Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Саяси идеологиялар түсінігі мен түрлері



бет20/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Саяси идеологиялар түсінігі мен түрлері

Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі.
"Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:
1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.
2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, əлеуметтік прогресс, тұлға жəне билік жəне т. с. с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның ісəрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.
3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-əрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, əлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады.
4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-əрекетті түсіндіру тəсілі болып, идеология əлеуметтік шиеленістерді бəсеңдетеді. Ұсынылған мұраттар сəтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.
5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі жəне болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тəртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.


Саяси идеологияның кеңінен таралған келесі түрлері бар:

  • Либерализм. Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейді.

  • Социализм. Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты ілім. Қазіргі кезде социализм теорияларын бірнеше топтарға бөлуге болады:



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет