Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері


Дәріс № 3 Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат



бет3/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Дәріс № 3 Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат.

1. Саясаттануды зерттеудегі ғалымдардың көзқарастарының дамуы

2. Саясаттанудың қоғамдық өмірдегі маңызы мен ролі

1. Қазақ жеріндегі ойшылдар.

Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады. 2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады.

Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.

Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Ішкі Ресейдегі шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан (1861) кейін қазақ жеріне бақ-дәулет іздеп, күнкөріс қамымен көшіп келушілер саны арта түскен. Одан, патша үкіметінің қазақ жер-суын мемлекет меншігі деп жариялауына (1891) орай, сырттан келіп қоныстанушыларға - орыс шаруаларының қазақ арасына кіріп өз қожалығын құруы арқылы жаңа жер игеруіне кең жол ашылды. Осылай ету арқылы патшалық билік орталықта шиеленісе түскен шаруалар қозғалысын әлсіретуден үміттенген-ді. Сол оймен “қазыналық жерлерді” (қазақ жер-суын) жеке адамдарға бөліп беру туралы заң шығарды (1901). Қоныс аударту басқармасын құрып, қазақтардан тартып алынған жерлерді “қоныс аудару қоры” есебіне алды. Қазақстан жерінің асты-үстіндегі байлықтарға түгел тұзақ салынып, бәрін орыс және шетел капиталы биледі. Қазақтың жер қойнауы және дәстүрлі шаруашылығы өнімдері арсыздықпен таланып, қанаушылық жолмен сыртқа тасып әкетіле берді. Өстіп, Қазақтар Ресей өнеркәсібін өркендету үшін арзан шикізат өндіріп алатын тау-кен және ауылшаруашылық базасына айналдырылды. Және, әсіресе сорақысы - қазақтардан барлық орман-тоғайлар, құнарлы, шұрайлы жерлер, ірі сулардың (Жайық, Ертіс, т.б.) жағалаулары, егіншілікке қолайлы ата-қоныстары тартып алынды. Қазақтар шөл және шөлейт аймақтарға ығысуға мәжбүр болды. Кедейленген, қайыршылыққа ұшыраған көшпелілер жатаққа айналды, оларды түрлі кәсіпшіліктер жалдап, арзан жұмыс күші ретінде, ауыр жұмыстарға салып пайдаланды. Қазақ еліне тереңдей енген Ресейдің капиталистік экономикасы, осылай, жергілікті халықты аяусыз қанап, езу жолымен даму бағытын ұстанды.


Әдебиет:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет