Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Мемлекет түсінігі, белгілері мен міндеттері



бет13/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
Мемлекет түсінігі, белгілері мен міндеттері

Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісіне саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.
Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет – қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.
Мемлекеттің белгілері мыналар:

  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс,аудан,…) бөлінеді(ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

  • мемлекеттің ең маңызды белгісі- оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;

  • мемлекет әскерді полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелердеқызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік- құқықтық актілершығарады, солардың көмегімен қоғамда тәртіп орнатады.

Мемлекет бірқатар маңызды фунциялар атқарады. Бұдан II ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисті Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша, «табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті үш функцияны атқаруы керек.

  1. қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдардың басып кіруінен қорғау;

  2. мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;

  3. жекеленгенадамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін, белгілі бір қоғамдық мекемелер ұстау міндеттілігі». Үкімет ерікті қоғамды сақтау және нығайту бағытында шаралар жүргізуі керек.




  1. Билік формалары

Мемлекеттік басқару формасы — мемлекеттiк билiк ұйымын, жоғарғы мемлекеттiк органдардың жүйесiн мiнездейтін мемлекет формаларының элементерінің бірі.
Басқару формасы, тар мағынада — мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының ұйымы дегенді білдіреді.
Ал ауқымды мағынада алғанда, басқару формасы — бұл мемлекеттің бүкіл органдарының өзара әрекет етуі және ұйымдасу әдісі.
Үкімет түрін, яғни басқару формасын мемлекеттік құрылым түрлерімен және мемлекеттiң саяси тәртiбiмен шатыстырмау қажет. Бұл үшеуі біріге отырып, бір-бірін толықтыра отырып мемлекет формасын құрайды.
Басқару формасы мемлекеттің келесі сипаттамаларын көрсетеді:

  • мемлекеттің жоғарғы билік органдарының құрылуын, құрылымын,

  • мемлекеттік органдардың арасындағы өзара әрекет етуінде жатқан принциптерін,

  • жоғарғы билік пен қатардағы азаматтарды арасындағы өзара қарым-қатынастың құрылуын





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет