Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Кіші жастағы оқушыларға грамматиканы оқытудың мәні мен оның оқу-тәрбиелік міндеттері



бет26/36
Дата15.06.2023
өлшемі114,61 Kb.
#101593
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Байланысты:
Жауаптар 2-23

Кіші жастағы оқушыларға грамматиканы оқытудың мәні мен оның оқу-тәрбиелік міндеттері
1. Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Көптік, тәуелдік, септік жалғауларды қолдануда стильдік нормаларды жете білдіру көзделеді. Демек, оқушы Морфологияны оқыту арқылы оқушыға сөздердің грамматикалық мағынасы, сөз таптардың өзара байланыстылығының мәні түсіндіріледі. Сөз таптарының ерекшеліктері, сөз табына жататын сөздердің сөйлемдегі қызметі өмірмен байланыстырылады. Мұғалім құрғақ ережені оқушыға жаттатудың зиян екенін естен шығармау керек. Жаттанды нәрсенің көпке бармай тез ұмытылып қалатыны әсте анық. Оқушының сөз таптарының қызметі, олардың орын тәртібі, түрленуі мен өзгеруі туралы жүйелі білім алуы шарт. Сабақта айтылған материалдардың барлығы оқушының есінде түгел қалмаса да оның ішінен ең негізгісі оқушының есінде қалдыруға қол жеткізу керек. Мысалы: оқушылар арасында зат есім туралы толық мағлұмат алғандары жиі ұшырасады. Нақтылы зат атаулары қалам, қағаз, дәптер, орындық т.б зат есім екенін біледі. Ал адамның ойлау қабілеті арқылы топшылаумен түсінетін заттық ұғымдардың атауы абстракты зат есімдерді ақыл, ой, сана, қуаныш, реніш, уайым, қайғы т.б келгенде оқушы тосылып қалады. Осы жағын нақтылы мысалдар арқылы түсіндіру қажет. Сын есім мен сан есімнің алдында тұратын, етістіктің сөйлемнің соңында келетіні сияқты тіл заңдылықтарын оқушының сөйлеу әрекетінде дұрыс қолдануын қадағалап отыру тіл мәдениетінің нормаларын сақтауға да үйрету.ұрлысының негізін қалайды.


Шамалар және оларды оқыту әдістемесі
Жиын жөніндегі ұғым сияқты, шама жөніндегі ұғым да бастапқы ұғым деп саналады, сондықтан шамаға анықтама бермей, тек мысалды қарастыру арқылы ол ұғым жөнінде түсінік берумен қанағаттанамыз. Шамаларды оқып үйренудің маңызы зор, өйткені шамалар математиканың ең бір маңызды ұғымы болып табылады. Әр бір оқып үйренетін шама-бұл бізді қоршаған дүниедегі реал объектілердің белгілі бір жалпыланған қасиеті. Өлшеулерге берілген жаттығулар кеңістік түсініктерді дамытады, оқушыларды өмірде кең қолданылатын маңызды практикалық дағдылармен қаруландырады. Демек, шамаларды оқып үйрену математиканы оқытуда орны зор. Бұл оқытудың өмірмен байланыс құралдарының бірі.
Біздің санамызда заттар мен құбылыстар қасиеттерінің бейнеленуі барысында қандай да бір ұғым қалыптасады. Ұзындық, аудан, масса, уақыт, сыйымдылық, көлем, жылдамдық, т.б. шамалардың мысалдары болып табылады. Бұл ұғымдар тек математикада ғана емес сондай да физика, химия және т.б. ғылымдарда да қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда шама ұғымына айқын түрде сипаттама беру өте қиын. Өйткені әр түрлі ғылым салаларында, тіптен бір ғана ғылым саласының әр тарауларында да шама ұғымы әр түрлі мағынада қарастырылады.
Шамаларды.оқыту әдістемесі төмендегіше:
Қарастырылып отырған нақты шама туралы баланың түсінігін
анықтау және сәйкес ұжым мен терменді енгізу.
Біртекті шамаларды салыстыру суіну көз мөлшерімен беттестіру әр түрлі шарты өлшеуіштер т.б. арқылы.
Шаманың негізгі өлшеу бірлігін таңдап алу және онымен оқушыны таныстыру, сондай-ақ өлшеу құрал жабдықтарын көрсету осы шаманың негізгі өлшеу бірлігін пайдаланып өлшеу процесін таныстыру?
Сандарды атау және таңбалаудың концентр бойынша оқытылуына байланысты шаманы өлшеудің жаңа бірліктерімен таныстыру. Осындай бірліктерді еңгізудің өмір мұқтаждықтарын туындап отырғанына оқушылардың көзін жеткізу.
Өлшеу бірліктерін түрлендіру, яғни өлшеудің бір атау бірлігімен өрнектелген шаманы осы текті шаманың басқа отау бірлігіне көшіруге жаттығу.
Бірдей атау бірлігімен, сондай-ақ екі түрлі атау бірлігімен
өрнектелген біртекті шамаларды қосу мен азайту.
Шаманы санға көбейту және бөлу шамаларды оқып үйрену математика курсының көптеген мәселелерін меңгеруге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет