Жалпы мәтінді есептерді көбінесе арифметикалық және алгебралық тәсілмен шығарады:
- арифметикалық тәсіл – бұл жағдайда барлық логикалық операциялар нақты сандар арасында арифметикалық амалдарды қолдана алу білімін пайдаланылып негізгі тұжырымға сүйенеді.
алгебралық тәсіл – мұнда есеп теңдеу құру арқылы шығарылады.
Арифметикалық тәсіл есепті талқылай білуге, өз ойын анық және нақты айта білуге үйретеді. Ал алгебралық тәсілде есеп математика тіліне аударылып, оның математикалық моделі жасалады. Бастауыш мектеп практикасында мазмұнды есептерді практикалық, алгебралық, арифметикалық тісілдерге кқп назар аударылады. Мазмұнды есептерді шығарылуында алгебралық және арифметикалыөқ тәсілдер өзара байланысты. Өйткені мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару арифметикалық тәсілге негізделген. Бұл мазмұнды есеппен жұмыс істеудің жалпы тәсілдерін қалыптастыру есепті шығарудың арифметикалық тәсілінен алгнебралық тәсіліне көшу арқылы жүргізіледі деген сөз. Мазмұнды есептерді шығара білу оқушылардың іс әрекет дағдылар жүйесін меңгеруден тұрады және бірнеше кезеңнен қалыптасады.
« мазмұнды есеппен таныстыру, жай мазмұнды есептерді арифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалфптастыру; құрама мазмұнды есептермен таныстыру және құрама мазмұнды есептерді арифметикалық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру; жай мазмұнды есептерді алгебралық тәсілмен шығару іскерліктерін қалыптастыру. Әрбір келесі кезең басталғанда алдыңғы кезең аяқталмайды, өйткені есептердің жаңа түрі пайда болады. есептегі құрайшылардың арасындағы байланыстар ұлғая түседі., ол байланыстардың сипаты күрделене түседі. 1-4 сынып оқушылары мазмұнды есепті талдау іскерлігін жеткілікті меңгеруі үшін мынадай жалпы тәсілдерді ұсынуға боады: есептегі нақты мысалдарды (заттарды) оның моделімен ауыстыру; есептің обьектілерінің арасындағы байланыстарды таңбалар арқылы бейнелеу; дайын графиктік модель бойынша есеп обьектілерінің арасындағы байланысты түсіндіру; графиутік модель бойынша есепті құру.