  Е.Добин,  С.Петров,  И.А.Щирова,  Л.Тимофеев, 
В.Кожинов,  М.А.Березняк,  А.Соколов  т.б.  ғалымдардың  еңбектері  маңызды. 
Деталь  мәселесі  жанама  түрде  болса  да  А.Чичерин,  В.Шкловский,  А.Чудаков, 
Л.Гинзбург, Б.Галанов сынды зерттеушілер қарастырған. Ал деталь табиғатын 
түсініп,  талдауда  жазушылардың  өздері  де  баға  жетпес  құнды  пікірлерін, 
ескертпелерін,  көңілге  түйген  ойларын  айтқан  еңбектер  жазған  ғалымдар 
қатарында  Л.Толстой,  М.Горький,  А.Чехов,  С.Антонов,  А.Фадеевтер  есімін 
атауға  болады.  Сонымен  қатар,  деталь  мәселесіне  арнап  жазылған  Е.Добин 
(«Герой.  Сюжет.  Деталь»,  «Искусство  детали»),  В.Ковалев  («Поэтика  Льва 
Толстого»), 
Э.Мартынов 
(«Художественная 
деталь 
в 
литературном 
произведении»), Р.Шкраба («Характер. Стыль. Деталь»),  З.Паперный («Деталь 
и  образ/Чехов  и  Толстой»),  М.Эпштейн  («О  значении  детали  в  структуре 
образа»),  В.Старикова  («Деталь  в  формулировке  Ф.Энгельса»),  М.Щеглов 
(«Верность деталей») сынды ғалымдардың зерттеулері бар.  
Қазақ  әдебиеттануы  ғылымында  деталь  мәселесіне  қатысты  ой  айтып, 
ғылыми  маңызды  пікірлер  білдірген  ғалымдар  қатарында  А.Байтұрсынұлы, 
Т.Ақшолақов,  З.Ахметов,  З.Қабдолов,  Б.Кабдулов,  Г.Пірәлиева,  Қ.Жанұзақова 
есімдері аталады. 


161 
 
Деталь  қолданысы  мен  қызметін  саралау  –  қазақ  новелласының  бет-алыс 
бағдарын,  көркемдік  табысын  айқындайды.  Суреткерлердің  қаһарман 
характерін  өткірлей  түсуде  тұрмыстық,  заттық,  портреттік,  жүріс-тұрыс 
детальдарын  қиыннан  қиыстырып,  орнымен  пайдаланатындығы  байқалды. 
Ондағы  мақсат  –  «детальдың  мәні  мен  күші  –  кішкентай  құбылысқа  үлкен 
мағына сыйғыза білуінде» [75,97]. 
Байқағыштық  қабілеті  зор  жазушылар  детальды  пайдаланады.  Адам  өмірі 
мен тұрмысын жақсы білетін авторлар ұсақ нақтылықтар, жекелеген штрихтар 
арқылы кейіпкер образын, характерін, табиғат құбылысын, заттарды жан-жақты 
ашып  көрсетеді.  Көптеген  жазушылардың  шығармашылығында  деталь  негізгі 
орында тұрады. Новеллистердің бір ерекшелігі – олардың шығармашылығында 
басы  артық  дүние,  кездейсоқ  ештеңе  болмайды.  Өйткені,  оны  шығарманың 
көлемі де, жанрлық ерекшелігі де көтермейді. Шығармада кездесетін әрбір ұсақ 
детальдің өзі сүзгіден өтіп, таңдалып, талғап алынады. 
Жұмыстың  екінші  тарауында  деталь  түрлеріне  тоқталып,  әрқайсысының 
атқаратын  қызметіне  нақты  мысалдар  келтіре  отырып,  талдау  жасалды. 
Әдебиеттану  ғылымындағы  бірқатар  зерттеу  еңбектерде  детальды  суреттеу 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет