Дүниетанымдық ұғымдарды қалыптастыру мен дамыту әдістемесі Дүниетанымдық ұғымдар бала кезден қалыптаса бастайды.Дүниетанымның негізі бастауыш мектептің өзінде қаланады да бала кәмелетке келгенде оның дүниетанымы біршама қалыптасады.
Адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы дүниетанымының өмірмен байланыстығы берік сенімнен туады.
Бастауыш мектепте дүниетану пәнінің мұғалімі оқушылардың көзқарасаын өзіне аудартып, сеніміне кіру керек.Содан соң мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылар санасында интелектілік сезімдерді қалыптастыру болып табылады.Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынын оқушыларға түсіндіру керек.
Мұғалім дүниетану сабақтарында табиғат заңдылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар әлемімен, олардың ерекшеліктерін, адам мен қоғам жайлы мәліметтерді бере отырып, оқушылардың бойында жанашырлық, адамгершілік, жауапкершілік, бауырмалдық т.б. сезімдерін тудырып дамытады. Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адам мінез-құлқының жиі көрінетін сезімдерінің бірі — адамгершілік сезімдер. Ал бұл сезімді бала бойында қалыптастыру ата-аналардың және мұғалімнің басты борышы.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Баланың сабақта жазуы, сабақ айтуы оның ойын дамытады. Оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстарының нәтижесінде оқушыларды логикалық ойы дамиды.Нәтижесінде оқушылардың бойында шығармашылық қабілеттері шыңдала түседі.
Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция деп атайды. Мысалы, бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде “ақшыл” деген сөзді алсақ, бұл абстракциялық ұғымға жатады.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың абстракциялы ойлауын былай қалыптастыруға болады: мысалы, аға, іні, жиен, бөле десек “бауырмал” деген абсракциялық ұғым келіп шығады.
Оқыту процесінде оқушылардың ойлау іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру олардың білімінің жоғары сапасын қамтамасыз ететін фактордың бірі.Түсінік – шындықтың санадағы бір моделі. Ол тек объектілер мен құбылыстардың санадағы бейнесі болып қана шектелмейді, ойлаудың туындысы арқылы болатын іс-әрекет.
Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында білім беру әдетте эмпирикалық (тәжірибелік) деңгейде жүргізіледі. Бұл түсініктерді дамытудың әдістемесі мына тұрғыда: табиғи объектілерді немесе оның көріністерін қабылдау – одан оны елестетуге, елестетуден – түсінікке, қарапайым түсініктен – күрделіге, күрделіден – арнайы түсінікке, арнайыдан – жалпы дүниетанымдық түсініктерге қарай,жүргізіледі.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың “адам”, “табиғат”, “қоғам” бөлімдерінен алған білімдері мынадай білік-дағдылардың жалғасын табады:
Табиғат:
тірі және өлі табиғат объектілерін өздігінен бақылай білу, олар туралы байқағанын баяндап айтуы;
табиғатқа адамның тигізетін қолайсыз істерін көре білуі, өз деңгейінде табиғатты қорғауға қатысуы;
ауа температурасының өзгеруінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін, жлы мезгілдеріне байланысты тірі табиғат тіршілігінде болатын өзгерістерді бақылауы;