Саясаттану ғылым ретінде


САЯСИ ПАРТИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ



бет9/43
Дата06.03.2022
өлшемі72,21 Kb.
#27155
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43
САЯСИ ПАРТИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ

Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болады. Бірақ шексіз әкімшілік билеген дәуірде олардың айтарлықтай маңызы болмады. Еңбекші топтар болса экономикалық бытыраңқылық пен рухани езгінің астында еді. Сондықтан олардың саяси партиялар құруға мүмкіндіктері жоқ болатын. Олардың мүддесін ара-тұра билеуші топтың алдыңғы қатарлы мүшелері қорғады. Қазіргі біздің түсінігіміздегідей саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі және жүзеге асырылу ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу аясын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы тобының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентте өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларда құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар қосылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленіседі. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізгі субъектісіне айналды. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия бола қалған жоқ. Оның ұзақ тарихы бар. Мысалы, немістің көрнекті саясаттанушы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер; 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден ерекшелігі – олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. Олардың тұрақты идеологиялық байланыстары мен ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік туғызды. Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысты. өз қатарына барынша көбірек адамдарды тартты. өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушылық, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.с.с. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды. Дегенмен, көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар либералдық (виги) және консервативтік (тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партияларының көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты. Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 жылы Англияда либералдық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф.Лассальдың басшылығымен) құрылды. XIXғ. аяғына қарай Батыс Еуропа елдерінде түгелге жақын көпшілік партиялар пайда болды. Мұндай партиялар басқа континенттерде де құрыла бастады. Тәуелсіздік жолындағы (1775-1783жж.) болған соғыстан кейін ХVІІІ ғасырдың 80-жылдарының аяғы мен 90-жылдардың басында АҚШ-та федералшылар және республикашылар партиялары өмірге келді. Бұдан кейінірек бұқаралық саяси партиялар ХІХ ғасырдың екінші жартысында Еуропада құрыла бастады. 1831 жылы Ұлыбританияда құрылған либералдық (Реформ клаб-виги) партия - тұңғыш бұқаралық саяси партия болды. 1847жылы косервативтік (Карлтон клаб-тори) партия, 1832 жылы Италияда республикалық, 1847жылы Швейцарияда - радикалды – демократиялық партия құрылды. Сонымен қатар мұндай партиялардың дамуына жұмысшы қозғалысы да зор әсер етті. Жұмысшылардың өзіндік жарғысы, кең тараған жергілікті ұйымдары бар, жазба түрде мүшелік жарна төлейтін, мерзімімен съездер өткізетін партиялары ұйымдасады. Бірінші көпшілік жұмысшы партиясы болып 1863 жылы Жалпы Германияның Жұмысшы Одағы (Ф.Лассальдың басшылығымен) құрылды. 1854 жылы Канадада прогресшіл – консервативтік партиялар өмірге келген еді. ХІХғасырдың соңына қарай Батыс Еуропа елдерінің көпшілігінде бұқаралық (негізінен социал-демократиялық) партиялар құрылды. Қазіргі кезде саяси партияларға қоғамды ұйымдастырудың саяси түрі ретінде оның қалыптасу эволюциясына, дүние жүзілік тәжірибесіне көңіл аударудың маңызы зор және оған қажеттілік туып отыр. Себебі, саяси партия өзінің үш-төрт ғасырлық өміріне қарамастан адамзат өркениетінің ең негізгі жетістіктерінің бірі болып есептелетін институт. Екіншіден, кез келген қоғамда қоғамдық өмірінің негізгі жақтарының бірі-саясат. Ал саясат-мемлекеттік билік мәселесі бойынша әр түрлі қоғамдық күштер өзара қарым-қатынас жасайтын орталық. Ол қоғамдық күштер міндетті түрде белгілі бір топтың, таптың мүддесін қорғап отырады да, сонымен бірге, олар саяси қатынастың алғашқы қатысушылары болып есептеледі. Сол әлеуметтік мүдденің ортақ болуынан пайда болған қоғамдық күштер ең алдымен өздерінің ұйымын құрады, ол ұйымдар көп жағдайда саяси партия болып құралады. Саяси партияның пайда болып қалыптасуы, қоғамның тапқа бөлініп күресінің өріс алуына, әсіресе саяси өкімет үшін таластың шиеленісуіне байланысты. «Таптардың бөлінуіне негізделген қоғамда бір-біріне жау таптардың арасындағы күрес өзінің белгілі бір даму деңгейінде сөзсіз күреске айналады. Таптардың саяси күресінің ең тұтасталған, толыққан және қалыптасқан көрінісі-партиялардың күресі болып табылады»-деген болатын Ленин. Сонымен саяси партияның өмірге келуі таптың саналы өкілдерінің таптық міндетті танып білуінен және белгілі бір идеология, саяси бағдарлама түрінде көрініс табуынан көрінеді.

«Партия» термині латын тілінен алынған, қандай да бір тұтастықтың бөлігі, ірі қауымдастықтың бөлігі деген мағынаны білдіреді. Саяси партияларға қатысты болғанда сөз қоғамның қандай да бір тобының мүддесін меже тұтатын, барынша ұтымды ұйымдастырылған әрі белсенді бөлігі туралы өрбиді.

Қазіргі заманғы саяси партиялардың ең жалпы көріністегі, саяси ғылымдарда айтарлықтай кең тараған анықтамасы мынау болып табылады: «Саяси партия – бұл қоғам бөлігінің мүдделерін білдіретін және олардың артикуляциялануы мен жүзеге асырылуын өздерінің міндеті санайтын, мемлекет жүйесінде әрекет ететін ұйым. Партия осы мүдде негізінде саяси билікті жеңіп алу және жүзеге асыру үшін күрес жолына түседі».

Саяси партиялардың генезисі көне дәуірлерден бастау алады десек те, олардың саяси қозғалыстардың институционалдану деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленетін айрықша шынайы тарихы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың бастапқы кезеңіне сәйкес келеді. Қазіргі замандағы бұқаралық партиялар Европада XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасты.

М. Вебер саяси партиялар тарихы кезеңдерінің төмендегідей классификациясын ұсынды:

1) аристократиялық котерийлер (үйірмелер);

2) саяси клубтар;

3) бұқаралық партиялар.

Алайда, барлық кезеңдерден өту міндетті емес. Көпшілігі бұқаралық партиялар ретінде бірден құрылды. Осыған орай, мәселен, А. Боднар котерий және клубтар кезеңдерін кемелденген кезінде бар болғаны бұқаралық ұйым ретінде көрініс беретін саяси партиялар тарихының бастауы деп есептеуді ұсынады. Дамудың барлық кезеңдерінің классикалық формаларынан ағылшынның либералдық (виги) және консервативтік (тори)2 партиялары өтті.

Қазіргі заман үлгісіндегі саяси партиялардың құрылуы ХХ ғасырдың басына сәйкес келеді. М. Дюверженің пікірінше, партиялардың тарихы парламенттік бірлестіктер мен сайлау

комитеттерінің пайда болуымен байланысты. Француз ғалымының айтуынша, саяси топтардың, ал жекелеген жағдайларда партиялардың шоғырлану арқылы бұрынғыдан да қуатты одақтар құру мүмкіндіктері бар. Түрлі топтардың бірігуі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен орын алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет