Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Оқу-тәжірибе учаскесі және оның дүние тануды оқытудағы маңызы



бет8/36
Дата15.06.2023
өлшемі114,61 Kb.
#101593
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36
Байланысты:
Жауаптар 2-23

Оқу-тәжірибе учаскесі және оның дүние тануды оқытудағы маңызы

Оқу-тәжірибе үлескесін ұйымдастыру. Әрбір мектептің маңында арнайы жер бөлініп, онда оқу-тәжірибе үлескесі ұйымдастырылады. Онда бастауыш сыныптарға арналған мөлтектер бөлініп беріледі. Әрбір сынып өз мөлтегінде жұмыс істейді. Оқу-тәжірибе үлескесі алдын ала мынандай бөлімдерге бөлінеді: дала өсімдіктер бөлімі, көкеніс өсімдіктер бөлімі, жемісжидектер бөлімі, әсемдік өсімдіктер бөлімі және жануарлар бөлімі. Дала өсімдіктері бөлімінің өзі 2 бөлімге коллекциялық және тәжірибелік деп бөліну керек. Коллекциялық бөлікке белгілі ретпен мәдени өсімдіктердің түрлері егіледі. Айталық; 1-бөлікке астық тұқымдастары (арпа, сұлы, бидай, тары, жүгері, күріш), екінші бөлікке бұршақ тұқымдастары (ас бұршақ, үрме бұршақ, жасымық, соя, жоңышқа, беде), 3-бөлікке тоқыма өнеркәсібіне пайдаланатын өсімдіктері (кендір, кенеп, қалақай), 4-бөлікке майлы өсімдіктер (күнбағыс, жержаңғақ, мақсары), 5-бөлікке түйнекті өсімдіктер түрлері (картоп, шалқан, сәбіз, қызылша, орамжапырақ), 6-бөлікке дәрілік өсімдіктер (жалбыз, шайқурай, валериана, тмин) егіліп, өсіріледі. Коллекция бөлімінің жалғасы тәжірибе бөлімен ұштасады. Мұнда жерсіндіру жұмыстары, вегетативті көбету тәсілдері және түрлі агротехникалық шаралар ұйымдастырылады. Мектеп маңындағы оқу-тәжірибе үлескесі білім мен тәрбие беруде үлкен маңызға ие. Тәжірибе алаңындағы жұмыстар оқушылар бойында практикалық дағдылар мен машықтар қалыптасуға, еңбекке баулуға үлкен септігін тигізеді. Тәжірибе алаңында күзгі және көктемгі топырақты 54 өңдеу, арамшөптермен, зиянды бунақденелілермен күрес жолдарын, тұқымдарды себу тәсілдерін, өсімдіктерді көбету жолдарын, олардың өнуін, өсуін бақылау, күтіп баптау жолдарын үйренеді. Оқу-тәжірибе үлескесінде жұмыс істеу үшін соған сәйкес құралжабдықтар болу керек: күрек 20 дана (жалпы ұзындығы сабымен есептегенде 85-95 см, сабының жуандығы - 3см, ) тісті темір тырма – 10 дана, тісті ағаш тырма 1-2 дана, шаршылы ұялап егуде және көшет отырғызуды белгілеуге арналған маркер қажет. Сондай-ақ, көшеттерді отырғызу үшін 5-6 дана қалақ, топырақтың қабатын қопсыту үшін кетпен, өсімдіктерді суғару үшін су құйғыштар керек. Сонымен бірге жоспарылау жұмысы кезінде үлескенің эстетикалық, көркемдік жағына аса көңіл бөліну керек. Бұл үлескеде ағаштар егу, санитарлық жұмыстар, ағаштарда құстарға арнап ұя, тамақтандыру торын орнату жұмыстарын ұйымдастыруға болады. Бұл үлкен тәрбиелік жұмыс, сондай-ақ құстарды мектеп ауласына шақыру, олардың тіршілігін бақылауға қиындық тудырмайды. Үлкен жауапкершілік, табиғатқа деген сүйіспеншілік, эстетикалық тәрбие қалыптасады. Мектеп маңындағы бұл алаң көктемде және күзде экскурсия ұйымдастыруға таптырмас табиғи орын болып табылады. Табиғаттың бұрышын ұйымдастырудың негізгі міндеттері экологиялық білім беру, тіршілікке құрмет қалыптастыру болып табылады. Табиғаттың бұрышындағы сабақта жұмыс істеу кезеңдері. Әдістер мен әдістердің ерекшелігі. Бүгін экологиялық білім беруден гөрі, шұғыл әрі маңызды міндет жоқ.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет