Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалам-әдіскерлер (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Айтмағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.)



бет49/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Бастауыш жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалам-әдіскерлер (Т.Мұсақұлов, Б.Мұқанов, Қ.А.Айтмағанбетова, К.Жүнісова, Ә.Бірмағанбетов т.б.).
Қазақстан Республикасының ғалым-әдіскерлері жаратылыстану пәндерін оқыту әдістемесіне өздерінің елеулі үлестерін қосты.Соның бірі педагогика ғылымдарының кандидаты, ботаник, 70-тен астам ғылыми еңбектердің авторы Тәліп Мұсақұлұлы Мұсақұлов (1909-1987) болды.Ол “Биология терминдерінің орысша-қазақша сөздігін” (1962), “Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясын” және жоғары оқу орындарына арналған “Ботаника” оқулығын жазды. Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесін зерттеушілер, қомақты еңбектер жасап өздерінің елеулі үлестерін қосып жатқан ғалым-әдіскерлер Қ.Аймағанбетова және К.Жүнісқызын айтуға болады. Қазна Аймағамбетова (1937) – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қ. Аймағамбетқызының ғылыми зерттеу бағыты: бастауыш буында білім берудің әдістемесін және оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру мәселелері; жоғары білім берудің әдістемесін жасау; студенттерге арналған оқулықтар мен көмекші құралдарын жазып, жас өспірімдерді білім беруге керекті оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету болды. Қ. Аймағамбетова 1968 жылы Республикада ең алғаш жазылған 2сыныпқа арналған «Табиғаттану» оқулығының авторы. Бұл оқулығы сол кездегі Одақтас республикалар бойынша ана тілінде жарық көрген алғашқы оқулықтар қатарында болып, 3 жыл бойы ВДНХ (Москва) көрмесінде тұрды. Осы жылдардан бастап «Табиғаттану», «Дүниетану», «Айналамен таныстыру», «Қоршаған орта» т.б. еңбектері қырық жылға тарта Қазақстан мектептерінің қолданысында жүр. Қ. Аймағамбетова 1970 жылы «Бастауыш сыныптарда Қазақстан тірі табиғатын оқыту» бағытындағы диссертациялық ғылыми зерттеу жұмысын аяқтап, кандидаттық диссертация 17 қорғап, ал 1997 жылы «Бастауыш сыныптағы дүниетануды оқытудың теориялық және әдістемелік негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғайды. 2003-2004 оқу жылында Қ. Аймағамбетованың басшылығымен 12 жылдық білімнің бастауыш буындарына арналған білім стандарты бағдарламасы және 1-4 сыныптардың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көріп, мектептерде эксперименттік байқаудан өтуде. 2004 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың теориялық негізі» атты монография жазған. 2005 жылы «Бастауышта дүниетануды оқытудың негіздері» атты оқу құралы жарық көрді. 2006 жылы «Дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» атты оқулық пен «Дүниетану негіздері жәнедүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» деген оқу құралы баспадан шыққан. Қ. Аймағамбетқызының мектептегі білім беру мен сол мектепке маман дайындауды байланыстыра отырып, бастауыш сынып пен мектепке дейінгі тәрбие мәселелерін сабақтастыра зерттеуіжоғарыдағы еңбектерінен байқауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет