123
пәнаралық байланыс материалдарын өз деңгейінде пайдаланбайды, бұның өзі
оқушылардың ғылыми дүниетанымының қалыптасуына кері әсерін тигізеді;
мұғалімдер пәнаралық байланыс материалдарын саралап, қолдану жүйесін
нашар біледі; оқушылардың қоршаған ортасындағы өзгерістер мен
жаңалықтарға деген ықыласы аз; оқушылармен бақылау, тәжірибе жұмыстары
да аз жүргізіледі; бастауыш сыныптың мұғалімдеріне пәнаралық байланыс
мәселелерін талдайтын арнайы әдістемелік құралдың болмауы; мұғалімдердің
пәнаралық
байланыс
жұмыстарын
ұйымдастыру
шеберліктерін
дамытпайтындығы және жаңартылған білім мазмұнында берілген бөлімдер мен
ортақ тақырыптар арқылы үйрету тәжірибелерінің аздығы оқушыларға
оқулықтағы оқу материалдарының негізінде пәнаралық байланыс арқылы
ғылыми дүниетанымын қалыптастыру деңгейінің төмендігіне себепші болған.
Анықтау экспериментінің нәтижесін 1-кестеден көруге болады. Бұл кесте
бойынша пәнаралық байланыс материалдарының пәрменділігі мен ықпалын
арттыруда ғылыми негізделген әдістеменің қажеттілігін байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: