Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері



бет5/16
Дата29.04.2022
өлшемі191 Kb.
#32827
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
лекция жинағы политология (1)2021-22

Дәріс № 5 Саяси элиталар және саяси көшбасшылық
1. Саяси элита мазмұны

2. Саяси элита қалыптасу жолдары

"Элита" термині француздың "elite" деген сөзінен шыққан, сүрыпталған, тандалған, іріктелген деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырдан бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады. XX ғ. бастап саясатгану мен әлеуметтануда білімі, байлығы, беделі, билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді.

Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші тандаулылар-ға және олардың дегенін істейтін бағаныштыларға бөлу идеясы өте ертеден бастау алады. Мысалы, Конфуций (б.з.б. 551-479) адамдарды асыл азаматтарға (билеуші элитаға) және теменгі (қара-пайым) адамдарға бөлді. Платон билеуші-философтарға, әскер-лерге, егіншілер мен кәсіпшілерге ажыратты. Алайда элитарлық теорияны көзқарасгар жүйесі ретінде XX ғ. басында италия ғалымдары Г. Моска, В. Парето, неміс Р. Михельс және т.б. қалыптас-тырды.

Гаэтано Моска (1854—1941) элита теориясын "Саяси ғылым негіздері" (1896) деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені (мәртебені) жатқызды. Осы үш қасиет, оның ойынша, адамға басқарушылар (элита) қатарына кіруге есік ашады. "Элита" терминін ғылыми айналымға енгізген Валъфредо Па­рето (1848-1923). "Жалпыға бірдей социология трактатында" (1916) ол "элиталардың айналу" теориясын жасады. Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны үсынуының арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мүндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, дейді олар, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып қоғамдыалға жылжытып отырады.

Роберт Михелъс (1876—1936) "Саяси партиялар, демократияның олигархиялық үрдістері туралы очерк" (1911) деген еңбегінде "олигархияның темірдей заңын" шығарды. Оның ойынша, бүқара халықтың өзін-өзі ұйымдастыруга және басқаруға қабілеті жетпейді. Парламентах демократия жағдайында кейбіреулер жұртшылықтың қолдауына ие болды. Сөйтіп кәсіби дайындалған адамдардан тұратын басқару аппараты пайда болады. Ол көпшіліктен біртіндеп алшақтайды. қоғамның қарапайым мүшелеріне өздерін қарсы қояды. Соның нәтижесінде билікті өз қолдарынан шығармай, сақтап қалуға тырысатын томаға-тұйық дөңгелек, шеңбер пайда болады. Мұнда ат төбеліндей байлар са­яси және экономикалық билікке ие болады. Халықтың егемендігі, билігі дегеннің бәрі бос қиял. "Олигархияның темірдей заңы" осы дейді Р. Михельс.

Американың саясаттанушысы Райт Миллс (1916-1962) "Билеуші элита" атты еңбегінде АҚШ-тың XX ғ. ортасындағы элитасынаталдау жасайды. Ол элитаны мәртебелер және стратегиялық рөлдер атқаратын топ деп анықтайды. Франция саясаттанушысы Р.-Ж. Шварценбергер "Абсолюттік қүқық" деген еңбегінде қазіргі элитаны жабық каста ретінде сипаттайды. Францияда ол саясаткерлерден, жоғары әкімшіліктерден және іскер адамдардан түратын биліктің үш-бүрышын қүрайды. Олар үкіметті қалыптастырады, мемлекетті билейді, ірі корпорациялар мен банктерді басқарады.

Сонда қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар қандай? Оларға мыналар жатады: 1) қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілеті бар кәсіби басқарушылар керек; 2) адамдардың психологиялық (туа біткен) және әлеуметтік (оку, тәрбие барысында қолы жеткен) теңсіздіктері; 3) қоғамда баскарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырылады; 4) бүқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы (күнделікті өмірде әркім саясаттан шалгай өз жүмысымен айналысады).


Әдебиет:

1.Жамбылов Д. Саясаттану. А., 2003

2.Қуандық Е. Саясаттану. А., 2001



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет