Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Сайлау жүйелері және олардың түрлері



бет12/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51
Сайлау жүйелері және олардың түрлері

Сайлау жүйесі ұғымы әдетте екі — тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — Қазақстан Республикасындағы сайлауды өткізу мен ұйымдастыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар жүйесі. Оған сайлау комиссияларын құру мен олардың қызметі, сайлау округтерін, учаскелерін құру, сайлау алдындағы үгіт-насихат, сайлаудың қорытындыларын анықтау, т. б. жатады. Tap мағынада сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауға қатысқан кандидаттардың немесе саяси партиялардың жеңімпаздарын анықтау жүйесі. Бүгінгі таңда әлемде мажоритарлық және пропорционалды сайлау жүйелері кең тараған.
Мажоритарлық жүйе (фр. majorite — басым көпшілік деген сөзінен шыққан) — сайлаушылардың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. Ол көптеген (АҚШ, Франция, Ұлыбритания, т.б.) елдердің президент, парламент депутаттарын сайлауда қолданылады.
Мажоритарлық жүйенің екі түрі бар:
1) абсолютті көпшілік:
— егер дауыс беруге таңдаушылардың елу пайыздан астамы қатысқан болса, сайлауды өтті деп жариялаған жағдайда;
— дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының елу пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналатын жағдайда.
2) салыстырмалы көпшілік:
— қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып саналған жағдайда.
Пропорционалды сайлау жүйесі дегеніміз — сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі.
Пропорционалды сайлау жүйесіне сәйкес сайлауға тек саяси партиялар қатысады. Саяси партиялар Мәжіліс депутаттығына сайлану үшін партиялық тізімдер жасайды. Тізімге адамдарды орналастыру тәртібін партиялардың өздері анықтайды. Дауыс беру кезінде сайлаушылар өз дауыстарын нақты депутаттыққа кандидатқа емес, белгілі бір партияға береді. Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлауға қатысушылар санының жеті және одан да көп пайызын жинаған партия жеңімпаз болып саналады.
Аралас жүйеде Парламент немесе жергілікті органдар мажоритарлық және пропорционалды жүйенің екеуімен де сайланады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет