Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі диссертациялық
зерттеудің теориялық негізде дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми
аппаратқа сәйкестілігімен, қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес қажетті әдіс-
тәсілдерді кешенді пайдаланумен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының
жоспары жүйелілігімен, алынған зерттеу нәтижесінің нақтылығымен,
дәйектілігімен, сенімділігімен сипатталады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен енгізу: Зерттеу нәтижелерін
сынақтан өткізу педагогикалық эксперимент жұмысын жүргізу барысында
жүзеге асырылды. Зерттеудің негізгі бағыттары мен нәтижелері Республикалық
халықаралық конференцияларда – екі (2), ал, шетелдік халықаралық
конференцияларда – екі (2), 4 (төрт) мақала – Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы Ереженің 16 –
тармағының 121 тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін ғылыми
қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми
басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарық көрсе, екі (2)
мақала – халықаралық ақпараттық компаниясының деректер базасында
индекстелетін Scopus (Скопус) журналында жарық көрді.