Саясаттану ғылым ретінде


Саяси жүйелер түсінігі, құрылымы мен элементтері



бет7/43
Дата06.03.2022
өлшемі72,21 Kb.
#27155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
Саяси жүйелер түсінігі, құрылымы мен элементтері

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т.б. жатады.Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді. Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу. Саяси жүйе- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси жүйе құрылымы:1. Саяси институттар 2. Саяси қатынастар 3. Саяси ережелер 4. Саяси мәдениет

Cаяси институттар - қоғамдық, топтық, жеке маңыздағы нақтылы мақсаттарға жету үшін немесе аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін адамдардың бірлесуі. Cаяси қатынастар - саяси билікті пайдалану, оған ие болу және оны қайтадан бөлу төңірегіндегі саясат субъектілерінің өзара қарым-қатынасы. -Саяси ережелер - адам мінез-құлқының бірыңғайлығын теориялық түрғыдан түсіндіретін саяси ғылым ұғымы. -Саяси мәдениет (ағылш. political culture, ағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет