Сатылханова гульмира алихановна



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Байланысты:
Satylkhanova Disser

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


48 
 

ДЕТАЛЬ  ӘДЕБИ  ТУЫНДЫНЫҢ  ШЕШУШІ  КӨРКЕМДІК 
КОМПОНЕНТІ 
 
2.1 Көркем новелладағы заттық детальдар әлемі, мәні мен маңызы 
Новелла  –  көлемі  шағын  эпикалық  туынды.  Сол  шағын  дүниенің  ішінде 
берер  ақпараттың  көп  болуы  жазушының  шеберлігіне  байланысты.  Ал  деталь 
өз  кезегінде  шығарма  көлемін  қысқартуға  көп  септігін  тигізеді.  Суреттелген 
әлем 
көрінісі 
жекелеген 
көркем 
детальдардан 
тұрады. 
Зерттеуші 
Б.Кабдуловтың  «шындығында  көркем  туындыдағы  тұтастық  дегеннің  өзі 
бөліктерден,  яғни  шындық  панорамасы  детальдардан  тұрады»  [3,138]  деуінің 
себебі осында жатса керек. 
Байқағыштық  қабілеті  зор  жазушылар  детальды  пайдаланады.  Адам  өмірі 
мен тұрмысын жақсы білетін авторлар ұсақ нақтылықтар, жекелеген штрихтар 
арқылы кейіпкер образын, характерін, табиғат құбылысын, заттарды жан-жақты 
ашып  көрсетеді.  Көптеген  жазушылардың  шығармашылығында  деталь  негізгі 
орында тұрады. Новеллистердің бір ерекшелігі – олардың шығармашылығында 
басы  артық  дүние,  кездейсоқ  ештеңе  болмайды.  Өйткені,  оны  шығарманың 
көлемі де, жанрлық ерекшелігі де көтермейді. Шығармада кездесетін әрбір ұсақ 
детальдің өзі сүзгіден өтіп, таңдалып, талғап алынады. Чеховтың «егер бірінші 
оқиғада  қабырғада  қару  ілініп  тұрса,  шығарманың  соңына  дейін  ол  міндетті 
түрде  атылу  керек»  деген  сөзі  бар.  Демек,  шығармада  суреттелген  әрбір 
детальдің  өзіндік  мәні  болуы  қажет.  Әдебиеттану  ғылымындағы  бірқатар 
зерттеу  еңбектерде  детальды  суреттеу  және  психологиялық  деп  екі  үлкен 
топқа бөліп қарастырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет