Саясаттану ғылым ретінде



бет6/43
Дата06.03.2022
өлшемі72,21 Kb.
#27155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Саяси режимдер.

Саяси режим - саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым. Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына ықпал етеді. Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір саяси режимді қалауын қалыптастырады. Саяси режим деп саяси билікті жүзеге асыруға қолданатын әдіс-тәсілдердің жиынтығын және қоғамдағы еркіндік деңгейін айтамыз. Қазіргі кезде саяси режимдерді үлкен екі топқа бөледі: демократиялық және антидемократиялық режимдер. Демократиялық режимге халықты биліктің қайнар көзі деп санап, оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жаңдайлар жасалған биліктің түрі, қоғамның мемлекеттік-саяси құрылысы жатады. Мұндай тәртіпте азаматтардың негізгі құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беріледі. Саяси мәселелер ашық талқыланады, биліктің шектен тыс шоғырлануына жол берілмейтін тетіктер жасалады, азаматтарға қолайлы құқықтар мен еркіндіктер, олардың саяси көңілін білдіру түрлері айқыедалады, жалпыға бірдей сайлау құқығы орнатылады. Антидемократиялық режимдер

Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Онды өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі – бәрі тек мемлекеттің бақылауында болады. Сөз бостандығы болмайды. Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.

Авторитарлық режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде және т.б. елдерде қалыптасқан.

Авторитарлық режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Қоғамда сайлау, көппартиялық жүйе қалыптасқанымен ол мемлекетке тәуелді. Азаматтар биліктен алшақтатылған, билікті бақылай аламйды. Басқарудың күш көрсету құралдарын пайдалана отырып жүргізілетінін көруге болады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет