Сатылханова гульмира алихановна


  Характерологиялық  деталь



Pdf көрінісі
бет48/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,74 Mb.
#17302
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66
 
3.1.2  Характерологиялық  деталь  –  кейіпкердің  іс-әрекеті,  мінез-құлқы 
оның  жеке  тұлғасымен  байланысты.  Зерттеуші  А.Ф.Лосев:  «Дене  –  адам 
жанының  тірі  сұлбасы.  Мен  бір  қарағанда-ақ,  алдымда  тұрған  адамның  іс-
әрекеттерін  айтпағанда,  сөйлеу  мәнері,  көзінің  қиығы,  маңдайындағы 


124 
 
сызықтары,  қолы  мен  аяғын  қалай  қойғаны,  денесінің  түсі,  даусына  қарап-ақ 
қандай адам екенін танып, жаңылмай айта аламын» деген екен.  
Гоголь  айтқандай,  жазушы  үшін  ең  қиын  нәрсе  «адамның  жаны  мен 
жүрегіндегі көзге ілінбес көп иірімдерді» табу, тану және жазу болса, суреткер 
осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін детальдарды да өз орнымен қолдана алады 
деуге  болады.  Кейіпкердің  сырт  тұлғасын  киген  киім,  тұрған  тұрыс,  жүрген 
жүрісін,  бір  ғана  детальға  іліктіріп  алып  ішін  аша,  мінез-құлқын  тұтас  ашып 
көрсету  расында  оңай  дүние  емес.  Қазақ  әдебиетіндегі  озық  үлгісі  –  кең 
көйлегінің киіп, қамзолының етегімен жайқай өтіп барып екі тебініп, екі кебісін 
екі  жаққа  ұшыратын    Жәніш  бәйбіше  деуге  болады.  Байлықтың  буымен  өз-
өзінен ісініп-кебініп, қақтығып-соқтығып жүретін өктем, шайпау, астам мінезді 
Жәніш бәйбішені автор иланымды, типтік деңгейге көтере сомдаған.  
 «Қара  сөзді  құбылтқан  қас  шебер»  Ғ.Мүсіреповтің  «Ананың  арашасы» 
новелласында күні өтіп бара жатқан Жұман байдың бәйбішесінің төмендегідей 
әрекеті  арқылы  оның  мінез-құлқын  айнытпай  танимыз.  Автор  кейіпкерінің 
характерін  сипаттап  оқырманына  түсіндіруді  қажет  етпейді.  Бір  ғана  әрекет, 
бір-екі сөйлем – бәйбішенің бүкіл өмірлік ұстанымы, дүниетанымы, кедейлерге 
деген көзқарасы ақтарылып сала береді: «Кең көйлектің етегі арт жағынан жел 
үрген  тауықтай  түріліп  кеткен  Жәніш  бәйбіше  есік  жақта  тамақ  ішіп  отырған 
Жапардың  тұмсығын  қамзолының  етегімен  жайқай  өтіп,  төрге  беттеді. 
Жапардың дәл алдына шығып алып, екі тебініп, екі кебісін екі жаққа ұшырып 
жіберді.  Жапардың  алдында  тұрған  айранның  бетін  қыл-қыбыр,  жүн-жұрқа, 
шаң-тозаңға толтыра кеткенін байқамаған сияқты. Кебіс табанынан ұшып келіп
айран  бетіне  шаншыла  түскен  тезек  сынығы  құйрығын  шошайтып,  Жәніш 
бәйбішені  нұсқағандай  болды»  [101,168].  Суреткердің  шеберлікпен  ойната 
білген  детальдарында  Жәніш  бәйбішенің  мінезі  жарқ  етіп  көрінеді,  құдды  бір 
бұрыннан  таныс  адамдай.  Аз  дүниеге  автор  бір  адам  мінезін  түгел  сыйдыра 
алған.  Бәйбіше  жөнінде  бұдан  артық  ештеңе  айтудың  керегі  жоқ,  жазушының 
осы  бейнелеуінде  Жұман  байдың  кемпірі  бар  болмысымен,  ішкі  жан 
дүниесімен, пасықтығымен толық көрініс тапқан. 
Аталған  новелладағы  автордың  тағы  бір  баяндаусыз  іс-әрекеті  арқылы 
характердің  мінез-құлқын  дәл  бере  білген  характер-деталі  атаман  Антонов 
хақында: «Жазагер отрядтың бастығы офицер Антоновтың жүрген жері жылан 
жайлағандай  болып  қалатын.  Ол  жүріп  өткен  жердің  топырағы  бір  түнде 
қуарып, шаңдағы бір-ақ бұрқ етіп қалатын. Антоновты елдің итіне дейін күндік 
жерден таниды, керек болса елден бұрын иттер таниды» [101,169]. Бүкіл қазақ 
жұршылығы «Ақтопалаң» атап кеткен атаманды адам баласы емес, керек болса 
«алдымен иттер таниды» деген деталь арқылы автор оның елдің арасына салған 
ылаңының  қандай  деңгейде  екенін,  ит  екеш  итке  дейін  оны  жек  көргендігін 
сөзсіз таныта алған. Расында Антонов келіп қалғанда бұрын араз ағайын бірінің 
үйіне бірі қалай кіріп кеткенін білмей қалса, жылаған бала жылауын доғарып, 
үрейі ұшқан жұрт намазын де кез келген жерде оқып, кез келген жерінен аяқтай 
салатындай  жағдайға  жеткен  еді.  Автор  бір  оралыммен-ақ  характер  ашып 
көрсету тәсілін жетік меңгерген.  


125 
 
Қазықтай аяғын қаздаңдай басып, Нағимаға қарай келе жатқан Антоновты: 
«Екі көз бір-бір қадалысып, екі от бір-бір шарпысып қалғанда, ана кірпігінің бір 
талы  да  селт  еткен  жоқ,  Антонов  ыза  болып  кетті...  шатынаған  көздерінен 
ұшқан  от  жалыны  жылан  тіліндей  жылт-жылт  етеді.  Барлық  қаны  басына 
құйылып  бара  жатқандай,  бет-аузы  түнеріп,  еріндері  дір-дір  етеді. 
Қалшылдаған  қолы  тапаншаның  ілгегін  әрең  ағытты»  [101,172].  Отыз  өрім 
қамшымен дүрелегенде қыңқ деп дыбыс шығармаған Нағима ананы енді атып 
тастайды-ау  деген  үрей  оқырман  бойын  жайлай  бастағанда  новелланың 
жанрлық  табиғатына  сай  оқиға  ауаны  күтпеген  жерден  мүлде  басқа  арнаға 
бұрылып,  жасыл  қылыш  жарқ  етіп,  Антоновтың  кесілген  басы  жерге  домалап 
түседі.  Міне,  новелла  жанрының  шеберлігі  –  оқырманын  ашса  алақанында, 
жұмса  жұдырығында  ұстап,  бір  ысытып,  бір  суытып,  қорқытып,  үркітіп, 
жылатып,  жүрегін  дүрсілдетіп  соқтырып,  жанын  алқымына  тығып,  ақыр 
соңында қуанышқа кенелтеді. Қуаныштан жылаған ауыл әйелдері ентіге басып, 
көз жастарын жеңдерімен сүрте, Нағима анаға қарай жүгіріп келеді.  
Автордың  жанрдың  ерекшелігін  толықтай  сақтаған  «Қара  нардан  да 
қайратты»  новелласының  қысқаша  фабуласына  тоқталсақ,  үш  жастыққа 
арқасын сүйеп әрең отырған, тілі күрмеліп қалған, сөздері іркіс-тіркіс, үзік-үзік 
шығып  отырған,  сәл  еңкейсе  тынысы  біте  жаздап,  ауру  меңдеп,  ажалы 
жақындағанын сезіп, қош деп бақұлдасып қалу үшін ағайын-туысын шақыртып 
жатқан  ананың  баласына  деген  зор  махаббатының  куәсі  боламыз.  Ол  әсіресе 
жалғыз  ұлының  балшыққа  тайып  құлап,  тізе  тобығын  шығарып  алып,  оны 
сынықшы  Бәкең  қарт  салған  кездегі  реакциясынан  анық  білінеді.  Тілін 
оралымға  келтіре  алмай,  су  сұрағанның  өзін  ыммен  көрсетіп  отырған  байғұс 
ана  сынықшы  шалға  жалынып-жалбарынғанда:  «Тілеуің  қабыл  болғыр, 
отағасы, ауыртпай сала көргейсіз. Қолыңызды білікті деуші еді ғой» деп шыр-
шыр  етіп,  сайрап  береді.  Ал  қозғалтпай  зар  қақсап  жатқан  аяғын  сынықшы 
сытыр-сытыр еткізіп, орнына салғанда баласының жан даусы шыққан кезде екі 
иінінен  әрең  демалып  отырған  ана  ұшып  тұрып,  беліне  дейін  ісіп  кеткен 
аяқтарын нық-нық басып, апыл-тапыл қасына жүгіріп жетіп, шырылдап үстіне 
төне берді: «Оң аяғымды қу сіңір болған алақанымен сипалайды байғұс апам, 
бір қолымен маңдайымнан сипайды, көзі көрмесе де, төне түсіп үңіледі бетіме, 
иіскелеп  еміренеді.  Зәре-құты  қалмаған.  Ауру  айлар  бойы  азаптаған  апам 
мынадай  бір  азғана  уақытта  ебіл-себіл  болғандай.  Қатуланып  та  алғандай» 
[158,18]  ананың  шыбын  жаны  баласының  үстінде.  Ғазиз  ананың  тірлігінде 
жалғызын  жылатқысы  келмеген  мейірімі  осы  детальдардан  тап-таза,  мөлдір 
күйінде көрінеді.  
Қ.Мүсіреповтің  «Әпкем»  новелласында  жолда  тікен  көп  деп  інісінің  жаяу 
жүргенін  қаламаған  тұлымшағы желбіреген  кішкентай  қыз  бала  інісін белінен 
қапсыра  құшақтап,  жүре  бергенде  анау  екі  аяғын  тепкілеп,  өзім  өтем  деп 
ерегісіп,  шалқалақтап,  қиқарланады.  «Бір  уақта  қыздың  шашынан  жұлқылап 
тарта бастады. Сонда да қыз құшағын жазбады, көзінен жас моншақтап тамып, 
көтеріп  барады.  Жылап  жүргенінде  тікенек  кірген  болуы  керек,  аяғын 
шоқаңдай басады. Үлкен жолға жетіп, баланы жерге жайлап түсірді де, жылап 


126 
 
қоя берді» [108] деген қимыл деталінан мейірбан, бауырмал әпкенің өсіп келе 
жатқанын түсінеміз. «Лезде бір жылылық қан тамырларымнан жүгіріп өтті де, 
қуаныш  сәулесі  алдымнан  жарқ-жұрқ  етті»  –  деген  табиғи  детальдар 
кейіпкердің  реакциясы  әбден  заңды  екенін,  мынадай  адал,  бауырмал  әпкелер 
тұрғанда адамзаттың ұлы көші жалғаса беретінін, әлі де талай асулар алынып, 
шыңдарды бағындыратынымыз анық екені көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет