Сатылханова гульмира алихановна


 Әдебиеттану  ғылымындағы  деталь  теориясы  мен  көркемдік



Pdf көрінісі
бет22/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66
 
1.2 Әдебиеттану  ғылымындағы  деталь  теориясы  мен  көркемдік 
қызметі 
Деталь  –  әлем  әдебиетінің  тарихында  бұрыннан  бар,  орныққан  тәсіл 
болғанымен,  әрбір  жазушыдан  айрықша  қабілетті,  дарынына  байланысты 
суреткерлік  шеберлікті  талап  етеді.  Деталь,  шындығында  көркем  шығарма 
кемелдігінің  белгісі.  Деталь  табу  үшін  жазушының  талантымен  қатар,  әр 
нәрсенің  дәл  мөлшерін  аңғара,  анықтай  алатын  сезімталдық  пен  шеберлік 
қажет.  Детальды  керек  жерінде  тауып,  орынды  пайдалана  білу  де  –  жазушы 
шеберлігінің  толысқанының  белгісі.  Нақты  детальды  тауып,  орынды  жерінде 
қолдана  білу  –  қиыннан  қиыстырар  шеберлік,  тек  мықты  суреткердің  ғана 
қолынан келетін дүние болса, оқырман үшін  де көркем шығармадан детальды 
табудың оңайға түспесі белгілі. Деталь сынды өте ұсақ бөлшекті жазбай танып, 
табу үшін, нысанаға алынған туындының идеясын түсініп, тереңіне бойлай білу 
керек.  Тіпті,  көркем  шығарманы  бір  емес,  бірнеше  рет  оқып  шыққанда  да 
детальды  дәл  түстей  алмауымыз  мүмкін.  Оның  қиындығы  жөнінде  ғалым 
Т.Ақшолақов:  «жер  астынан  асыл  кен  іздеген  инженер-геологпен  парапар 
немесе  адам  ағзасындағы  кінәратты  табуға  бүкіл  білім,  тәжірибесін  жұмсаған 
дәрігер  іспеттес.  Міне,  әдебиетші  де  солар  сияқты  шығарманың  өн  бойынан, 
адам жанына нұр себер, жақсылық нышандарына жетектер, жан әлеміне ыстық 
леп берер, алаулаған арпалыс, ашу-кек туғызар штрих-детальдарды іздеуге тиіс. 
Оны А.С.Пушкин айтқандай, рухани көзбен оқыса ғана таба алмақ» [56,35] деп 
әдебиеттанушы ғалымдарға жауапкершілігі үлкен жүк артады. Әрі жан сарайы 
мен теориялық білімі терең «рухани көз» қажеттігін ескертеді.  
Деталь  сәндік  үшін  қолданылмайды,  образды  толық  ашу  үшін  әсіресе 
новелла  сынды  шағын  жанрда  детальдың  рөлі  күшті.  Роман,  повесть  сияқты 
прозалық  жанрлардың  бүтін  бір  дәуірдің  немесе  сан  жылдардың  оқиғасын, 
келбетін  толық  сипаттау,  баяндау  мүмкіндігі  новеллада  жоқ  болғандықтан, 
автор  көп  жағдайда  детальға  жүгінеді.  Бар  ақпаратты  сығымдап  беруде 
детальдың  қызметі  айрықша.  Тұтас  құбылысты  сәтті  табылған  ұсақ  бөлшек 
арқылы  көзбен  көріп,  қолмен  ұстағандай  етеді.  Қажетті  детальды  таңдап  ала 
отырып,  автор  оқырманның  тәжірибесіне,  жетпей  тұрған  элементтерді  ойша 
қоса  алатын  интеллектуалына  сүйенеді  десек  те  болады.  Мұндай  «анық  емес 
дүниенің орнын толтыру» тәсілін Р.Ингарден «конкретизация» (нақтылық) [57] 
деп  атаған.  Автордың  ерекшелігі  өз  ойын  оқырманға  артпай,  бәрін  бірдей 
жайып салмайды. Детальдың көмегімен оқырманға образды ойланып алуға, өз 
бетінше жалпы көріністі көз алдымызға әкелуге мүмкіндік береді. Кейіпкерлері 
жөнінде  де  ешқашан  жағымсыз  нәрсе  айтпайды.  Егер  ұнамаса  детальдың 
көмегімен  түсіндіреді.  Оқырман  көз  алдында  қандай  адам  тұрғанын  түсінеді. 


27 
 
Деталь  авторға  уақытты  үнемдеуге  мүмкіндік  береді.  Автор  барлық  жайтты 
егжей-тегжейлі суреттемесе де, детальдың арқасында оқырман бәрін өзі түсініп 
отырады. Осы орайда ғалым З.Қабдоловтың «деталь жазушыны көпсөзділіктен 
сақтандырады,  сөзді  үнемдеп,  қысқа  қайыруға  жетелейді.  Ал  «сөз  үнемдеу  – 
өнердің  ұлы  заңы  болғанда,  қысқа  жазу  –  тек  таланттыға  тән  қасиет  екені 
белгілі» [11,97] деген сөзі ойға оралады.  
Детальды қолдана білуде ерекше қабілет пен ерекше түйсік қажет болады. 
Деталь  жазушының  сезім-түйсігі  мен  тәжірибесіне,  қиял  ұшқырлығына, 
жазушылық  суреткерлігіне  тікелей  байланысты.  Детальдың  ең  негізгі  қызметі 
новелла үшін ең қажет тәсіл, өйткені ол шығарма көлемін қысқартуға, азайтуға 
әрі материалды сығымдауға септігін тигізеді.  
Детальды  пайдаланатын  жазушы  –  өте  байқампаз  жазушы.  Өмір  мен  адам 
жайлы  көп  білгендіктен  жай  ғана  нақтылықпен,  жекелеген  штрихтармен  адам 
мінезін, табиғат, затты шынайы, жарқын бере біледі.  
Профессор  Т.Рахымжанов  «Көркем  детальға  тән  бояудың,  үннің,  қимыл-
қозғалыстың,  көркемдеуші  құралдардың  қысқалығы,  сараңдығы  оның 
жұтаңдығы  мен  кедейлігін  танытпайды,  керісінше  затты  сөзді  нақты  суретке 
айналдыра алатын мол  мүмкіншілігін аңғартады.  Сондықтан  деталь  айшықты, 
көрнекі  бірер  штрихпен  қоғамдық  құбылыстарды,  өмірлік  шындықтарды, 
адамның  жан  дүниесін  көз  алдымызға  елестете  алатын  құдіретті  күшке  ие» 
[5,65-66]  деп  детальдың  тағы  бір  қасиетін  ашып  көрсетеді.  Шындығында  өзі 
шағын  туындыда  детальды  оңды-солды  пайдалана  беру  міндетті  емес.  Ол 
шығарма 
шырайын 
арттырмайтыны 
түсінікті. 
Сондықтан 
ғалым 
пайымдағандай,  жазушылар  өз  туындыларында  детальды  аз  да  болса  сазды, 
мәнді,  мағыналы  пайдаланса  екен  деген  ой  тастайды.  Деталь  табу  мен 
қолдануға автор үлкен жауапкершілікпен қарау керек.   
Автор  үшін  шығарма  табиғатын  аша  алатын  деталь  табудың  өзі  үлкен 
шығармашылық  қуаныш.  Орыс  жазушысы  Л.Толстойдың  шығармашылық 
зертханасын  зерттеуші  мемуаристің  айтуынша,  автор  «Воскресение»  романын 
жазып  болғаннан  кейін  оған  дейін  ойына  келмеген  көркемдік  деталь  сап  ете 
қалады.  Бұрынғы  романда  Нехлюдовтың  Катюшаны  масқаралау  үшін  беретін 
100 сомы жөніндегі эпизод болмаған. Бұл детальды тапқан жазушы мәз болып, 
бірден  өз  романына  енгізген  екен.  Ал  Афанасий  Фет  естеліктерінде  табиғат 
берген бойындағы байқампаздық қабілетін саналы түрде жаттықтырып, ол үшін 
үнемі  жалғыз  серуендеуге  шығып  отырғанын  жазып  қалдырған.  Оның 
назарынан  ештеңе  тыс  қалмады,  табиғат  құбылысының  әрбір  тынысына  көңіл 
бөліп, шөпті әрі-бері тасып, зыр жүгірген құмырсқалардың әбігерленуінің өзіне 
жазушы  ұзақ  уақытын  арнап  қарап  отыратын  болған  [57].  Әрине,  мұның 
астарында талантты суреткерге ғана тән терең пайымдаушылық жатыр.  
Заттың  түсі  де,  исі  де  деталь  бола  алады.  Деталь  портретте,  пейзажда, 
тұрмыстық заттар мен кейіпкердің әңгімелерінде кездеседі. 
Детальдың  тағы  бір  негізгі  қызметі  –  ұсақ  бөлшектер  арқылы  тұтас 
құбылысты  бере  білу.  Ол  суреттеп  отырған  зат  туралы  тұтас  түсінік  береді. 
Детальдың  мәні,  маңызы,  рөлі  мен  қызметі  жөнінде  С.Антонов:  «таза  деталь 


28 
 
тазалықтың, 
шынайылықтың,  күтпеген 
нәрсенің 
әсерін 
қалдырады. 
Жазушының  жүрегін  жарып  шыққан  қуатты  деталь  оқырманға  әдеттегі, 
күтпеген,  бұрыннан  білетін,  тіпті  жаңадан  естіп  тұрғандай  әсер  қалдырады» 
[58]  деп  жазады.  Демек,  қуатты,  күшті  детальдың  нәтижесінде  С.Антонов 
айтқандай,  «нәтижелі  сезіну»  (результативное  ощущение)  болады.  Бұл 
детальдың  құндылығы  әрі  мағынасы.  Деталь  осынысымен  басқа  да 
категориялар мен ұғым-түсініктерден оңай ажыратылады. 
М.Щеглов өз мақаласында көркем шығармашылықтағы детальдың маңызы 
мен орнын анықтауда адаспаған. «Дәл айту, өмірдің сәтін қапысыз тап  басу  – 
адам  келбетінің,  табиғатты  сезінудің,  уайымдаудың  сапасы  –  бұл  әрқашан 
көркем  шығармашылықтың  бастауы  болып  келеді.  Реалист  жазушы  өмірді 
нақты, өзіне тән детальдар арқылы көре алады» деп жазады [30,55]. Детальды 
негізгі  шығармашылық  акт  –  көркем  образдық  ойлаудың  өзіндік  табиғатымен 
байланыстыра  қараған  зерттеуші  М.Щеглов  детальды  фактілер  «жүрегінен» 
орын алған көркем образдың айқын да мәнерлі, көрнекті, нақты формасын бере 
алатын  тәсіл  (құрал)  ретінде  таниды.  «Образ  жасау  процесін  –  деталь  таңдау 
деп  түсінуге  болмайды.  Ол  жазушының  «шығармашылық  лабораториясы» 
дегеннің  өзін  тым  («фигурально)  бейнелі,  қатаң  «рентабельді»,  әдіске 
бағындырылған, ғылыми қабат деп таниды» [30,52-53]. 
И.А.Гончаров  болса,  «бұл  үдерістегі  түсініксіз  нәрсе,  кейде  өте  ұсақ, 
аксессуарлық  құбылыс,  деталь  деп  танығанымыздың  өзі  әрі  қарай  өзінен-өзі 
негізгі  оқиғаның  маңайына  топталып  жиналып,  өмірдің  жалпы  құрылысына 
кірігіп, бірігіп кетеді» деп жазады [59,53]. 
М.Щеглов  детальды  көркемдік  образдық  ойлаудың  өзіндік  табиғатымен 
байланыстырады.  Ол  детальды  нақтылықтың  құралы  ретінде  дұрыс 
қарастырғанымен, оның келесі бір қырын – талдап қорытушылық жағын ұмыт 
қалдырған. 
Деталь  үнемі  өзі  үшін  автор  дайындаған  ерекше  орында  тұрады. 
Қаламгерлер  шығармашылығында  көркем  детальдың  орны  ерекше.  Сәтті 
деталь табылған туындыларда кездейсоқ ештеңе болмайды, бәрі орын-орнымен, 
бүге-шүгесіне  дейін  талғаммен,  таңдалып  алынады.  Бұл  автордың  өз-өзіне 
қатаң  талап  қоятындығын  білдіреді.  Шағын  көлемді  шығармада  мықты 
прозаиктер  көптеген  ақпарат  бере  біледі,  бұл  жанр  үшін  ғана  емес,  жазушы 
үшін  де,  оқырман  үшін  де  маңызды.  Деталь  өз  кезегінде  шығарма  көлемін 
кішірейтуге мүмкіндік берсе, оқырманға уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. 
Ол кейіпкерінің өмірбаянын суреттеп отырған жоқ, оған жанр критерийлері де 
мүмкіндік бермейді.  
Деталь  –  мазмұнның  арнайы  шек-жігін  білдіретін  және  образдық  пішіннің 
негізгі элементтерінің бірі болып табылатын көркемдік элементтің бір бөлшегі. 
Деталь  спецификасы  сол  –  бізге  тұтас  нәрсені  көрсете  алатын,  жинақтап 
қорытудың  неғұрлым  тереңдігін  көрсете  алатын  суреттеудің  ерекшелігі.  Бұл 
салмақты, көрініп тұратын әрі бөлінбейтін бүтін, ерекшелік. 
Деталь қызметін арнайы қарастырған Б.Кабдулов әдебиеттің күн тәртібінде 
тұрған  өзекті  мәселенің  бірі  –  көркем  шығармадағы  психологизм  мәселесі 


29 
 
болса, сол күрделі үдерістегі ең негізгі орында жазушы шеберлігінің «сырына» 
анализ  жасау,  яғни  көркем  деталь  мәселесі  деп  айқындайды.  Жазушы 
шеберлігін анықтаудағы негізгі орынды деталь алатындығы жөнінде ешқандай 
талас  жоқ.  М.Зощенко  айтқандай,  «әдеби  шығармада  детальға  көп  нәрсе 
байлынысты,  тіпті  барлық  нәрсе  детальға  байланысты  болуы  да  ғажап  емес» 
[60].  С.Антонов  «Әңгіме  туралы  хаттарында»  деталь  жөнінде:  «Деталь  –  бұл 
айрықша,  тұтас  құбылыс  немесе  заттың  әсерін  көз  ілеспес  ассоциацияның 
тізбекті реакциясының көмегімен көрсетуге болатын көркемдік нақтылық» деп 
жазады [61].   
Детальдың ең басты құндылығы – оның дәлдігінде жатыр. Жазушы әрқашан 
шығарманың шырайын ашатын, оқиғаның өзегін көрсете алатын ең қажетті, ең 
керекті жалғыз сөзді жаңылмай таба білуі керек. «Жалғыз түйір ең керекті сөз 
табылса  болды,  ол  бүкіл  шығарманың  өңін  келтіре  алады,  бірақ  ол  үшін 
жазушы «сөздер химиясын» жетік меңгеруі қажет» [62,118]. Ал осы «ең керекті 
жалғыз»  сөз,  «сөз  химиясын»  меңгерген  жазушының  дәл  тапқан  жалғыз  ғана 
сөзі – деталь екені анық. Деталь ситуацияны анық, дәл суреттейді. Детальдың 
дәлдігі  жөнінде  З.Қабдолов:  «Дәлдік  –  шындыққа  жанасымдылық.  Сөзбен 
жасалған  суретке  көз  алдыңызда  жан  бітіп,  тіріліп  түрегелсе,  сіз  оны  жансыз 
сурет  емес,  тура  жанды  нәрседей  қабылдасаңыз,  кітап  беті  қатар  түзеген  әріп 
қана емес, қым-қиғаш қимылға айналып кетсе, сіз бұл қимылға енжар қарамай, 
еліге тербеліп қалсаңыз – детальдың дәлдігі сол!» [11,97] деген пікір қалдырса; 
зерттеуші  Ш.Әбішева:  «Жазушы  характердің  бет-әлпет,  кейпін  жалаң 
бейнелемей,  көбіне  сюжеттік  желінің  өрбуіне  үлес  қосатын,  образдардың 
табиғатын  таныта  түсетін,  көркемдік  логиканы  бейнелеуге  ең  қажетті 
компоненттер  арқылы  есте  қаларлықтай  сипаттар,  көркемдік  детальдар 
көмегімен  көз  алдымызға  әкеледі.  Деталь  дәлдігі  әрбір  кейіпкердің  қасиеті 
арқылы көрініп отырады. Сыртқы детальдар ішкі күйге себепкер бола отырып, 
сол  сәттегі  кейіпкердің  ішкі  әлеміне  кейде  тікелей,  кейде  жанама  әсер  етеді. 
Сыртқы  детальдар  адамның  ішкі  өмірімен  әсерлеспесе,  онымен  ара  қатынасы 
болмаса, «онда оның ешқандай көркемдік маңызы болмайды» [63,108] деген ой 
қосады. Сөз өнерінің шынайы туындысы – ақиқат болмыстың көрінісі (синтезі), 
жай  көрінісі  немесе  жинақталған,  көркем  көрінісі.  Өйткені,  «реализм  деталь 
шындығынан бөлек, типтік жағдайдағы типтік характерлердің жаңғырған түрі» 
[62,118].  
Әдеби туындының ұлы заңы – көркемдік жинақтау күшінде тұрғанда нақты 
әрі  дәл  іріктеу,  анализ,  өмір  құбылысын  таңдау  бар.  Ал  көркем  шығарманың 
бұл  үдерісі  деталь  табумен  тығыз  байланысты.  «Трава  забвения»  повесінде 
қаламгер В.Катаев алғашқы өлеңдерін жазып болған соң оларды Иван Бунинге 
апарып  көрсетіп,  кеңес  сұрағанын  жазады.  Жас  ақынның  өлеңдерін  тыңдап 
болған  соң  И.Бунин  бұл  туындылардың  жетістікке  жетпегенін,  толыққанда 
көркем  шығарма  болу  үшін  аса  қажет  болып  табылатын  –  деталь  дәлдігі  жоқ 
екенін  ескертеді.  Сосын  жас  ақынды  терезенің  алдына  әкеліп,  көз  алдында 
көрініп тұрған табиғат көрінісінің, соның ішінде аспан мен жердің, ағаштар мен 
шөптердің  ең  әдемі,  ең  негізгі  сипат-белгілерін  тауып,  соны  ғана  қағаз  бетіне 


30 
 
түсіруін  тапсырады.  Осы  ақыл-өнеге  арқылы  В.Катаев  жазушылық  шеберлік 
кілті дегеннің ең алдымен деталь дәлдігінде жатқанын түсінгенін айтады.  
Әдебиеттің  мұраты  –  адамды  пендешіліктің  тоты  басудан  арашалау. 
Әдебиеттің  мақсаты  адам  атты  құпияның  ішкі-сыртқы  әлемін,  пиғыл-ниетін 
астастыра  айшықтау,  ашу.  Адам  атты  небір  кереметіңе  шаң  алдырып,  шаша 
қақтырмас ғажайыптың құпиясы, құлпы көп. Соның бәріне кілт табу... Жазушы 
атаулының сол кілтті тапсам деп талпынбайтыны кемде-кем» деп жазады ғалым 
Қ.Мәдібаева  [64,106].  Дәл,  жалғыз  детальды  табу  оңай  емес.  Ол  жазушыдан 
үлкен  қажырлықты,  табандылық  пен  төзімділікті  талап  етеді.  Дәл,  нақты 
табылған  деталь  сюжетті  бір  арнада  шашау  шығармай  бейнеленуін  жүзеге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет