Сауықтыру гимнастикасы:
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды.
Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады. Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика-жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады. Екіншісі спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу. Көркем гимнастика - қыз баларды дене - шынықтыру тұрғысында дайындық барысындағы негізгі құрал. Жаттығулар үйлесімді қабілеттіліктерді, икемділікті, ептілікті, жылдамдылықты, төзімділікті жетілдіруге бағытталған. Барлық бұлшық ет топтарының бірқалыпты дамуына байланысты қыз балаларда жеңілділік, сымбаттылық және қозғалысының еркінділігі қалыптастырылады. Көркем гимнастикада пайдаланылатын музыкалық тәрбиелеу эстетикалық тәрбиеге, музыканы естуге және тыңдауға көмегін көрсетеді.
Негізгі көркем гимнастика жан-жақты үйлесімді дене жынықтыруға, денсаулықты нығайтуға, мүсіннің қозғалыс функцияларының нығаюына бағытталған.
Гимнастикамен балеттің өзара байланысы салдарынан - әрбір қозғалыстың үйлесімділігі мен сымбаттылығы жетілдіріледі (оның ішінде пластика, ритм, сымбаттылық, әртістілік). Кез келген бидіің негізінде базалық және негізгі сабақтарды беретін классикалық хореография болып келеді (созымдылық, икемділік, күшті жаттығулар). Аталған хореография күнделікті өмірде де қажет - жақсы мүсін, ырғақты жүріс. Кеңістікте жақсы тұрып дәлірек бейімделу үшін акробатика көмектеседі - кез келген бидің және спорт түрінің ажырамас бөлігі.
Спорттың аталған түрімен қыз балалр ерте жастан бастап айналыса алады. Сымбатты мүсін мен ырғақты жүрі, музыканы тыңдау мен түсіну, жалпы әдемі болу қабілеттілігі тез арада игеріледі. Бірақта, бұл тек басы ғана. Маңызды спорт жетістіктеріне жеткісі келетін қыз балалар өз армандарына жете алады. Әлемде спорт неше түрлі спорт түрі бар. Дегенмен, тек қана көркем гимнастика қыз балалар үшін шексіз айналысуға рұқсат береді.
Достарыңызбен бөлісу: |