Жаңа дәуірдегі Д. классикалық теориясы да антикалық идеялардан бастау алды. Бірақ оның өзіндік ерекшеліктері бар. Оның өзгешілігі ең алдымен барлық адамдар тең, бәрі де саяси шешімдерді қабылдауға қатысу керек деген тезиске байланысты. Оны «қоғамдық келісім» еңбегінде Ж.Ж.Руссо жан-жақтан қарастырады.
Бұл тұжырымдама XIX ғ. дейін басымдық етті. Классикалық философияның негізін салушылар ортақ игілік идеясын барлық адамдар үшін жоғары бақытқа, игілікке жету деп түсінді. Бірақ Руссо да, басқалар да адамның ұтымды, баянды (рационалды) жағын асыра бағалады. Олар қарапайым адамдардың кәсіби саясаткерлер тарапынан етілетін айла-шарғыларына, құлықтарына оңай түсіп қалатындарын, азаматтардың күнделікті өмірне тікелей байланысты емес өзгерістерге немқұрайлықпен, селқос қарайтынын ескермеді. Иозеф Шумпетер (1883-1950) бұл жөнінде өзінің «шумпетерлік» теориясын жасады. Оның ойынша, жалпы ықтиярлық, тілек барлық халықтың еркімен қалыптаспайды, оны жасайтын соған мүдделі кәсіби топтар.***** Демек, Д. Ешқашан халықтың басқаруы емес. Халық тек белгілі бір арадағы институтты сайлайды.