Саурыкова жулдыз мейрхановна



Pdf көрінісі
бет42/84
Дата27.02.2022
өлшемі3,24 Mb.
#26504
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84
Байланысты:
Саурыкова-Ж.-диссертация (2)

  Төменгі  деңгей.  Жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер 
мен  ортақ  тақырыптар  ақылы  бастауыш  сыныптағы  пәнаралық  байланыс 
материалдарына  жататын  ұғымдарды  танып,  анықтай  алмайды,  ықылассыз 
қарастырады,  көріп-білгендерін  ажыратып  айтып  бере  алмайды,  жеке 
оқулықтардағы  бөлімдер  мен  ортақ  тақырыптар  ақылы  пәнаралық  байланыс 
материалдарының  маңыздылығын  жете  түсінбейді.  Берілген  жаттығу  мен 
тапсырмаларды орындауға құлшыныс білдірсе де, жауапкершілік танытпайды, 
оны мұғалімнің көмегінсіз дұрыс орындай алмайды. 
Зерттеу  жұмысы  барысында  бастауыш  сынып  оқушыларының  ғылыми 
дүниетанымын қалыптастыру мектеп пен өмірді, оқыту мен өмірлік тәжірибені 
байланыстыруды,  жан-жақты  дамыту  мен  толық  тәрбие  беруде  пәнаралық 
байланыс 
материалдарының 
маңыздылығына 
еліміздегі 
мектептердің 
жаңартылған білім мазмұнына көшуде үлкен мән беру бағытымен анықталуда. 


121 
 
Жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар 
арқылы  бастауыш  сыныптағы  пәнаралық  байланыстардың  жүргізілу 
жұмыстары  зерттелуі,  оның  нәтижесінде  мектептерде  пәнаралық  байланыс 
жұмыстарын ұйымдастырудың кейбір қайшылықтары анықталды: пәнаралық 
байланыстың  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  маңыздылығына  қарамастан,  пәнаралық 
баланыс  жұмыстарына  өз  деңгейіне  мән  берілмейді;  жаңартылған  білім 
мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен  ортақ  тақырыптар  ақылы  бастауыш 
сыныптағы 
пәнаралық 
байланыстар 
негізінде 
ғылыми 
дүниетаным 
қалыптастыруға  тигізер  ықпалы  жайлы  зерттеу  жұмыстары  өте  аз;  бастауыш 
сынып  мұғалімдерінің  жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен 
ортақ тақырыптар ақылы пәнаралық  байланыс материалдарын жинау, оларды 
сабақтарда кеңінен қолдану дәрежесі орташа. 
Бастауыш  сынып  мұғалімдерімен  жүргізілген  сауалнама  мынадай 
мәселелердің  басып  ашып,  айқындап  берді:  мұғалімдердің  көпшілігі  тек 
оқулықта берілген мәтінің мазмұнын түсіндіруге тырысады, оның өзін де толық 
ашып  түсіндіре  алмайды;  пәнаралық  байланыс  материалдарын  жинақтаудың 
әдіс-тәсілдерін,  түрлерін  нашар  меңгеретіндіктен,  пәнаралық  байланыс 
материалдарын 
сабақта 
пайдалану 
тәжірибелерінің 
аздығы 
және 
жетіспейтіндігі;  жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен  ортақ 
тақырыптар  ақылы  пәнаралық  байланыс  материалдарын  пайдаланудың,  ол 
материалдарды жинақтаудың әдіс-тәсілдері мен бағытын көрсететін әдістемелік 
құралдар мен нұсқаулардың жоқтығы. 
Жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен ортақ тақырыптар 
арқылы 
бастауыш 
сынып 
оқушыларының 
пәнаралық 
байланыста 
дүниетанымын  қалыптастыруды  жүзеге  асырудың  педагогикалық  шарттарын 
төмендегідей көрсетуді жөн деп санадық: бастауыш сыныптарда жаңартылған 
білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен  ортақ  тақырыптар  ақылы  пәнаралық 
байланыста 
оқушылардың 
ғылыми 
дүниетанымын 
қалыптастыруға 
мүмкіндіктер  туғызу;  жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен 
ортақ  тақырыптар  ақылы  бастауыш  сыныптағы  пәнаралық  байланыс 
материалдарын  оқу-тәрбие  үдерісінде  пайдаланудың  жүйелі  әдістемелік 
жұмыстарын  дамыту;  жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен 
ортақ тақырыптар ақылы бастауыш сыныптарда пәнаралық негіздегі сыныптан 
тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  және  оларды  әрдайым  дамытып  отыру; 
бастауыш  сынып  оқушыларының  техникалық  білімін  жетілдіру  мақсатында 
жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен  ортақ  тақырыптар 
ақылы  алғашқы  қарапайым  элементтерімен  байланысын  арттыру;  бастауыш 
сынып  оқушыларының  өзіндік  және  жас  ерекшеліктерін,  жаңартылған  білім 
мазмұнында  берілген  бөлімдер  мен  ортақ  тақырыптар  ақылы  оқушылардың 
қызығушылықтарының  басым  екендігін  ескеру,  олардың  жеке  тұлғалық, 
қоғамымыздың  мәдени-эстетикалық  мүддесіне  негізделген  педагогикалық 
қызметті  жүйелі  жолға  түсіру;  Жаңартылған  білім  мазмұнында  берілген 
бөлімдер  мен  ортақ  тақырыптар  ақылы  бастауыш  сынып  оқушыларының 
пәнаралық  байланыста  ғылыми  дүниетанымын  қалыптастыру  мәселесіне 


122 
 
арналған  сабақ  үлгілерін  беретін  әдістемелік  нұсқаларды  жаңашылдық  әдіс-
тәсілдер негізінде жүйелеу. 
Эксперименттік  зерттеу  жұмыстарымыз  жоғарыда  аталып  өткен  жалпы 
білім  беретін  орта  мектептердің  бастауыш  сыныптарында  үш  кезеңде,  яғни 
анықтау,  қалыптастыру,  бақылау  кезеңдерінде  жүргізілді.  Экспериментке  
барлығы  -  342  қатысты.  Оның  172-оқушысы  эксперименттік  сыныптар  тобын 
құраса  ал,  170-оқушы  бақылау  сыныптар  тобын  құрады.  Әрбір  кезең  нақты 
педагогикалық,  психологиялық  және  әдістемелік  міндеттерді  анықтауды 
көздеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет