Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Масса және оның өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру



бет36/36
Дата15.06.2023
өлшемі114,61 Kb.
#101593
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36
Байланысты:
Жауаптар 2-23

Масса және оның өлшем бірліктері туралы түсінік қалыптастыру
Заттардың қасиеттері және массасы бойынша бойынша балалардың сенсорлық қабылдауының орны ерекше. «Масса» түсінігінің қалыптасуы балалардың «салмақтық сезінуінің» дамуына негізделеді. «Салмақтық сезінуінің» дамуында балалардың сенсорлық тәрбиесіне М.Монтессори ерекше көңіл бөлді. Балабақшада іс-тәжірибе барысында Ф.Н Блехер, Л.В.Глаголева, Е.И Тихеева, Ю.И. Фаусекғалымдары үлес қосты.
Балалардың заттармен іс-тәжірибелік процесі нәтижесінде массаны қабылдауы көру және қозғалыс анализаторының кмегімен жүзеге асрылады. Массаны қабылдау баланың әр түрлі ж ас кезеңдерінде әр түрлі болады.Мысалы, 2 жаста заттың массаын қабылдауы нашар дамыған.Оларда тек «ауыр» түсінігі қалыптасады. 3-4 жаста балалар масса жүйесінде сөздік қорына ауыр-жеңіл, үлкен-кіші, сөздері қалыптасады .6-7 жаста бала түсінігінде масса «салмақты сезінуіне» негізделеді. Әр түрлі жас кезеңдерінде дидакдикалық ойындар ойнатылады. Мысалы, «Таразыға қане өлшейік!» «Таразыға салайық!»
Балалардың заттардың массасын қабылдау ерекшеліктеріне байланысты оқытуды кезеңдер бойынша құру керек.

  1. Бірінші кезеңде (орта топ) заттардың массасын сөздермен анық білдіру және ажыратуға үйрету қажет (ауыр-жеңіл, ауырырақ-жеңілірек), заттарды алақанда өлщеу арқылы салытыру және тексеру рационалды тәсілдерімен таныстыру.

  2. Екінші кезеңде (орта және ересек топ) бірнеше заттар арасында қатынасты анықтауға үйрету, массасының өсу немесе кему ретінде тізбекке реттеп қою(сериационный тізбек құру).

  3. Үшінші кезеңде (мектепке даярлық топ) балаларды жалпы қабылданған шамамен және массаны өлшеу тәсілімен таныстыру, бастапқы өлшеу білігін қалыптастыру.



Оқыту әдістері, түрлер және оларға қойылатын педагогикалық талаптар
Әдісгрек сөзі, тікелей аударғанда зерттеу жолы, қандай да бір мақсатқа қол жеткізу, нақты міндетті шешу тәсілін білдіреді. Оқыту әдісі дегеніміз ол мұғалімнің мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамытып, көзқарастарын қалыптастыратын және оларды өмір сүруге дайындайтын білім, іскерлік және дағды беру әдістері. Оқыту әдістері оқушыларға жаңадан білім беруде, бұрын алғандарын бекітуді қамтамасыз етеді, соның нәтижесінде олар мұғалімнің басшылығымен ғылым негіздерін игереді. Бастауыш сыныптарда бір сабақта бір ғана әдіс қолдану сирек пайдаланылады, керісінше бір әдіс екінші әдіспен үйлестіріліп отырылуы шарт. Оқыту әдістерінің негізгі мынадай тобы белгілі; 1. Сөздік әдістері (баяндау немесе түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс); 2. Практикалық әдістері (бақылау әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу әдісі, практикалық жұмыстар, зертханалақ жұмыстар, дидактикалық ойындар); 3. Көрнекілік әдістері (иллюстрация түрі – плакаттар, кестелер, суреттер, карталар, бейнелер, муляждар, макеттер және демонстрация түрі-тәжірибелер, телекөрсетілімдер, бейнефильмдер, кодопозитивтер, компьютерлік бағдарламалар). Оқытудың практикалық әдістері оқушылардың практикалық қызметіне негізделген. Практикалық білік пен дағдыны осы әдістер қалыптастырады. Практикалық әдістері (бақылау әдісі, зерттеу әдісі, жаттығу әдісі, практикалық жұмыстар, зертханалақ жұмыстар, дидактикалық ойындар). Бақылау табиғатты өздігінен танып білудің бірден-бір негізгі әдісі. Бастауыш сыныптарға арналған дүниетану бағдарламаларында балалардың қоршаған табиғатты бақылауына аса зор көңіл аударылады. Табиғатты тікелей бақылау негізінде балада көптеген нақтылы түсініктер қалыптасады. Табиғаттанудан сабақ беруде әдістемелік жүйенің негізін қалаушылардың бірі – А.Я.Герд «адамзат бүкіл шынайы білімді оқу арқылы емес, бақылаулар, салыстырулар, тәжірибелер арқылы игереді», – деп атап көрсеткен. Табиғатты танып білу, зерделеудің бірденбір негізгі әдісі-бақылау. Бақылау дегеніміз оқушылардың түсінік пен ұғымдарды, іскерлік пен дағдыны дұрыс қалыптастыру мақсатында тірі және өлі табиғат обьектілерін тікелей қабылдауы деп ұғынуымыз керек. Бақылау біріншіден, қоршаған болмыстан нақтылы және бейнелі түсініктер мен ұғымдар қалыптастыруға соның негізінде төменгі сыныпс оқушыларының логикалық ойлау әрекетін, ауызша және жазбаша сөзін дамытуға мүмкіндік береді.
Әдістемелек тәсілдерді білмейінше пәнді оқыту әдістерін меңгеру мүмкін емес. Дүниетану пәні бойынша ерекше сипаттағы сабақ типтері жүзеге асады. Мысалы, түсіндіріп оқыту сабағы, заттық сабақтар, тәжірибе көрсету сабағы. Түсіндіріп оқыту сабағы. Түсіндіріп оқыту сабағының басқа сабақтарға қарағанда өзіндік ерекшелігі сол бұл сабақта тек жаратылыс ғылымдары сипатындағы заттар және олар жайлы білім ғана қалыптасып қоймай оқу мен жазуға үйрету талаптары да жүзеге асады. Түсіндіріп оқыту сабақтары табиғатты және ондағы құбылыстарды танып білуде негізінен мынандай үш мәселені шешеді: 1. Балаларға табиғат туралы жаңа ұғымдар және жаңа білімдер беру; 2. Балаларды жақсы оқуға үйрету; 3. Олардың оқығандарын саналы түрде түсіне, талдай білуіне көмектесу. Сонымен бірге дәптермен жұмыс барысында жазу дағдылары да қалыптасуына мүмкіндік туады. Дүниетану сабақтарында түсіндіріп оқыту міндетті түрде көрнекі құралдарымен, экскурсия мен бақылау кезіндегі білімдерімен үйлесім таппаса түсіндіріп оқыту бос сөзділік болады. Онда түсіндіріп оқыту тек балаларды оқуға ғана машықтандырып, оқығанына мән бере алмайтын өмірден қол үзген тәсілдің бірі болып шығады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет