1.Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты – Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысының барлық типтеріне ортақ оқушылардың алатын міндетті (минимум) білім деңгейін тағайындайтын құжат.
2. Сауат ашу әдістемесінің жүйесі –белгілі бір мақсат көздейтін, мазмұны, ұйымдастырылуы, ұстанымдары, әдістері мен құралдары анықталған педагогикалық үдеріс.
3. Технология – көздеген нәтиженің орындалу кепілі, нақтылы мақсатқа негізделген болашақ оқу үдерісінің жобасы, сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, білім беру стандартының негізгі талаптарына жетудің нақты жолы.
4. Сауат ашу әдістемесін жаңаша жүргізу – мақсаттың басты компонент ретінде танылуы, диагностикаға негізделген болжамды мақсаттар жүйесінің белгіленуі, әдіс-тәсілдердің сұрыпталып алынуы, бақылау жүргізілуі, жоспар емес жоба (ехнологиялық карта) талап етілуі, оқушы іс-әрекетінің алдыңғы қатарда тұруы, мұғалімнің оқушымен субъект ретінде қарым-қатынас жасауы, әрбір сабақтың мұғалімнен жеке шығармашылықты талап етуі.
5. Сабақ жоспары – сабақты тиімді өткізудің, мұғалімнің ойын іске асырудың құралы, шығармашылық ізденістің басы.
6. «Сауат ашу» пәнінің базалық мазмұны - мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын оқу пәні мазмұнының құрамы мен құрылымының тізбесі.
7. Дыбыстық талдау-жинақтау – сауат ашудың негізгі әдістерінің бірі.
8. Кеспе әліппе – әріптерден буын, сөз, сөйлем құратып, оларды талдатып, оқып-үйретуге арналған Әліппе оқулығына қосымша көрнекі құрал.
9. Диктант – орфографиялық дағды қалыптастырудың негізгі бір жолы.
10. Интонация – сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мен үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді.
11. Синтагма – сөйлемді айтқанда я оқығанда оның ішіндегі сөздердің интонация мен мағынасына, айтылу ырғағына қарай өзара топ-топқа бөлінуі.
12. Кідіріс (пауза) – сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді синтагмаға, синтагманы сөзге ажыратып, ара жігін көрсету үшін қолданылатын интонация элементі.
13. Жанр түрлері –әңгіме, ертегі, өлең, мысал, мақал-мәтел, шешендік сөз, аңыз.
14. Сабақ- оқушылардың әрекетін ұйымдастыру формасының негізгі түрі.
15. Каллиграфия –таза, көркем жазу.