Саурыкова жулдыз мейрхановна


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



Pdf көрінісі
бет4/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................132-141 
ҚОСЫМША.................................................................................................142 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



 
КІРІСПЕ 
 
  Зерттеудің өзектілігі. Білім туралы Заңда «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық  желілерге  шығу»    деп  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  дамыту 
міндеттері көзделген [1].  
Бұл  міндеттерді  шешу  үшін   «Білім  негізі  –  бастауышта»  қағидасын 
басшылыққа  ала  отырып,  бастауыш   сыныптан  бастап   білім  беру  қазіргі 
ғылымның,  мәдениеттің,  ғылыми-техникалық  үдемелі  даму  деңгейіне  сай 
болуы керек. Жалпы білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс 
пен  қоғамдық  дамудың  жаңару  үдерісіне  тікелей  ықпал  жасайды.  Сондықтан 
қазіргі  таңда  мектептегі  оқыту  үдерісінде  пәнаралық  байланыс  ерекше 
көкейтесті орын алып отыр және жалпы педагогикалық маңызға ие болуда. 
  Жаңартылған  бағдарлама  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 
дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының 
мақсат-міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, 
өз кезегінде білім беру саласында көш бастап келетін Франция, Сингапур және 
Ұлыбритания  секілді  прогресшіл  елдерге  тән    заманауи  мақсаттармен    және 
құндылықтар жүйесімен барабар [2].  
Бағдарламаның  жетекші  мақсаты  әрбір  ел  үшін  маңызды  болып 
табылатын  рухани,  мәдени  және  адамгершілік  құндылықтардың  негізінде 
жастарды  өз  елінің  мәдениетін  құрметтеуге  тәрбиелеу;  екіншіден  (бұл  да 
маңызды аспект) – жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және 
табысты  болуға  мүмкіндік  беретін  дағдылары  мен  түсініктерін  дамытуға, 
өмірлік  жағдайларда  өз  білімдерін  қолдануға  ықпалын  тигізетін  сын 
тұрғысынан ойлауға үйретуді қамтиды. 
Демек,  бастауыш  сыныптарда  жаңартылған  білім  мазмұны  негізінде 
оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiне көшуге бетбұрыс басталды. Әр сыныптың 
оқу  бағдарламаларындағы  бөліктер  мен  оқулықтардағы  ортақ  тақырыпқа 
негізделген  білім  мазмұны  оқу-әдiстемелiк  топтаманың      жаңаша  нұсқасы 
бойынша оқытылды.  
2016-2017  оқу  жылынан  бастап  Қазақстандағы  барлық  мектептерде 
Назарбаев  зияткерлік  мектептерінің  тәжірибесіне  сәйкес  жаңартылған  білім 
мазмұны бірінші сыныптарға енгізілді. 
Қазіргі  кезеңдегі  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  болашақ  мамандығына 
байланысты  әрбір  балаға  тереңірек  білім  беру,  білімді  өзгермелі  өмір 
жағдайларына  пайдалана  білу  дағдысын  қалыптастыру.  Сондықтан  қазіргі 
қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  әлеуметтік-экономикалық  өзгермелі 
жағдайларда  өмір  сүруге  дайын  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны 
жақсартуға  игі  ықпал  ететін  шығармашылық,  белсенділік,  әлеуметтік 
жауаптылық,  жоғары  интеллектілік,  терең  білімділік,  кәсіби  сауаттылық,  т.б. 



 
жеке  тұлғалық  қасиеттерін  меңгерту  болып  саналады.  Қоғамның  өзгеруімен 
байланысты білім беру әдістері де, білім көлемі де үнемі өзгеріп отырады. Ол 
білім 
беру 
заңдылықтарына 
байланысты 
өзгеріп 
дамиды. 
Жаңа 
технологияларды  сабақта  қолданудың  тиімділігін  әрдайым  арттырып  отыру 
қажет. Осы  жерде  жеке  пәндердің  оқу  материалдарын  өзара  байланыстырып 
немесе  кіріктіре  оқытудың  жайына  сипаттама  берудi  және  оны  оқытуды 
жетiлдiрудiң бағыттарын анықтау орынды [3].  
Бастауыш сыныптарда пәнаралық байланыс негізінде оқытудың мақсаты 
мен  мiндетiн  анықтауда  жаңартылған  оқу  бағдарламасында  жаңа  әдіс-
тәсілдерді  пайдалану,  сол  арқылы  оқу  бағдарламаларының  бөліктері  мен 
оқулықтағы ортақ тақырыптар мазмұны арқылы танымдық және тілдік қарым-
қатынасты меңгерту, iс-әрекет пен өздiгiнен бiлiм алуға және еңбекке бейiмдеу, 
бастауыш сынып оқушысын тұлға ретiнде қалыптастыру және жеке болмыстық 
бітімін өмiрде болып жатқан нақты құбылыстарды жалпылауға және қоршаған 
ортаны  ғылыми  таным  тұрғысынан  танып-бiлуге  дайындап,  дамыту  қажеттiгi 
айтылған. 
Бүгінгі  таңда  алға  қойылған  мақсаттарды  іске  асырушы  басты  тұлға  –
мұғалім  екені  ақиқат.  Білім  беру  саласында  жүргізілген  әлемдік  зерттеулер 
нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерістерінің қажетті 
дағдылары  мен  терең  түсініктерін  игерген  мұғалімдер  жастардың  білімін 
сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр. 
Бастауышта білім беру мазмұнын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері 
–  оқушылардың  ақыл-ойын,  дене  күш-қуатын  жан-жақты  дамыту,  дүниеге 
ғылыми  көзқарастарын  қалыптастыру  және  оларды  қоғамдық  өмірге,  еңбекке 
дайындауға  негіз  болатын  білімдер  мен  іскерліктердің  және  дағдылардың 
көлемі  мен  бағытын  айтамыз.  Білім  берудің  мазмұны  ең  алдымен  қоғамның, 
мектептің алдына қоятын мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Сонымен 
бірге  оқудың  мазмұнын  анықтауда  дидактиканың  талаптары  да  ескеріледі, 
себебі соның негізінде ғана қай жаста, қандай көлемде, қандай пәндерді оқуға 
болатындығын дұрыс шешуге болады. 
Бастауыш саты – оқушы да,  оның интелектісі дамуының іргетасы  – оқу 
әрекеті  қалыптасуының  қуатты  жүретін  кезеңі.  Оқу  әрекетінің  мазмұны    оқу 
тапсырмалары    түрінде  құрылады.    Оқушы  әртүрлі  оқу  тапсырмаларын  
өздігінен    орындауының  ортақ  тәсілдерін,    оқу  әрекетін  бақылап-бағалаудың 
нәтижесін  эталонмен салыстыруды меңгереді. 
  Тұлға  дарындылығының  табиғаты,  қабілеті,  дамуының  қайнар  көзі 
шығармашылық  мүмкіншіліктерінің  психологиялық  құрылымы  болып 
табылады.  Мұның  барлығы  арнайы  ізденісті  қажет  етеді.  Қазіргі  психология, 
педагогика  ғылымдарында  осы  мәселеге  қатысты  зерттеу  жұмыстары 
жүргізілуде.  Мысалы:  Я.А.Пономарев  [4],    Н.С.Лейтес  [5],  ал  сонымен  қатар 
білім  беру  мен  оқыту  теориясында  пәнаралық  байланыс  жөнінде  өзіндік 
пікірлерін ұсынған педагог-ғалымдар педагогика ғылымының даму тарихына өз 
үлестерін қосты. Я.А.Коменский [6], Д.Локк [7], И.Г.Пестолцци [8] және қазақ 
ғалымдары  Ы.Алтынсарин  [9],  А.Байтұрсынов  [10],  М.Дулатов  [11], 



 
М.Жұмабаев [12], т.б. педагогтар оқытудағы пәндерді бір-біріне интеграциялау 
мәселесін өз еңбектерінде атап өткен.   
  Бастауыш  мектепте  пәнаралық  байланыс  бірқатар  педагогикалық 
ұйымдастыру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Қазіргі кезеңде пәнаралық 
байланыс  педагогикалық-психологиялық  жағынан  да  зерттелуімен  қатар, 
философиялық  тұрғыдан  да  көптеген  ғалымдар  еңбектерінде  қарастырылған. 
Пәнаралық  байланысты  дүниеде  барлық  заттың,  құбылыстардың  бірімен-
бірінің  өзара  байланыстылығы  туралы  философиялық  деңгейден  қарастырған 
шетелдік  ғалымдар  В.В.Давыдов  [13],  И.Д.Зверев  [14],  Р.Г.Лемберг  [15], 
В.Н.Максимова  [16],  В.Н.Малахов  [17]  т.б.  болды.  Ал,  отандық  ғалымдардан 
А.А. Бейсенбаева [18],  Ә. Мұханбетжанова [19],  Г.К. Шолпанқұлова [20],  Т.Б. 
Байназарова [21], М.Абдрасилов [22], Д.Ж.Кішібаева [23], А.А.Куралбаева [24], 
т.б.  ғалымдар  осы  бағыттағы  мәселе  бойынша  ғылыми  зерттеулер  жүргізіп, 
еңбектер  арнады.  Оқушының  өз  болмысын  тануға  көмектесіп,  қабілетін  ояту, 
жаңа  рухани  күш  беру  білімнің  ең  маңызды  мақсаты  болып  табылады. 
Негізінен,  оқу  пәндері  әр  ғылымның  логикасына  сүйенетіндіктен,  олар  бір-
бірінен өз алдына оқшауланып, бөлектенбейді.  
Қазіргі  педагогика  ғылымында  дидактикалық  ұстанымдар  білім 
мазмұнының  негізін  құраушы  құрылым  бөлігі  болып  есептелгендіктен    оқыту 
үдерісіндегі  пәнаралық  және  пәнішілік  байланыстылық  ұстанымының  өзіндік 
маңызы бар. 
Жалпы  білім  беретін  мектеп  мұғалімдерінің  пәнаралық  білімдер  мен 
іскерліктерді игеруі – оқу үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру 
үшін алғы шарт. 
Бастауыш 
сынып 
оқушыларына 
жаңартылған 
білім 
мазмұны 
бағдарламасы жүйесінде бөлім мен оқулықтарға негізделген ортақ тақырыптар 
бойынша  педагогикалық  үдерісті  ұйымдастырудың  теориялық  негізін 
нақтылау;  бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшелігіне  сәйкес  төл 
оқытуларды  тәжірибеден  өткізуді    іске  асыру;  сабақ  және  сыныптан  тыс 
жұмыстарда пәнаралық байланыс құру – бұлар жаңартылған білім мазмұнының  
міндеттері болып табылады. 
Бастауыш  сынып  оқушыларын  оқыту  –  қазіргі  оқушы  тұлғасының 
болмыс  бітімі  мен  санасының  дамуындағы  ғылыми  танымды  дамытудың 
қарқынды  жүзеге  асатын    ерекше  құнды,  қайталанбас  кезең.  Бастауыш 
сыныптардағы пәнаралық байланыс негізіндегі педагогикалық үдерісті жүргізу 
–  жаңа  білім  мазмұнын  оқытуды  теориялық  жағынан  негіздеп,  мазмұны  мен 
шарттарын  анықтап,  әдістемесімен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Осының 
нәтижесінде  еліміздің  білім  беру  жүйесіне  өзгерістер  енгізіліп,  білім  мазмұны 
жаңа  бағдарламалар  аясында  жүзеге  асырылуда.  Бүгінгі  қазақстандық  қоғам 
дамуында 
жаңартылған 
білім 
мазмұнының 
мектеп 
тәжірибесіндегі 
педагогикалық  үдеріске  енуі  –  қазіргі  кездегі  ел  экономикасының  дамуымен 
тікелей байланысты болып табылады.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың    
2016-2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  жаңартылған  бағдарламасы 



 
бекітілді.  2016  жылдан  бастап  1-сыныптар  жаңартылған  білім  беру 
бағдарламасымен оқытыла бастады. Осыған орай бастауыш сыныпқа арналған 
оқу  бағдарламаларындағы  оқу  мақсаттары  оқушылардан  шынайы  өзекті 
мәселелерді  анықтап,  зерттей  білуді  талап  етеді.  Мұнда  бастауыш  білім  беру 
кезеңінде  пәнаралық  байланыс  сабақтарын  жеке  пәндердің  оқу  материалдары 
арқылы  өзара  байланыстырып,  кіріктіру  арқылы  ұйымдастырылатын 
педагогикалық  үдерістің  мүмкіндіктері  және  оны  оқу-тәрбиеде  пайдаланудың 
қазіргі  жағдайының  арасында,  мәселен,  бүгінгі  ұрпақтың  білім-таным 
сұранысындағы  талап-тілектер  мен  оқушылардың    ғылыми  дүниетанымын 
қалыптастырудың  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  айқындаудың  өзектілігі, 
бұған қоса,  жаңартылған білім  мазмұндағы  оқу  бағдарламасын  педагогикалық 
тәжірибеге  ендірудің  ғылыми-әдістемелік  тұрғыдан  жеткіліксіздігі  арасында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет